Шаруашылық әрекеттің әр түрлілігінде мониторингті ұйымдастырудың ерекшеліктері
Жоспар
1 Шаруашылық әрекеттің әр түрлілігінде мониторингті ұйымдастырудың ерекшеліктері 3
1.1 Өндірістік мониторинг бағдарламасы 3
1.1.1 Өндірістің атмосфералық ауа мониторингі 4
1.1.2 Су ресурстарының мониторингі 4
1.1.3 Жер ресурстарының мониторингі 4
1.2 Мұнайды қайта өңдеуші зауыт пен ферроқорытпа зауытының мониторингі 5
Әдебиеттер 6
1 Шаруашылық әрекеттің әр түрлілігінде мониторингті ұйымдастырудың ерекшеліктері
1.1 Өндірістік мониторинг бағдарламасы
Осы тақырып бойынша мысал ретінде «Алюминий Казахстан» АҚ өндірістік бірлестігін қарастырайық.
Павлодар Алюминий зауытында Орталық Қазақстанда (Краснооктябрь мен Торғай көздері) пайда болған төмен сапалы бокситтердің өңделуі жүргізіледі. ПАЗ негізгі түрі болып алюминий өндірі үшін шикізат қызметін атқаратын металлургиялық саз балшық табылады. Саз балшық ерітіндісін өңдеу барысында металлдық галлийді алады. Сонымен бірге, суды тазартудың реагенті – алюминий сульфатының өндірісі жақсартылған.
Зауытта атмосфераға зиянды заттардың тасталым көздері болып табылады:
1.1.1 Өндірістің атмосфералық ауа мониторингі
Зауыттың территориясында және санитарлы-қорғалған аймағында атмосфералық ауаның жағдайын бақылау орталық зауыттық зертхананың құрылымына кіретін еңбекті қорғау лабораториясымен іске асырылады. Ауа ортасының жағдайын бақылау қадағалаудың графигіне сәйкес асырылады.
1.1.2 Су ресурстарының мониторингі
«Алюминий Казахстана» АҚ ағызынсыз сұлба бойынша жұмыс істейді. Өнеркәсіптік ағызындылар өзінің су айналымын суландыру үшін қолданылады. Шаруашылық ағызындыларды өткізу қалалық тазарту үймереттерінің иелігінде. Кәсіпорынның ағызынды сулардың құрамында мұнайөнімдердің және рН болуына талдауы айына 1 рет орталық химиялық лабораторияның «Қалалықсуканал» лабораториясымен бірге өткізіледі.
1.2 Мұнайды қайта өңдеуші зауыт пен ферроқорытпа зауытының мониторингі
Студенттерге мұнайды қайта өңдеуші зауыт пен ферроқорытпа зауытының өндірістік мониторингін зерттеуге және бағдарламаларын өздік зерттеуге, сонымен қатар олардың Павлодар қаласының қоршаған орта жағдайына әсер етуін анықтауға ұсынылады. Жұмысты есеп-қисап түрінде орындау.
Әдебиеттер
1 Белов С. В. Охрана окружающей среды. – М. : Высшая школа, 1991. – 320 с.
2 Бурлибаев М. Ж., Волчек А. А. Гидрометрические измерения и гидрометрические расчеты для водохозяйственных целей. – Алматы, 2001. – 254 с.
3 Виноградов Б. В. Проблемы мониторинга окружающей среды. – Геодезия и картография, 1991. – № 4, 157 с.