Айналымнан тыс активтер
Жоспар
І. Айналымнан тыс активтер 5
1.1. Материалдық емес активтердің есебі 5
1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі 15
ІІ. Негізгі құралдар 16
2.1. Негізгі құралдар есебі 16
2.2. Негізгі құралдардың тозуы 23
2.3. Инвестиция есебі 26
Қорытынды 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 38
Кіріспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Айналымнан тыс активтер” болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 18.09.2002 ж. №438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шотының І-бөлімі «Айналымнан тыс активтер» деп аталады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста «Айналымнан тыс активтер» бөліміне жататын келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде «Материалдық емес активтер» және «Материалдық емес активтердің амортизациясы», екінші бөлімінде «Негізгі құралдар», «Негізгі құралдардың тозуы» және «Инвестициялар».
І. Айналымнан тыс активтер
1.1. Материалдық емес активтердің есебі
«Материалдық емес активтер» ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына) және «Материалдық емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес материалды емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субъектілергі жалға беруде, өндірісте және тауарларды өткізуе ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:
а) анықтауға болады;
ә) субъект бақылайды;
б) қолданудан субъект болашақта пайда алуды күтеді.
Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады, егер:
Бухгалтерияда әрбір объектіге карточка жүргізіледі. Форма кіріске алынуға арналған құжат, материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру және басқа құжаттама негізінде бір дана болып толтырылады. 8 графада бастапқы құжат пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп есептелген мөлшер (норма) бойынша ай сайын есептелетін амортизация сомасы көрсетіледі. «Материалдық емес актив объектілерінің қысқаша сипаттамасы» бөлігінде тек қана актив объектінің көрсеткіштері жазылады,ұйымда бар осы объектіге арналған техникалық құжаттама мәліметтерін көшіруге болмайды.
1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі
Материалдық емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталлу, тозу дәрежесніе қарай құнын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді түрде бөлінеді.
Амортизацияланатын құн – «бастапқы құн минус жойылу құны» болап айқынадалады.
Жойылу құны нөлге тең есептеледі, егер:
1. Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші
жақтың келісімі болмаса.
2. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін
белсенді нарық болмаса:
ІІ. Негізгі құралдар
2.1. Негізгі құралдар есебі
Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.
Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен , еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. «Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс «Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол – еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші», – деп жазған.
Кәсіпорын скерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға болады.
2.2. Негізгі құралдардың тозуы
Пайдалану процесінде негізгі құралдар өзінің бастапқы заттық формасын
сақтай отырып, біртіндеп тозады да, өз құнын жаңадан жасалатынөнімге аударады. Бухгалтерлік есептің “Негізгі құралдар есебі” стандартына сйәкес тозу – бұл негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральдық сипаттамаларынан айырылу процесі.
Негізгі құралдардың түр-түріне амортизацияны есептеудің түрлі тәсілдері қолданылады, негізгі құралдар объектілерінің физикалық тозуы – бұл пайдалану процесінде олардың бастапқы құнының бір бөлігінен айырылу , оған: қажалу, сыну, механизмдердің, детальдардың жекелеген бөлшектердің қирауы және сыртқы ортаның әсері салдарынан пайдалану сапасынан айырылуымен сипатталады.
Кесте №1
Негізгі құрадардың шығуы бойынша операциялардың шоттарда көрсетілуі
2.3. Инвестиция есебі
Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік,
олардың жіктелуі
Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құнын арттыру және осыған орай оны меншіктеушілердің әл-ауқатын көтеру) мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындары инвестиция деп ұғамыз.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
Қаржылық инвестиция есебі
Қаржылық инвестиция – бұл субъект табсы лау, инвестициялық капитал өсімін немесе басқадай пайда алу мақсатында иемденетін акивтер. Қаржылық инвестиция есебі 8 «Қаржылық инвестиция есебі» бухгалтерлік есеп стнадартымен реттемеленеді (регламентируются). Қаржылық инвестицияға сондай-ақ пайдалануға (эксплуатацияға) жатпайтын жылыжмайтын мүліктің де қатысы бар.
Сатып алған сәтке дейінгі кезең үшін есептелетін проценті де қосылатын құн бойынша қаржылық инвестицияны сатып алу есепте сатып алушының сатушыға процентпен төленген көлемге кемітілген сату құны бойынша көрінеді. Құнды қағаздардағы инвестицияны жабу құны арасныдағы айырмашылықты (жеңілдік немесе сатып алу барысныда пайда болған сыйлықақы) инвестор оны иеленген кезең ішінде өтейді (амортизациялайды).
Қаржылық инвестиция мыналарға жіктеледі:
Қорытынды
Қорытындылай келгенде, материалдық емес активтер – бұл интеллектуалды меншік объектілерінің шартты құны жер, су, табиғат ресурстарын пайдалану құқықтары. Олардың ерекшелігі бұл активтердің өз маңызына сәйкес табиғи заттай үлгісі болмауы мен ұзақ мерзім бойы пайдалануынан туындайды. Материалдық емес активтерге өндірістік үлгі түрлеріне құқықтай тауар белгілері авторлық құқықтар табиғи ресуртарды пайдалану құқықтары тауарлы шикізат пен қорлар биржаларындағы орындар гудвилл кәсіпорынды құрумен байланысты ұйымдастыру шығындары жатады. Материалдық емес активтердің соңғы түрлерінің ерекшелігі – кәсіпорынның құрылтай құжаттарында шығыстар белгіленген сомада қатысушының салымы ретінде жазып қойылуы тиіс болғандықтан, ай сайын материалдық емес активтерге бастапқы құны мен тиімді пайдалану мерзіміне негізделіп есептелген нормалар бойынша амортизация есептеледі. Егер ол белгілі болмаса онда ол онжылдық мерзімге негізделуі мүмкін. Жарғылық қорға құрылтайшының салымы болатын материалдық емес активтердің құны мен тиімді пайдалану мерзімі құрылтай құжаттарында жазылуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» - Алматы, «Экономика» 2005
2. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.
3. Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж.
4. Ертісбаев Е.Қ. «Сауда кәсіпорынның экономикасы» - Қарағанды, 2003ж.
5. К.Ә. Китебаева «Бухгалтерлік есеп принциптері» - Қарағанды 2002ж.
6. Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004
7. «Бухгалтер бюллетені» журналы, №3-4, қаңтар 2005ж., «БИКО» баспа үйі
8. «Нормативные акты» - №12 (192),»Қаржы-қаражат», 2003
9. «Библиотека бухгалтера и предпринимателя» - №7 (156), шілде 2003ж., «БИКО» баспа үйі