Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
Жоспар
Кіріспе 3
1 Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттырудың теориялық мәселелері 5
1.1 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет ету тиімділігі 5
1.2 Қазақстанда шағын кәсіпорынның даму жолдары 9
1.3 Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар 15
2.«Бикен-жарнама» ЖШС мысалында кәсіпорын қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау 19
2.1 «Бикен-жарнама» ЖШС-ның техникалық-экономикалық сипатталуы 19
2.2 «Бикен-Жарнама» ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау 25
3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары 33
3.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау 33
3.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қызметінің тиімділігін арттыру жолдары 45
Қорытынды 50
Пайдаланған әдебиет көздері 52
Кіріспе
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен инновациялық серпілістің жаңа кезеңіне аяқ басты. Сонымен қатар еліміз экономикалық үрдістерге сай дамып келе жатқан озық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, өндірісті, соның ішінде экономиканың нақты секторын таңдап алды.
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жолдауында ел экономикасын көтеру, соның ішінде шағын кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру қажеттілігін атап өткен болатын.
Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсеке қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлар мен қызметін әлемдік нарықтарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз қажет. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Қазіргі таңда әлемдік экономикада бәсекелестіктің қарқыны артуда. Сонымен қатар нарықты жаңа өнімдермен, жаңа қызметтермен қамтамасыз етуге ынталы өндіргіш күштердің белсенділігі де жоғарылауда.
1 Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттырудың теориялық мәселелері
1.1 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет ету тиімділігі
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне баға беру оның тиімділігінің соңғы нәтижелері арқылы жүзеге асырылады. Тар мағынада тиімділік «әсер беретін, қажет нәтижеге қол жеткізетін, жүзеге асыратын» дегенді білдіреді.
«Шағын кәсіпкерлік –бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасаты, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, өзін - өзі ұйымдастыру процесі».
Анықтаманың өзінде айтылғандай, шағын кәсіпкерлік – бұл нарықтық экономика субъектілерінің белгілі бір анықталған критерийлер, көрсеткіштер және заңдар негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі .
Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігі қызмет етудің барлық сатысындағы маңызды сапа белгісі болып табылады. Қызмет ету тиімділігі өндіріс потенциалын қолдану дәрежесін көрсетеді, ал бұл қоғамдық өндірістегі нәтижелер мен шығын арасындағы қатынасты анықтайды. Шығын өзгермей-ақ нәтиже жоғарылаған сайын, бір-бірлік шығынға қарағанда нәтиже жылдам өскен сайын немесе аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі. Еңбек өнімділігінің көлемі өндірістегі экономикалық тиімділікті жалпылайтын критерий болып табылады.
1.2 Қазақстанда шағын кәсіпорынның даму жолдары
Кәсіпкерлік – шағын бизнес дамуынан басталды. Шағын бизнесте кәсіпкер белгілі бір мақсаттарға бағытталып, белсенді болады.Өзінің кәсіпорнына кәсіпкер көптеген энергияны, уақытын жұмсап, өзінің ісіне тапқырлықпен қарайды. Ал ірі компанияларда менеджер өзінікі болмағандықтан жоғарғы тиімділікке талпынбай, бірқалыпты жұмыс істей береді.
Алғашқыда кәсіпкерлік кәсіпшіліктен және сауда салаларынан бастау алады. Уақыт өте келе дами түсті.
Біртіндеп 15 ғасырға таман көпестер, кәсіпқойлардан тұратын кәсіпкерлер бірлестігі пайда болды. Дәл сол кезде «кәсіпкерлік» термині шықты. Бұл терминге өндірістің дамуына, сауда және табыс алуға бағытталған іске байланысты тұлғаларды жатқызған.
2.«Бикен-жарнама» ЖШС мысалында кәсіпорын қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Бикен-жарнама» ЖШС-ның техникалық-экономикалық сипатталуы
«Бикен-жарнама» кәсіпорны 1993 жылы екі кәсіпорынның бірігуі негізінде құрылған: Алматы қала безендіру және Алматылық трикотаждық комбинаты. Өндірістік кооператив нысанында 4 жыл бойы жұмыс істеп өндіріс ұлғаюы мен жұмысшылардың санын көбейту арқылы кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңдық күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және тағы басқа заң шығарушы мен құқықтық актілер негізінде шаруашылық жүргізуші субъектіге ауыстырылды.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен кейін, жеке меншік құқығы бар, өзіндік балансы бар, республикалық және шетелдік банктік шоттары бар, өзінің мөрі және басқа да реквизиттері бар заңды тұлға болып табылады.
Серіктестік өзінің қызметін толық шаруашылық есеп негізінде жүзеге асырады. Республикада және шет елде өз атынан келісім-шартқа отыруды жүзеге асырады, мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болып, жауапкершілік апарады, сотта жауап тартушы және жауап апарушы ретінде қатысады.
2.2 «Бикен-Жарнама» ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау
Өндірістің ағымдағы және болашақ қызметінде қолданылатын ішкі резервтерін айқындау мақсатында кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасайық. Өндірістік-шаруашылық қызметті талдау үшін бухгалтерлік есептің келесі берілгендерін қолданайық: форма №1 – кәсіпорынның жылдық балансы; форма №2 – кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық нәтижелерінің есебі; форма №3 – қаржылық қорлар қозғалысының есебі. 2003 – 2004 жылдарға талдау жасайық.
8-кестенің берілгендері бойынша жалпы капитал рентабельділігі төмендеді, 2003 жылы – 0,19, ал 2004 жылы 0,18-ге тең болды. Берілген көрсеткіштің 2004 жылға төмендеуі жалпы капиталдың өсуімен сипатталады. Бұл өндіріс көлемінің өсуіне байланысты болды. Таза табыстың 2004 жылға қарай өсуі айқын көрінген жоқ. Жалпы бұл көрсеткіш тиімді болып саналады, өйткені өндіріс көлемі ұлғайып, пайда көлемінің тұрақты өсуі байқалды.
3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау
Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің тиімділігі мен басқару стратегиясын анықтау формалары мен әдістерін уақыт талабына сай жетілдіріп отыру маңызды шарт. Кәсіпкерлік әрекет нарықтың талаптарына сай тез бейімделуі мен оның тиімділігін жоғарылатудың басты шарты.
Кәсіпкерлік қызметті басқару кезінде тиімді шешім қабылдау үшін әр түрлі сұрақтар туындайды. Тиімді қызмет ету үшін зерттеліп отырған кәсіпкерлік субъектісінің басшылары жоғары біліктілікпен басқарудың әдіс-тәсілдерін дұрыс жүргізуі өте маңызды.
Қызмет ету тиімділігін арттыру шағын кәсіпкерлікті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету және болашақтағы мүмкіншіліктерін бағалау болып табылады. Ол кәсіпорынның нақты мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы жүзеге асырылуы қажет. Сондай-ақ негізгі және айналмалы капиталы, меншікті және қарыз капиталын жақсарту, жетілдіру, табысты үлестіру, инвестициялық және баға саясаты дұрыс жүргізу сияқты ішкі және сыртқы факторларды қамтиды. Қызмет ету тиімділігін арттыруды басты назар: ішкі резервтерді анықтауға, ақша табыстарын көтеруге, өнім мен қызметтің өзіндік құнын максималды төмендетуге, табысты бөлудің дұрыс саясатын таңдауға, капиталды тиімді қолдануға аударылуы керек.
Қорытынды
Шағын кәсіпорынды дамыту нарықта тауарлармен толтыру мен қызметпен тез қамтуға, салалық және аймақтық үстемдікті жоюға, бәсекені кеңейтуге, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізуге, сыртқа тауарлар шығару қарқынын арттыруға көмектеседі. Шағын кәсіпкенрлік экономика дамуының негізгі тетігі болғандықтан олардың тиімділігін арттыру үлкен орын алады.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсету өте маңызды. Оның дәлелі ретінде Жапония мемлекетін мысал ретінде қарастыруға болады. Жапонияда ұйымдастырылған шағын және орташа кәсіпорындар басқармасы қамқорлығы арқылы жеңілдік несие беру және салық салу арқылы және бюджеттен тікелей қаржы бөлу жолымен жүргізіледі. Кәсіпорындарға салық салу ставкалары мемлекеттік кәсіпорындарға қарағанда 2 есеге қысқартылды. Кәсіпорын шығындарын азайтуда салықтарды аз мөлшерде төлеу тиімділікке жету жолын қысқартады. Нәтижесінде Жапонияның шағын кәсіпорындар үлесі 99%-ке жетті, бүгінгі таңда ел экономикасы дамыған мемлекеттердің қатарына кіреді.