Индукциялық ой қорытындысы және олардың түрлері
Жоспар
1. Индукцияның логикалық мәні 3
2. Толык емес индукцияның түрлері 5
3. Бірге болып отыратын өзгерістер әдісі 11
Әдебиеттер 16
1 Индукцияның логикалық мәні
Дедукциялық ой қорытындысында қандай да бір жалпы пікірді дұрыс деп танығанда, біз қандай да бір жеке пікірді немесе жалпылығы кемірек пікірді тануға мәжбүр боламыз. Басқаша айтқанда, дедукция жалпыдан жекеге қарай жасалатын ой қорытындысы.
Ал индукциялық ой жалпы пікірді тануға көшеміз. Басқаша айтканда, индукциялық ойлау дегеніміз - ол арқылы біз қандай да болса бір жеке ретте немесе жекереттерде ақиқат болған нәрсе соларға ұқсас барлық реттерде де ақиқат болады деген қорытындысы. Сол себепті индукциялық ой қорытындысы шын ойқорытындысын бермейді, ол ықтималды ой қорытындысын береді.
Толық индукция қате болып шықпау үшін біз бір нәрсені, яғни сол нәрсеге немесе класқа кіретін мүшелердің барлығын толық көрсетуіміз керек. Егерде мен осы аптада жауын болды десем, онда дүйсенбіден бастап, жексенбі күнге дейінгі күндерді жеке-жеке айтып шығуым керек, сонда ғана бұндай ой қорытындысын толық индукция деп атаймыз. Толық индукцияны қолдануда мынандай ережелерді еске алу керек: ]) зерттейтін объект заттарының саны анық болуы керек; 2) осы класқа кіретін элементтердің қасиетгері бірдей болуы керек: 3) осы класқа кіретін элементтердің саны көп болмауы керек.
2. Толык емес индукцияның түрлері
Ивдукциялық ой қорытындысы, шынында да, толық емес индукция: біз ол арқылы, тек кейбір оқиғаларды ғана зерттеуден оқиғалардың класы жөнінде ойқорытындысын шығарамыз; кластың тек бір бөлігін ғана зерттеп, бүкіл класс жөнінде ой қорытындысы туралы ой түйіндейміз.
Толық емес индукция ой қорытындылардың дәлелдеу гәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді.
Ғылыми индукция нэрселердің кездейсоқ байланыстарымен емес, міңдетті түрде болатын байланыстарымен шарттас болуға тиіс. Аққудың жүнінік түсі мен онын табиғатының арасындағы байланыс міндетті түрде болатын байланыс емес. Егер біз аққулардың демалу процесін байқап "аққулар отгегімен демалады" десек, олтүрдегі байланысқа жатады.
Индукцияның табиғатын тексергенде, біз «мүмкіндік» деген түсінікке кеңіл бөлеміз. Ықтималды мүмкіндік әлі болмаған оқиға болғандықтан, біз оның екі түріне көңц бөлеміз: объективті ықтималдылық және субъективті ықтималдылық.
Мысалы, аэропортта жолаушыларды самолетке отырғызар алдында электромагнитпен және оған қоңырау қосқан бір бөлмеден өткізеді. Өтіп жатқан адамдардың біреуіне қоңырау соқса, онда ол адамның қалтасындағы темір-терсектерді алдырып тастап, екініпі рет өткізеді. Егер екінші рет қоңырау соқпаса, онда біріншіқоңыраудың себебі сол қалтадан шыққан темір заттар деп есептейміз.
3. Бірге болып отыратын өзгерістер әдісі
Егер алдымен келетін жағдай А, зерттелетін а мен қоса өзгеретін болса, ал қалған алдымен келетін жағдайлар В, С, Д, Е өзгермесе онда А-а-ның себебі болады депесептейміз. Мысалы, егер біз жылдамдықты екі есе өсірсек, онда жүретін жолдың үзындығы да екі есе өзгереді. Сондықтан жылдам жұру жолдың үзындығының себебі. S= V•t Қатгы заттардың үйкелуі жылулықтың себебі т-с...
Немесе басқаша айтқанда, егер алдыңғы А-ны шамалы өзгерткенде соңғы а-да да үнемі өзгеріс болып отыратын болса, ал басқа сощтылар в мен с бұрынғы күйіндеқалатын болса, немесе оған керісінше, егер а-ның әрбір өзгерісінің алдында А-да түр, өзгерісі болыл отырса, ол түр өзгерісі басқа алдыңғыларда байқалмаса, онда біздің а толығымен не жарым-жартылай А-ның әсері, немесе ең болмағанда, сонымен арасында себеп пен әрекет арасында болатын байланыс бар деген қорытынды шығаруымызға болады.
Ұқсату әдісінің ғылыми артықшылықтары туралы мына-ны ескерте кетуге болады. Үқсату арқылы жасалғай қорытындылар кейде тек сол дұрыс болуы ыктималдеген жорамал дәрежесінде ғана қалып қоады; ал кейде олар гипотезаларға негіз болып, фактілермен және қорытындылармен сипатталады, сондықтан ғылыми теорияға айналады. Сондықтан үқсату бойынша жасалған қорытындылардың ғылыми түрғыда өте бағалы болуы мүмкін, өйткені олар, былайша айтқанда, зерггеушінін назарын не нәрсеге аударуға тиіс екенін кврсетіп, алдынала бағыт сілтеуші ой жүйесі екені ап-айқын көрініп түр.