Қазақ тілі - егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі
Жоспар
Кіріспе 3
1 Қазақ тілі - егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі 7
1.1 Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік мақсаттары мен міндеттері 7
1.2 Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы жай-күйін талдау 12
1.3 Жастар арасындағы білім беру және оқыту салаларында тілдік даму 14
1.4 Ғылыми қамтамасыз ету 17
Қорытынды 27
Әдебиет 32
Кіріспе
Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, жеке егемен ел болғалы он бес жылды еңсеріп қалдық. Тарихтың көне көзімен қарасақ, аса көп уақыт та емес, дегенмен де ел болып еңсе көтерген халық үшін аз да саналмайды. Аз ғана уақыт – 15 жыл өз тезінен көп дүниені өткізіп, өзгертті. Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында былай деген екен: «Тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері». Яғни, қоғамның дамып өзгеруі, мәдениетінің өркендеуі тіл деңгейімен таразыланады. Сондықтан да біз тілге баса назар аударуымыз қажет.
1 Қазақ тілі - егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі
1.1 Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңда көрініс тапқан, республикада лингвистикалық өрісті қалыптастырудың функционалдық принциптеріне сәйкес сараланған айқындама негізінде тіл құрылысын үш бағытта: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту бойынша жүзеге асыру орынды болмақ.
1.2 Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы жай-күйін талдау
1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң қабылданған сәттен бері және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 1998-2000 жылдар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы процестерінің одан әрі кеңеюі мен тереңдеуі үшін алғышарттар жасалды. Бұл мемлекеттік органдар, ұйымдар мен тұтас қоғамның үйлестірген, мақсатты күш-жігерінің нәтижесі болды.
Қазіргі уақытта елде тілдер қолданысының дамуын табысты іске асырудың құқықтық негіздері қалыптасты. Тіл құрылысының үрдістері қоғамда түсіністік пен қолдау тауып отыр.
1.3 Жастар арасындағы білім беру және оқыту салаларында тілдік даму
Тіл дамуын табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды шарттарының бірі қоғамдағы жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын тілдерді оқытудың толыққанды жүйесінің тұрақты қызмет етуін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады. Аталған жүйе түрлі деңгейлерде және әр түрлі нысандарда жүзеге асырылатын өзара байланысты сабақтас және мүмкіндігінше үздіксіз процесс болуға тиіс. Қазіргі уақытта Бұл саладағы негізгі назар жеткілікті көлемде лингвистикалық даярлықты жүзеге асырудың неғұрлым оңтайлы әрі табиғи жолы болып табылатын әр түрлі оқу және тәрбие мекемелеріне аударылып отыр. Талап етілетін білім мен дағдыны толық әрі терең игеру үшін қажетті үздіксіздік принципі оқытуды мектепке дейінгі тәрбие мекемесі - мектеп - жоғары (орта арнаулы) оқу орны классикалық схемасы бойынша құрған жағдайда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін
1.4 Ғылыми қамтамасыз ету
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру әлем тілдерін дамыту тәжірибесіне сәйкес жаңа әлеуметтік-мәдени және ғылыми болмыс аясында оның лексикалық және семантикалық тынысының мүмкіндіктерін кеңейтуді талап етеді. Аталған саладағы негізгі міндет, терминологиялық шығармашылықты қоса алғанда, жаңа лексикалық бірліктерді енгізу процестерін бірыңғайлау болып табылады. Терминологиялық жұмыстың негізгі принциптерін тұжырымдау қажет. Терминологиялық шығармашылық жоспарлы түрде жүзеге асырылатын қызмет жүйесінің бірыңғай принциптеріне сүйенген, орталықтандырылған ғылыми негізделген болуға тиіс.
Қорытынды
Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры да. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған.
Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерін кеңейту еліміз саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді. Мемлекеттік тілді дамыту Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта Қазақстан халықтары Ассамблеясы да өзінің стратегиясында мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің басты рөлі азаматтық және рухани мәдениеттің ортақтығы негізінде Қазақстанның барлық этностарының бірігуі жолында қазақстандық сәйкестіктің қалыптасуының басты міндеттерінің бірі болып табылатынын жариялады.