Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Психология

Тип: Баяндама

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Жәбірленушінің психологиясы

Жоспар
1. Жәбірленушіге психологиялық сипаттама. 3
2. Қылмыстың жәбірленуші тұлғасына және оның көрсетулерінің қалыптасуына әсер етуінің психологиялық аспектілері 5
3. Жәбірленуші тұлғасын зерттеу 8
Негізгі әдебиеттер 10

1. Жәбірленушіге психологиялық сипаттама.
Қылмыстарды объективті, толық және жан-жақты тергеу, қылмыс оқиғасы туралы дұрыс ақпарат алу мақсатында тергеуші тиімді коммуникативтік қызметті жүзеге асыруы тиіс. Іске қатысушы тұлғалардың берген көрсетулері, егер олар сенімді және адекватты болса, қылмыстық істі шешуге көмектесетін дәлелдеме болып табылады. Ал дәлелдемелік ақпаратты алуды дұрыс ұйымдастыру үшін іске қатысушы тұлғалардың, оның ішінде жеке дәлелдемелер ретінде қолданылуы мүмкін жәбірленуші мен куәнің психологиялық жағдайынан хабардар болу керек.

2. Қылмыстың жәбірленуші тұлғасына және оның көрсетулерінің қалыптасуына әсер етуінің психологиялық аспектілері
Жәбірленушінің психикалық күйзелістері, әсіресе, егер қылмыстық әрекеттің ықпалы тұлғаның өміріне, денсаулығына, және қадір-қасиетіне қарсы бағытталған болса, эмоционалдық тереңдігімен, ерекше өткірлігімен сипатталады және қалыптасу шарттары бойынша олар куәлардың психикалық жағдайынан ажыратылады.
Куәлар, әдетте, қылмысты сырттай бақылайды және олардың ішкі дүниесінде пайда болған сезімдер өзге бір адамға қатысты қылмыс жасаудан туындайды. Ал жәбірленуші болса, қылмыстық әрекеттің әсерін тікелей өзі қабылдайды. Куәларға қарағанда, қолсұғу іске асырылған сәтте ақпаратты есте сақтау кезіндегі жәбірленушінің психологиялық жағдайына сол болған оқиғаны уайымдаудың тигізетін ықпалы зор.

3. Жәбірленуші тұлғасын зерттеу
Қылмыскердің әрекеттері, қылмыстық іс-әрекеттің зардартары көп жағдайда жәбірленушінің бойында қозу, қорқу сезімдерін, ауыр депрессияға ұшырауды, ашу-ыза, уайым-қайғы, т.б. жай-күйлерді тудырады. Осы ерекшеліктерді ескермей, оларға дұрыс психологиялық анализ жасамай, жәбірленушідегі стрестік жағдайды бәсеңдетпей, оның көрсетулерінің толықтығы мен дұрыстығына қолжеткізу қиын.

Негізгі әдебиеттер
1. Васильев В.А. Юридическая психология. М.: "Юридическая литература" 1991
2. Глазырин Ф.В. Изучение личности обвиняемого и тактика следственных действий. Свердловск. СЮИ, 1973
3. Доспулов Г.Г. Психология допроса на предварительном следствии. М., 1976
4. Доспулов Г.Г., Мажитов Ш.М. Психология показаний свидетелей и потерпевших. Алма-Ата. 1975
5. Еникеев М.И. Общая и юридическая психология (в 2 частях). М. "Юридическая литература" 1996