Кеңестік тіл білімі
Жоспар
1 Кеңестік тіл білімі 3
1.1 Түркі тілдері туралы ғылым 9
Әдебиеттер 12
1 Кеңестік тіл білімі
Кеңес өкіметі орнауының алғашқы жылдарында тіл білімі алдына қойған ең басты міндеттердің бірі - бүкіл халықпен бірлесе отырып елдегі сауатсыздықты жою, жер-жерде ашылып жатқан оқу орындарына қажетті оқулықтар жазу, өзіндік жазуы жоқ ұсақ халықтардың өз тілдерінің дыбыстық жүйелеріне лайықты жазулары болуына, емлесінің, жазу тілінің қалыптасуына жәрдемдесу болатын. Тіл ғалымдары бұл міндеттерді абыроймен іске асырды.
Лингвистикалық бұл мектепті қалыптастырушы, бұрыннан да ғылыми беделі, ұйымдастырушылық тәжрибесі бар Н.Я.Марр 20-жылдар ішінде-ақ көрнекті марксшіл тіл ғалымы ретінде танылды. 20-жылдардың аяқ кезінен бастап оның ілімін жақтаушы тіл ғалымдарының тобы құрыла бастады. Бұл топ өздерін Н.Я.Маррдың шәкіртіміз деп санады. Елдегі тіл білімін басқару органдары бірте-бірте "Тіл туралы жаңа ілімді" жақтаушылардың қолына көшті. Олар кеңестік тіл біліміндегі істің жайын аздап та болса сынауға, тіпті тіл біліміндегі "жаңа ілім" дегенді сынау жөніндегі болмашы әрекеттің өзіне тыйым салып, Н.Я.Маррдың мұрасына сын көзімен қараған, оның ілімін мақұлдамаған зерттеушілерді қуғындап отырды. Бұл кеңес тіл білімінің дамуын кенжелетіп, тұйыққа тірей бастады.
Тіл біліміндегі айтыстан кейін кеңес тіл білімі ұйымдық, басқарушылық жағынан қайта құрылды. Бұл кезде тіл зерттеуші ғалымдарымыздың ерекше назар аударған мәселесі. Тіл туралы жаңа ілімнің" қателіктерін, оның тигізген зиянды зардаптарын жан-жақты ашып көрсету болды. Бұл іс мақалалар жариялау арқылы да, орталықта болсын, одақтас республикаларда болсын тіл мәселелеріне арналған кеңестер өткізу арқылы да жүргізілді. Осы жұмыспен қатар қолға алынған тағы бір маңызды мәселе "Тіл туралы жаңа ілім" үстем болып тұрған кезде көпшілікке теріс түсіндірілген салыстырмалы-тарихи әдістің шын сипатын, тіл зерттеуде тигізетін пайдасын, оны қолданудың жолдарын саралап түсіндіру болды.
1.1 Түркі тілдері туралы ғылым
Түркі республикалары басқа да көптеген мәселеде Ресей ауқымында болғаны сияқты тілдері туралы ғылымда да оны жетекші, көшбасшымыз деп санады, соған жалтақтап келді. Одақтық ғылым академиясы жанындағы "Түркология" секторын өздерінің ғылыми бас штабымыз деп санады, соның айналасына топтасты.
Түркология - жалпы Шығыстану ғылымының бір саласы. Шығыстану ғылымына араб, иран, монғол, қытайтану ғылымдары енеді. Түркология-түркі халықтары туралы ілім. Ол түркі халықтарының тілін, әдебиетін, тарихын, этнографиясын зерттейтін ғылымдар қосындысы ретінде Ресейде XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасқан. Түркология - өте күрделі ғылым. Онымен тарих, философия, этнография, археология, лингвистика, әдебиеттану сияқты көптеген ғылымдар айналысады. Аталған ғылымдар өкілдері жазған еңбектер де мол. Қазірде түркология бұрынғыдай өте кең мағынада емес, негізінде, түркі халықтарының тілдері мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін зерттейтін ғылым мәнінде қолданылады.