Жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау және емдеу
Мазмұны
Кіріспе 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 9
1.1 Зерттеу материалдары және әдістемелері 9
1.2 Зерттеу жұмыстары ЖШС «РАХАТ» шаруашылығының асыл тұқымды жылқыларының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының дамуын тексердік 16
1.3 Жылқының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының емін жетілдіру 23
1.4 Экономикалық тиімділікті есептеу 29
1.5 Нәтижелерді қорытындылау және бағалау 31
1.6 Болашақ бағыт туралы ұсыныстар 32
Қорытынды 33
Әдебиет тізімі 34
Реферат 35
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда жылқы шаруашылықтары даму барысында. Өйткені жылқы шаруашылықтарының жақсы экономикалық тиімділігі бар.
Қазіргі уақытта жылқы шаруашылықтары екі жақта дамып жатыр:
• спортқа қолданатын жылқыларды өсіру;
• өнімдер ( ет, қазы, қарта, шұжық ) алатын жылқылардың басын көбейту.
Келесі жағдай шет мемлекеттерде айтылған жылқы өнімдеріне сұраныс бар.
Осыған орай шет мемлекеттерге шығарылатын өнімдер инфекциялық жұқпалы немесе хирургиялық аурулардан таза және сапалы болуы керек.
Біздің негізгі объектіміз спорт жылқылары. Спорт жылқылары шаруашылықтары Қазақстанда даму барысында. қазіргі уақытта көптеген аурулардың арасында спорт жылқыларында аяқ бақай буынының қабынуы – тендинит, немесе тендовагинит жиі кездеседі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттеу жұмыстарының бағыты Қазақстанның халық аралық ұйымына кіруіне байланысты және ғылымдардың дамуына, мал өнімдерін, түрлі жануарларды сатуға дайындау барысында, олардың сапасын көтеру қажет.
Соңғы кездерде шет мемлекеттерде және ТМД елдерінде ұсақ және ірі жануарлардың ауруларын анықтау барысында рентген тәсілімен бірге ультрадыбыс әдісі қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі ол ұлпадағы патогендік өзгерістерді ертерек анықтауға жағдай тудырады және уақытында сапалы дәрігерлік көмек жасауды талап етеді. Айтылған әдісті Қазақстанның жылқы шаруашылықтарында аяқ ауруларын анықтау, жетілдіру және енгізу өте қажет.
1.1 Зерттеу материалдары және әдістемелері
Жылқылардың аяқтарының ауруларын анықтау барысында ультрадыбыс қолдану ережелері, рентген, клиникалық зерттеу тәсілдері пайдаланды. Осы жылқылардың аяқ ауруларын түрлі тәсілдермен анықтауын жалпы клиникалық белгілерімен салыстырылды. Анықтау барысында тәжірибелік және бақылау топтары құрылды. Зерттеу топтары белгілі әдістермен анықталады, ал бақылау тобы клиникалық белгілеріне байланысты анықталады. Олардың анықтау уақыт мерзімдері салыстырылды. Зерттеу жұмыстарын бастау алдында біз жылқылардың түрлі аяқ ауруларына байланысты ғылыми әдебиеттерге шолу жасадық.
1.4 Экономикалық тиімділікті есептеу
Жылқының аяғының буындарының жарақаттары шаруашылықтарда жиі кездеседі. Көп малдардың басы бір орында ұстағанда, және зоогигиеналық тәртібінің бұзылуынан, спортивті сайыстардан (байгі, дерби) кейін ол жарақаттарға әкеліп соғады және аурудың асқынуына себеп етеді. Мысалы, хирургиялық инфекциясын дамуына.
Буынның патологиялық процесстің дамуына байланысты ауру малдың денесінде жалпы өзгерістер пайда болады.
Бұл жануардың өнімділігі, шаруашылық құндығы төмендеп кетеді. Бұлардың бәрі шаруашылыққа экономикалық шығын әкеледі.
Жылқының аяқ артритінен болатын экономикалық шығынды анықтау үшін біз бір топ ауру малды алдық. Бұнда, айтылған аурудың үш дәрежесі болды. Топта 36 бас жылқы болды. Эксперименттің орташа ұзақтылығы 35 күн болды.
Малдың шарасыз союдың экономикалық шығынын келесідегі формуламен анықтадық:
Қорытынды
Зерттеу жұмыстарын қорытындылап келіп біз келесідей ғылыми нәтижелерге жеттік:
1 Асыл тұқымды жылқылардың аяқ ауруларын анықтау барысында ультрадыбыс тәсілін рентгенмен, сипау, клиникалық зерттеу әдістерімен салыстырғанда оның тиімділігі анықталды.
2 Өзімдік зерттеулер бойынша ультрадыбыс тәсілінің тиімділіктері келесідей болды:
Реферат
Жұмыстың зерттеу мақсаты, ол жылқылардың аяғының тұсамыс буындарының контрактурасын зерттеу, анықтау, емдеу.
Зерттеу жұмыстарды «АО Рахат - палас» асыл тұқымды шаруашылығында жүргізілді. Арнаулы жұмыстарда 48 бас асыл тұқымды жылқылар пайдаланды.
Зерттеу барысында рентген «12П - 5» және ультрадыбыстық портативтік «EICKMEYER MAGIC 2000» УЗИ аппараттары мен бірге арнаулы 3,5 МГц R- 60 конвекстік, 80 элементтерден тұратын, 4 баспалдақты, көрсеткіштері жиі ауысатын ( 2,5/3,5/4,0/5,0 МГц ) датчиктері қолданылды.
Жұмыс нәтижесінде 2 клиникалық көрінісі, 8 рентген және 11 УЗИ суреттері, 4 кесте дайындалды.
Зерттеу жұмыстарында 47 ғылыми әдебиет қолданылды, оның ішінде 12 шетелдік.