Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы нарығы және делдалдар

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстанның қаржы нарығының даму стратегиясы

Жоспар
1 Қазақстан Республикасында қаржы нарығының негізгі бағыттары
2 Инвестициялық салымдарды ынталандыру
3 Қаржы нарығын дамытудың мемлекеттік қолдауы
Қолданылған әдебиеттер

ХХ ғасырдың 90-жылдарында қаржы нарығының әрбір сегментінің дамуы басқаларынан бөлек жүрді және өзіндік бағдарламалық құжаттармен реттелді. Құнды қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және банктік сектордың дамуының жекелеген бағдарламалары болды. Экономиканың қалыптасу кезеңінде мұндай әрекет тиімді және сенімді болды, өйткені қаржы нарығы сегменттерінің даму деңгейі едәуір ерекшелендіжәне олардың әртүрлі реттеу органдары болды.

Қор нарығының негізгі даму бағыттары болып табылатындар:
- инвестициялық және пайлық қорлардың пайда болуы мен қалыптасуына жағдай жасау;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының, КУПА, кастодиан-банктердің және сақтандыру компанияларының қызметін мемлекет тарапынан реттеу жүйесін жетілдіру;

Қаржы нарығының келесі дамуының негізгі бағыттары болып табылатындар:
- нарыққа жаңа қаржы құралдарын енгізу, бұл қаржы нарығының қатысушыларының қаражаттарын тиімді тартуға мүмкіндік береді және ең алдымен елдің индустриалдық саясаты шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін шығарылатын құнды қағаздарды, сондай-ақ тәуекелдерді хеджирлеу үшін туынды қаржылық құралдарды қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді;
- сәйкесінше қабылданған заңдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді либерализациялау бойынша шаралардың жүзеге асырылуын жеделдету;

Банктік сектордың жағдайы банктік қызметтер нарығының кеңеюімен сипатталады. Банктік қызметтер нарығының дамуы қор нарығының дамуымен тығыз байланысты. Ұлттық банк ҚР құнды қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясымен (ҚҚ ҰК) бірлесе отырып, ұйымдастырылған қор нарығында банктірдің акциялары және басқа да құнды қағаздардың айналымын активизациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. ҚҚ ҰК бірлесе отырып банк активтерінің секъюритизациялау механизмі дайындалған. Қор нарығының дамуына қарай Ұлттық банкпен корпоративті құнды қағаздармен банктердің қызметі кеңейтілген болатын. ҚҚ ҰК және Қазақстанның қаржыгерлері бірлестігімен бірлесе отырып, Ұлттық банк қаржы құралдарының жаңа типтерінің пайда болуына жағдай жасаған және жағдай жасайды, мұндай қаржы құралдарына өзара қорлар, хеджирлеу қорлары, ипотекалық қорлар, корпораттивті вексельдермен операцияларды жүргізуге өкілденген ұйымдар жатады.

Мемлекеттік реттеу үрдісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың қызмет етуінің шарттарының көп түрлілігімен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеуді; типтерге, түрлерге, нысандар мен әдістерге жіктеуді шектемеу өте маңызды.

Қолданылған әдебиеттер
Банки Казахстана №7-8 – 2000 г.
Рынок ценных бумаг Казахстана №4 апрель/2003г.
Финансы Казахстана 9-10/2000г.
Финансы Казахстана 5/2003г
"Финансы" Мельников В.Д., Ильясов К.К. Алматы-2001г.