Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 34 стр.

Полный просмотр работы

Лизингтік операциялар есебі

Жоспар
Кіріспе 3
Бөлім 1. Лизинг туралы жалпы түсінік 4
1.1 Лизингтің шығу тегі, пайда болуы 4
1.2 Лизингтің негізгі түрлері 5
Бөлім 2. ҚР лизинг бизнесі 9
2.1 Лизингтік операциялар есебі 9
2.2 Лизингтік келісімшарт 22
Бөлім 3. ҚР лизингтің сыртқы жағдайы 23
3.1 ҚР лизингтің даму жолдары 23
3.2 Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері 23
3.3 Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері 30
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер 34

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Лизингтік операциялар есебі». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:

Бөлім 1. Лизинг туралы жалпы түсінік
1.1 Лизингтің шығу тегі, пайда болуы
Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

1.2 Лизингтің негізгі түрлері
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Бөлім 2. ҚР лизинг бизнесі
2.1 Лизингтік операциялар есебі
Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.
Лизинг келісім жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына уақытша пайдалануға және ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.
Лизинг берушінің лизинг затын сатушыдан алу және лизинг келісімінің шартына сәйкес жолдау:

ә) Лизинг затын алу, жеткізу және оны лизинг келісімін жасау кезіндегі баға бойынша лизинг лизинг келісіміне сәйкес мақсатында қолдану үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қапына келтіру бойынша:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»
1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».
Лизинг алушы сыйақы бойынша төлемдерді, сондай – ақ қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасы кешіктірілгенде, келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

2.2 Лизингтік келісімшарт
Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция.Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады:
1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында;
2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында;
3) лизинг алушы мен банк арасында.
Әдетте мәмілеге келу алдында клиентті толық талдаудан өткізеді.Лизингте ең маңыздысы,бұл келісімшарт соңында құрал-жабдыұтың белгілі бір қалдық құнының қалуы.Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен,ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:

Бөлім 3. ҚР лизингтің сыртқы жағдайы
3.1 ҚР лизингтің даму жолдары
Кәсіпкер өзіне қажетті құрылғыларды лизингке алу үшін келесідей екі жағдайда шешім қабылдауы мүмкін: біріншіден, егер құрылғыларды лизингтік банкке алу банктік несие есебінен сатып алуға қарағанда неғұрлым тиімді болса, ал екіншіден, кәсіпкердің банктен несие алу үшін несиелік тарихы болмаса. Осы жерде лизингтік компаниялардың жеткілікті түрде несиелік тарихы жоқ және соған сәйкес банк несие беруден бас тартатын клиенттермен қосымша тәуекелділіктерге бара отырып жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бар екендігі көрінеді. Бұл жағдай лизингтік бизнестің бір ерекшелігін көрсетеді.

3.2 Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері
Лизингтік қызметтер нарығы сегментердің бір белгісі ретінде лизингтік келісімдердің алынуына оның осы сегменттегі сұраныс ерекшеліктерін анықтайтындығы, ал екінші белгі ретінде лизингке алушылардың алынуына, олардың сұраныстарының сипатын анықтайтындығы әсер етті.
Енді, осы суретте көрсетілген лизингке алушы тұлғалардың әрбір типіне неғұрлым толығырақ сипаттама берейік.

3.3 Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:
Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы
банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді).

Қорытынды
Қорыта айтқанда, лизингтік компаниялардың қосымша қызметтер атқаруын дамытумеханизмі арқылы біз лизингтік қатынастарды жетілдіруге ешқандай ерекше жаңалық енгізген жоқпыз. Бірақ біз лизингті өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары қаржыландыру құралы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін ерекшеліктердің бірі ретінде лизингтік келісімді бекіту үшін лизингтік компаниядан басталу керектігін құптаймыз.Себебі,бұл жағдай лизингтік қызметтің осы сегментін дамытуға кедергі жасайтын негізгі мәселені шешуге көмектеседі.