Капиталды халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу
Жоспар
1 Капиталды халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу 3
1.1 Капиталдың халықаралық қозғалысының қазіргі кездегі масштабтары және динамикасы 3
1.2 Капиталдың халықаралық қозғалысының формалары 7
1.3 Тікелей инвестициялардың себептері және құрамы 13
1.5 Портфелдік инвестициялаудың себептері мен түрлері 20
1.6 Қарыз капиталының халықаралық қозғалысы 23
Әдебиеттер 29
1 Капиталды халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу
1.1 Капиталдың халықаралық қозғалысының қазіргі кездегі масштабтары және динамикасы
Халықаралық капиталдар қозғалысы, оның елдер арасындағы белсенді миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды формасы мен бөлігі болып табылады.
Капиталды шетке шығару дүниежүзілік шаруашылықты тереңдете дамыту кезеңіндегі тауарды шетке шығару монополиясын жойды. Тауарды шетке шығаруды толықтыра және негіздей отырып, ол ХЭҚ жүйесінде анықтаушы қызметін атқара бастайды. ОЭСР бағасы бойынша, 80-жылдары (1983 жылдан) тікелей инвестициялардың орташа жылдық өсу қарқыны 34% тең болып, ол әлемдік сауда өсім қарқынынан 4 есе көп болды. 90-жылдар басындағы қысқа мерзімдік дағдарыстан кейін, ол қайтадан әлемдік сауда айналым өсімінен артық бола бастады.
1.2 Капиталдың халықаралық қозғалысының формалары
Инвестициялардың жаңа түрлерін дамытуда ірі фирмалар мен корпорациялар, әсіресе басқа елдер рыногына енудің стратегиясын тез ауыстыруға үйренген трансұлттық компаниялар маңызды орын алуда. Кей жағдайларда дәстүрлі тікелей инвестицияларды бөліктерге бөледі. Мысалға, капитал, технология, басқару тәжірибесі, осының бәрін импорттаушы елге бөлек элементтер есебінде береді. Бұл жабдықтаушы-фирмаларға екі жақты пайда әкеледі. Біріншіден, инвесторлар капитал салымдарының әрбір элементіне өзіне тиімді баға белгілеуге мүмкіндік алды. Екіншіден, технология және басқадай қызмет көрсету барысында түскен пайданы бас фирмаға аудару арқылы табысын көрсетпеуге мүмкіндік алады.
1.3 Тікелей инвестициялардың себептері және құрамы
Мақсатына байланысты кәсіпкерлік капитал салымдар тікелей және портфельді болып бөлінеді. Алғашқылары, ұзақ мерзімдегі мүддеге байланысты болып, меншік құқығы мен басқарудағы құқықтарына ие болуын қамтамасыз етеді. Көбінесе Шет елге дайын өнім өндіру үшін шетелдік инвестициялар түрінде өндіріс факторларының халықаралық ауысуы жүзеге асырылуда. Шетелдік инвестициялар шетелде меншікке иелену мен өз еліне қарағанда жоғарырақ пайда алу мақсатымен жүзеге асырылады. Капиталды шетке шығару арқылы елдер арасында тығыз экономикалық байланыстар қалыптасады. Сөйтіп, фирмалар үшін, экономикалық тұрғысынан қарастырғанда, бұл:
1.5 Портфелдік инвестициялаудың себептері мен түрлері
Портфельді инвестиция деп - шетел кәсіпорынына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін, акциялар, облигациялар және капитал салымдарының басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар ережелеріне сәйкес ала алады.
Портфельді инвестициялар - ірі корпорация, орталық және жеке меншік банктер шығаратын қарыз облигацияларын, шетел капиталын тарту арқылы қаржыландырудың маңызды көзі. Шетелдік портфельді инвестицияларды жүзеге асыруда делдалдық қызметті ірі инвестициялық банктер жүргізеді.
Портфельді инвестициялар қозғалысына жекелеген елдердегі Облигацияға төленетін пайыз мөлшерінің нормасындағы айырмашылық қатты әсер етеді.
1.6 Қарыз капиталының халықаралық қозғалысы
Елдер арасындағы ақша капиталының миграциясы әлемдік қарыз капиталы рыногының механизмі арқылы жүзеге асырылады. Бұл рынок әр түрлі елдердің қарыз берушілер мен қарыз алушыларының қарыз капиталына деген жиынтық сұраныс пен ұсыныстан тұрады. Оның негізгі функционалды мақсаты - әлемдік деңгейде қаржы ресурстарын жинақтау мен оны бөлу.
Қарыз капиталы несиелерді ақшалай немесе тауарлы түрде, шетелден жоғары пайыз алу мақсатында беру. Әлемдік қарыз капиталының рыногын қалыптастыру дүнтижүзілік шаруашылық кешенінің негізі болып табылады.
Әдебиеттер
1. Киреев А.П. Международная экономика: В 2 ч.: Ч. 1: Международная микроэкономика: движение товаров и факторов производства. Учеб. пособие. М.: Междунар. отношения, 1997, 416 с.
2. Киреев А.П. Международная экономика: В 2 ч.: Международная макроэкономика: открытая макроэкономика и макроэкономическое программирование. Учеб. пособие. М.: Междунар. отношения, 1999. 488 с.