HTML тілінде Corel Draw программасының Мүмкіндіктерін демонстрациялау
Мазмұны
Кіріспе 3
І Тарау. Corel Draw қолданбалы программасының мүмкіндігін демонстрациялауға HTML программалау тілін қолдану теориясы 5
1.1 Corel Draw – векторлы графикалық редактор 5
1.2 HTML тілі және графикалық объектілерді өңдеуді программалау 6
ІІ Тарау. Corel Draw қолданбалы программасының мүмкіндіктерін демонстрациялау 21
2.1 HTML арқылы Corel Draw қолданбалы программасының құралдарын қолдануды программалау әдістері 21
2.2 Corel Draw мүмкіндіктерін демонстрациялау 27
Қорытынды 33
Қосымша 35
Кіріспе
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі функцияларын атқарады.WWW (World Wide Web- дүниежүзілік өрмек)-Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі,оны Web те атайды.WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы-HTTP(HyperText Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML(HyperText Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады. HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web – парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып,оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылады. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. HTML тілінде Web парақтар жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web- парақтар түрінде белгілеуге арналған ережелер жиынын құрайды. HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) HTM немесе HTML болуы тиіс.
І Тарау. Corel Draw қолданбалы программасының мүмкіндігін демонстрациялауға HTML программалау тілін қолдану теориясы
1.1 Corel Draw – векторлы графикалық редактор
Векторлық графика компьютерлік графиканың әртүрлілігі. Векторлық графикадағы бейне бөлек объектілерден контурлардан тұрады. Контурлар математикалық формулалармен суреттелетін безье қисықтар деп аталатын сегменттерден тұрады. Қисықтар Француз математигі Пьер Безьенің құрметіне осылай аталған. Векторлық бейне дискіде аз орын алады. Өйткені компьютер жадында бейне емес ол туралы мәлімет сақталады. Мысалы, дөңгелек салу үшін оның центірінің орналасуын рядусын контурдың қалыңдығымен түсін есте сақтау жеткілікті.
Контурлары сығуға, масштабтауға, орнын ауыстыруға болады және бұл кезде оның саласы мүлдем өзгермейді. Векторлық графиканы қолдану аймағы өте кең және векторлық суреттерді құруға мүмкіндік беретін программалық бөлімнің көптеген мөлшері жазылған. Олардың ішінде ең әмбебабы болып Corel Draw программасы саналады. Corel Draw программасы кез-келген мөлшердегі құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Соның ішіндегі негізгісі баспаханадағы жұмыс болып табылады. Төмендегі суреттер осы Corel Draw-тың мүмкіндіктерін қарастырған. Қолдану аясының қаншалықты кең екендігі көрсетілген.
1.2 HTML тілі және графикалық объектілерді өңдеуді программалау
HTML тілінің атқаратын қызметі: Web – парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп, көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS-DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екі түрлі болып көрсетіледі. Ал, үшінші компьютердегі Web – парақтарының мәтіндері зағиптарға арналған Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады.
Құжаттарды әрбір тұтынушының әртүрлі құрылғымен және әртүрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп атауға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.
ІІ Тарау. Corel Draw қолданбалы программасының мүмкіндіктерін демонстрациялау
2.1 HTML арқылы Corel Draw қолданбалы программасының құралдарын қолдануды программалау әдістері
Corel Draw қолданбалы программасы терезесінің сол жағында құрал-саймандар панелі орналасқан. Экранда олардың тек бір бөлігі ғана көрінеді. Негізгі құралдардың міндеттерін қарастырайық:
• Pick (указатель) – бұл құрал объектіні оны өзгерту алдында таңдау үшін қолданылады.
• Shape Edit (редактирование формы) – бүтін объект емес, ал оның бөліктерін басқаратын құралдар тобы. (түйіндерді редактрлейді)
• Zoom (масштаб) – бейненің экранға шығуын және экранда орналасауын басқаратын құралдар тобы.
• Curvet (кривая) – контурды құруға арналған құрулар тобы.
• Rectangle (прямоугольник) – тікбұрыштар, торлар, спиральдар салуға арналған құралдар тобы.
• Ellipse (эллипс) – эллипстерді салуға арналған құралдар тобы.
• Polygon (многоугольник) – көпбұрыштар, торлар, спиральдар салуға арналған құралдар тобы.
2.2 Corel Draw мүмкіндіктерін демонстрациялау
Енді бұл дипломдық жұмыстың басты мақсаты яғни Corel Draw қолданбалы программасын демонстрациялау беті. Көрініп тұрғандай ішінде бірнеше бөлімдерден тұрады. 7-ші суреттен бастап әр бөлімнің беттері көрсетілген, яғни Corel Draw-тың мүмкіндіктері.