Константин Фимич Шувалов (қазақша)
1912 жылы Павлодар қаласында дүниеге келеді. Украин, КОКП мүшесі. Қызыл Армия қатарына Соликамск қалалық военкаматымен шақырылады. Майданға 1943 жылдың 27 наурызынан қатысады.
Батальон жауынгерлері жауды траншеядан қуып шығып, басып алған плацдармға өздері бекінді. Парторг коммунистермен, комсомолдармен, партияда жоқ әскерилермен пікірлесіп алған еді. Алдағы тұрған қиындықтарды мойымай, уақытты босқа өткізбей су шебтеріне шабуыл жасауға ұйғарды.
Днепрді азат етудегі ержүректігі мен қайсарлығына КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша 1944 жылдың 15 қаңтарында Константин Фимич Шуваловқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Соғыстан кейін Константин Фимич Шувалов Дондағы-Ростовта өмір сүріп, әскери кадр қызметінде жұмыс атқарды.