Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру.
Жоспар
1 Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру 3
1.1 Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі 3
1.2 Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі 6
1.3 Құжат айналымы 8
Пайдаланылған әдебиеттер 15
1 Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
1.1 Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігі алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз.
Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.
Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттың тағайындалуымен анықталады.
Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер (реквизиттер ) болуы керек; құжаттың реттік номері, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының номері, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын және тағы басқалары.
Құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:
1.2 Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
Есептеу үдерісінде (процесінде) ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі: мақсаты бойынша (назначению) , құрастырылған орнына байланысты (месту составления), көрсету тәсілі (способу отражения) және операция мазмұнының көлемі ( объему содержание) бойынша.
Мақсаты бойынша құжаттар үкімдік (распроядительные), атқарушылық (оправдательные, исполнительные), бухгалтерлік толтыру (бухгалтерского оформления) және құрамдастырылған (комбинированные) болып бөлінеді. Үкім құжаттарын – шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы, жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық, тауарларды алуға берілген сенімхат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күш болады. Оған міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек.
1.3 Құжат айналымы
Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды: нормативтік - құқықтық, ұйымдастырушылық - әкімгерлік, ақпараттық – анықтамалық, есеп айырысу ақша құжаттары және басқа да алғашқы есептік құжаттар. Олар ұйымның шаруашылық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы құжат айналымының ұйымдастыруына байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдарда құжаттар бірнеше кезеңнен өтеді. Олар: жасалу немесе толтырылу, есепке алыну, тексерілу немесе өңделу, бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау, мұрағатқа өткізу және тағы да басқа кезеңдер. Сонымен құжат айналымы дегеніміз кәсіпорындардағы құжаттардың қозғалысы немесе басқаша түрде олардың жасалуынан (құрылуынан), яғни толтырылуынан бастап олардың қызметінің аяқталуы және мұрағатқа өткізілу кезеңін айтады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Алматы, Экономика 2006
2. Ә.Ә.Әбдіманақов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері» Алматы, Экономика 2006