Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 ҚР-дағы білім беру жүйесі 4
1.1 Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру 7
1.2 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдармаларлар мен шаралар 11
1.3 Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану 14
1.4 Білімді жастардың болашағы – жоғарғы өрлететін жол 20
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер 24
Кіріспе
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.
1 ҚР-дағы білім беру жүйесі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ал, Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7%) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1 кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектеп алды бағдарламамен қамтылуға тиіс.
1 кесте. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
1 диаграмма. Балалардың мектепалды дайындықпен және мектепке дейінгі оқытумен қамту көрсеткіштері
1.1 Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру
Жақында ғана еліміз алғашқы мүше жасын атап өтті. Бірнеше жылдар бойы аңсаған егемендікке қолымыз жетіп, бүгінгі ұрпаққа оның қиындығы мен қуанышын көру бұйырған. Сонымен қатар мемлекетіміздің жеке отау болып, іргетасын қалап, алаулаған жалауын көтеру мен бірге, сол туды құлатпай, бүкіл әлемге паш етіп, дамыған елдер алдында бас имей, ғасырлар бойы әрбір шаршы метр жерін шоқпарымен қорғаған ата-бабалар аруағына кір келтірмей, елімізді алға апарар ұрпақ өсіріп, тәрбиелеу міндеті қоса жүктеліп отыр.
Атам қазақ «ел болам десең, бесігіңді түзе» деген екен. Ендеше сол келешегіміз, егемендігіміздің болашақ қорғаны, халқымыздың көш бастар серкелі – жастарымыздың бүгінгі күніне бір үңіліп көрейікші. Бұл жағдай сұрасаң, мен оны айтсам, сен де жылайсың, мен де жылаймын дегендей. «Ауруын жасырған өледі» демекші, ащы да болса шындыққа бойлап, ой салып сараптап көрелік, біздің елде білім беру дәрежесі төмен десек те қателеспейміз. Оған бізде бірнеше себептер бар соның бірі қаржыландыру мәселесі. Әрине, қаражат мәселесін министірлік ұсынысымен Үкімет шешуі тиіс. Менің жеке ойым, сол министрлікте тиісті бағдарлама жасалынып есептеп, талдау жасап отырған мамандар жоқ сияқты. Себебі, қарапайым есеппен, Үкімет басшысына, Мәжіліске мәселе қойып шықса, сол жердегі жауапты басшылар мен депутатардың барлығының отбасы, балалары бар, ешқайсысы қарсы болмас деп ойлаймын.
1.2 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдармаларлар мен шаралар
Нұрсылтан Әбішұлы халыққа арнаған биылғы үндеуінде әлемдік білім кеңестігінің көш басында жүрген академиялық институттар мен ғылыми орталықтырды Қзақстанғы тарту үшін алғы шарттар жасау қажеттілігіне айрықша тоқталды. Бұл талап еліміздегі білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы мен үндес. Осыдан – ақ Президент саясатының білім беру жүйесін ілгерілетудегі бірізділігін аңғару қиын емес. Өйткені ол былтырғы жолдауында да осы мәселеге айрықша көңіл бөлген еді. Жаңа сапаға жетелеген талап үдесінен шығу үшін Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі кең ауқымды ізденіс жұмыстарын жүргізіп келеді.
1.3 Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану
Нарықтық экономика заңдылықтары елімізде терең тамырланған кезінде қазақстандық жастар алдында сапалы білім алу мәселесі өткір тұр. ҚР жас азаматтарының кәсіби оқу процесін 2000 жылғы деректерге қарағанда 722 оқу орны жүзеге асырылып отыр.
Жоғарғы оқу орны 1995-2000 жыл арасындағы салыстырмалы өзгеріс саны 51-ге көбейді. Ал тек мемлекеттік ЖОО-да дәріс алатындар саны 99535 адамды құрайды. Статистика мәліметтері жоғарғы білімді адамдардың анағұрлым көбейгендігін көрсетеді. 1999-2000 оқу жылының өзінде ақ ҚР жоғарғы білім инфрақұрылымы 55445 маманды даярлап, олардың саны алдыңғы оқу жылымен салыстарғанды 3675 адамға өскенін байқатты, бірақта, «саны да сапасы жоқ» деп айтпақшы, жылдан жылға жоғарғы білімге ие адамдар санының өсуі сол адамдардың жоғарғы білім ұяларында алған білім сапасына күмән тудырады.
Жастардың алдындағы аса маңызды сын таңдау еді. Сондықтан да мемлекетіміздің жастары келешегін ойлап, қандай мамандыққа артықшылығын беретінін «Қазақстан жастары 2000: жағдай, тенденсиялары , болашағы» атты ҚР-ның Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің мемлкеттік баяндамасында айтылған. Әлеуметтік сауалнама нәтижесінен көруге болады.
Бұл жайттар қанша уақытқа дейін жалғаспақ бұндай мәселелерді шешуге, олардың алдын алу шаралары неге өзінің оң нәтижелерін бермеуде? Осы сияқты риторикалық сұрақтар әлі біраз уақыт бойы өз өзектілігін сақтап қалатын секілді.
2 диаграмма. Жастардың мамандық таңдау деңгейі (сұраққа жауап бергендердің саны % көлемінде)
1.4 Білімді жастардың болашағы – жоғарғы өрлететін жол
Кез келген жас өркен жоғарыға өркендеу үшін оның фундаментальді тірегі болу керек, біздің заманымызда сол фундамент бастауы білім алу болып келеді. Білімді жас елін көркейтеді, туын желбіретеді, деңгейі мен даңқын көтереді. Ал нақты көрсеткіштерге сүйенетін болсақ бізде білім беру мәселесі мен білім алу мәселесі ақсаңдауда болып келеді.
Біздің жастардың жоғарғы оқу орнын бітіріп , белгілі маман иесі болғаны қандай дәрежеде екенін талдап өтелік.
Қорытынды
Сонымен жоғарыда айтылғанды қорыта келетін болсақ, ҚР білім беру көрсеткіштерінің деңгейі төмен деңгейде десек те болады. Өйткені бізді білім беру саласындағы құрал жабдықтар жетіспеуі, қаржы қаражаттың өз орнына дұрыс жеткізілмеуі, сонымен қатар дамыған елдердегідей компьютер желісінің бізде аз қолдануы бізді осындай қиыншылықтар мен ақсаңдауға алып келіп отыр, дегенмен де бұл проблемелерды жою үшін біздің елде бірнеше қатарлы бағдарламалар мен шаралар қолдануда.
Біз келешекте сол алдыға қойған мақсаттарға жетіп, қиыншылықтар мен кемшіліктерді жоямыз деген сенімдеміз.
Қолданылған әдебиеттер
1. «Жастар болашағы маңызды мәселелердің бірі»; Ембергенов Қ.С. Қазақстан заман; 8 наурыз, 2002 жыл, 3 бет.
2. «Жастар құқығын қорғау»; Егеменді Қазақстан; 10 қаңтар, 2005 жыл, 7 бет.
3. «Білім беру деңгейінің көрсеткіштері»; Ембергенов Қ.С. Қазақстан заман; 22 ақпан, 2002 жыл, 6 бет.
4. «Білімді жастардың болашағы – жоғарыға өрлететін жол»; Орталық Қазақстан; 6 қаңтар, 1998 жыл, 2 бет.