Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: География

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 7 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы


Жоспар
1 Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы 3
1.1 Континенттер эволюциясы. Мобилизм теориясы. Литосфералық плиталар 4
1.2 Литосфералық плиталардың қозғалуы 7

1 Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы
Жердің затымен төмендегі негізгі үш түрлі ішкі процестер үнемі жүрген және қазір де орын алып отыр:
1. Біз атқылаған вулкандардан лава түрінде бақылайтын, балқыған тау жыныстарының (магмалардың), ыстық заттардың қозғалысы.
2. Біз жыныстардың жоғары, төмен немесе жан-жаққа қозғалыстары арқылы ой - қорытынды жасай алатын қатты жынытардың қозғалысы.
3. Жердің терең қабатында орналасқан жыныстардың аса жоғары қысым және температура әсерінен әртүрлі өзгерістерге ұшырауы (бір түрден екінші түрге айналуы).
Сыртқы үрдістер Жердің қозғалмалы екі қабаты - гидросфера мен атмосфераның әсерлерінен жүреді.

1.1 Континенттер эволюциясы. Мобилизм теориясы. Литосфералық плиталар
Жер қатты деген түсінік адамдардың санасында берік орын тепкен, сол себепті болар материктердің алып мұздар секілді ағып жүретінін және үнемі қозғалыста болатындығы түйсіну қарапайым сана үшін әлі де өте күрделі.
Дүние жүзінің географиялық картасына қарайтын болсақ, континеттердің жағалаулары үлкен су кеңістіктерімен қоршалғандығын және континенттерді бір біріне жақындатқанда жағалаулары дәлме – дәл келетінін байқауға болады. Шынымен де, жердің тарихының өте ертедегі кезеңдерінде бұл континенттер біртұтас болған деп айту да негізсіз емес. Кейінірек олар бөлініп, әлі күнге дейін Атлант мұхитын кеңейтіп жан-жаққа қарай жылжу үстінде.

1.2 Литосфералық плиталардың қозғалуы
Көнебайкалдык магмалық кезеңде (0.57-0.52 млрд жыл бұрын) Оңтүстік-Америкалық, Африко-Аравиялық, ндістан, Австралиялық және Антарктикалық платформалар оңтүстік суперконтинент – Гондвананы құрады, бұл кезде Европалық және Солтүстік-Америкалық платформалар теңіздермен шектелген болатын. Каледон тектоникалық-магмалық кезеңінде (0.46-0.41 млрд жыл бұрын) Евразия, Солтүстік Америка және Гренландия Гондванадан Палео-Тетис мұхиты арқылы бөлінген біртұтас суперконтинент - Лавразияны құрады. Лавразияға 0.33-0.23 млрд жыл бұрын азиялық платформалар қосылды, кейіннен Солтүстік – Батыс Африка Солтүстік Америкамен қосылып Палео – Тетисті мүлдем жауып тастады, ал өз кезегінде Гондвана мен Лавразия Пангеяны құрды.