Бөкей Орда
Мазмұны
Кіріспе
I тарау. Бөкей Орда ауданы Сайқын ауылының құрылу тарихына және физикалық-географиялық жағдайларына сипаттама.
1.1 Сайқын стационарының құрылуы және географиялық орны.
1.2 Зерттелген ауданның табиғат жағдайы
1.2.1. Климаты
1.2.2. Рельефі және топырағы
1.2.3. Флорасы
1.2.4. Орда геоботаникалық қорықшасы
1.2.5. Сайқын ауылы маңының өсімдік жамылғысы
II тарау. Зерттелу әдістері.
2.1. Биологиялық зат айналымды зерттеудің әдістемелік негізі
2 .2. Зерттелу әдістемесі
III тарау. Бөкей Орда ауданының Сайқын ауылы маңының өсімдік қауымдастықтарындағы биологиялық өнімділік
3.1. Қоңырбасты-бетегелі қауымдастық
3.2.Түймешетенді-ақ жусанды-қоңырбасты қауымдастық
3.3. Қоңырбасты-қара жусанды қауымдастық
IV тарау. Сайқын ауылы маңының өсімдік қауымдастықтарындағы биологиялық өнімділіктің деструкциялық үрдісі
4.1. Қоңырбасты-бетегелі қауымдастық
4.2.Түймешетенді-ақ жусанды-қоңырбасты қауымдастық
4.3. Қоңырбасты-қара жусанды қауымдастық
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі кездегі биология ілімінің маңызды мәселесі-биогеоценоздардың биологиялық өнімділігінің қалыптасу заңдылығын зерттеу. Бұл міндет актуальдігі тек қазіргі кездегі өсімдік және топырақ жамылғысының экологиясы туралы сұрақтың маңыздылығының теориялық негізі ғана емес, сонымен қатар ауылшаруашылықтың-өндірістік тәжірбиемен қамтамасыз етілуін анықтау шешеді.
Биогеоценоз өнімділігі генезистің көрінуі, яғни оның негізгі компоненттерінің өсімдік және топырақ жамылғысының көрінісі.
Жұмыстың негізгі мақсаты Сайқын стационарының антропогендік күш түскен өсімдік қауымдастықтарындағы биологиялық өнімділігін анықтау.
Жұмыстың міндеті:
-биогеоценоздардың қазіргі кездегі күйін анықтау және оған табиғи, антропогендік факторлардың әсері;
-өсімдік қорын анықтау және оған экологиялық факторлардың әсерін білу;
-зерттеліп отырған ауданның өсімдік жамылғысын зерттеу.
I тарау. Бөкей Орда ауданының Сайқын ауылының құрылу тарихы және физикалық-географиялық жағдайларына сипаттама.
Нарын құмында Бөкей ордасы өлкесін 1801 жылы алғаш құрған, қазақ халқының абырой-беделін, қадір-қасиетін көтерген, ел болашағын ойлай білген, ұлтжанды Бөкей хан Нұралы ұлы болды, оның ісін жалғастырып, парасатты да білімді түрде ел басқарып, айтарлықтай жарқын істер тындырып, артына, ел тарихына «Алғашқы» «Тұңғыш» атауымен басталатын тарихи мұра қалдырған қазақтың соңғы ханы Жәңгір хан Бөкей ұлы екені белгілі.
Климаты.
Ауданның климаты құрғақ және континентальды климатты, жартылай шөл зонасында орналасқан. Бұнда орташа жылдық жауын-шашын мөлшері-229мм шамасында, әсіресе маусым айында 28мм болса ал қазан айында 23мм, ақпан айында айтарлықтай төмен яғни-11мм. Ал булану жауын-шашын мөлшерінен үш есе көп 900мм.
Геомарфологиялық-ландшафтының құрылысы.
Ауданның жер бедері-дөңесті келген жазық. Оңтүстік бөлігін Нарын құмы алып жатыр. Ауданның ең биік жері Оңтүстік-батыс бөлігіндегі Кіші Богда тауы. Онда жергілікті байлық-қиыршық құм, бес түрлі фракцияда ұсақ тас-шебень жолға төсеуге қажетті материал ретінде пайдалануға болады. Нарын құмы аймағын құм басудан сақтау мақсатында Орда ормантоғай алқабы бар.
Гидрографиялық желі.
Солтүстігінде орналасқан Мұратсай ауылының ойысында Хаки ал көктемде Горкий суы ағып өтеді. ал қалған территорияларында көптеген тұзды-сорлы өзендер орналасқан. Батыс жағалаудың шетінде тартылып бара жатырған тұзды Боткөл өзені, ал солтүстікте жер көлемі жағынан аудан бойынша екінші орындағы Арал-сор өзені алып жатыр.
Рельфі.
Сайқын ауылы Каспий маңы ойпатының көлді-лиманды депрессиялық орталық бөлігінде орналасқан. Ауданға негізінен жазық және жақсы бейнеленген мезо және микрорельфтер тән. Аналық жыныс төменгі хвалын ауыр саздауыттарымен бейнеленген.
Топырағы.
Микрокөтерілімге сортаңды-сорлы топырақ тән. Оларда сортаңдылық және хлоридті-сульфатты типтегі тұздану тән.
Бөкей өлкесінің экологиясы
Еліміздің батысы-Бөкей өлкесі-ұлы сазгерлер Құрманғазы, Даулеткерей, Түркеш, Дина, Сейтек, дауылпаз ақын Махамбет туған қасиетті даламызда 1946 жылы «Капустин Яр» полигоны құрылып, жұмыс жасады.
Бөкей өлкесінің топономикасы.
Бөекй ордасы ауданы жерінде қазақ-қалмаққа ортақ көне топоним сөздер бар. Атап айтар болсақ қазақша «Қақ» соры, орысша картаға түсірілгенде соленые грязи «Хаки» деп қате жазылған.
Флорасы.
Аудан жерінде өсімдік түрлерінен боз, бетеге, жусан түрлері, бидайық, қырықбуын, ебелек, қаңбақ, мия, қияқ, құмаршық, жүзгін, жыңғыл, тобылғы, жиде, қарағай, үйеңке, трек, қайың, т.б. өсімдік түрлері өседі.
Сайқын ауылы маңының өсімдік жамылғысы.
Зерттелген территорияның табиғи өсімдік дүниесі өзіндік көптүрлілігімен ерекшеленеді. Ол топырақ пен өсімдіктердің кешеніне байланысты. КСРО-ның геоботаникалық картасы бойынша (1954) Сайқын стационарының ауданы солтүстік шөлейттың зона асты бөлігіне жатады.
Өсімдік тұқымдасы мен түрлерінің тізімі.
Asteraceae Dumort-Сложноцветные-Күрделігүлділер
1. Achillea millefolium L Тысячелистник обыкновенный-Кәдімгі мың жапырақ
A. nobills L благородный-Кербез мыңжапырақ.
2. Acroptilon repens (L) DC- Горчак ползучий- Жатаған кекіре.
3. Artemisia austriaca Jacq- Полынь. австрийская-Арам жусаны.
II тарау Зерттелу әдістері.
2.1. Биологиялық зат айналымды зерттеудің әдістемелік негізі.
Соңғы он жылда биогеоценоз туралы білім тек нақтыланып қана қоймай, сонымен қатар оларды зерттеудің фундаментальды принципін, метологиялық негізін қамтитын терең қайта өңдеулер жүзеге асырылып жатыр. Сапасы жағынан жаңа, глобальды маштабты қамтитын адамның іс-әрекеті, тамақ өнімдерімен қамтамасыз етілудің, қоғамда қажеттіліктердің өсуі ауыл шаруашылығының интенсификациясы обьектілерді зерттеудің интегральдігін қажет етеді. Оған тіршілік ұйымдасуының жоғары деңгейі-биогеоценоз, агроценоз, ландшафт және биосфераға дейінгі аралық енеді.
2.2. Зерттелу әдістемесі.
Өсімдік бірлестіктерінің өнімділігін және өнімділік-деструкциялық процесс қарқындылығын, сонымен қатар азоттың және күлді элементтердің биологиялық айналымын зерттеу Халықаралық биологиялық бағдарламасы бойынша жүзеге асады.
III. Тарау. Бөкей Орда ауданының Сайқын ауылы маңының өсімдік қауымдастықтарының биологиялық өнімділігі.
Микрорельефтің үш элементі тән үш мүшелі сортаңды кешенге ие. Сайқын стационарының территориясы зоналылықтың үш: дала, шөлейт, шөл типі тән екенін жоғарыда айтып кеттік. Сондай-ақ климат және топырақ ерекшелігіне сай өсімдіктердің вегетациялық даму кезеңіне байланысты зерттеліп отырған территорияның жалпы бейнесі жыл мезгілдеріне орай бірнеше рет өзгеріп отырады.
Қоңырбасты-бетегелі қауымдастық.
Қоңырбасты-бетегелі қауымдастық ойқылға тән. Бұнда өсімдіктердің 15 шақты түрі кездеседі. Олар: бетеге, қоңырбас, қызылбояу, кәдімгі бөденешөп, арам жусан, күміс бидайық, күміс қазтабан, жоңышқа, күлгінкөк аюқұлақ, мыңжапырақты түймешетен, тікенді әрем, жапырақты жуаымшөп, кәріқыз т.б.
Түймешетенді-ақжусанды-қоңырбасты қауымдастық.
Келесі қауымдастық түймешетенді-ақ жусанды-қоңырбасты қауымдастық болып саналады. Ол қауымдастық микробеткейге тән.
Қоңырбасты-қара жусанды қауымдастық.
Ал үшінші микрокөтерілімге тән қоңырбасты-қара жусанды қауымдастықта жалпы көрсеткіштер жоғары. Осы кезеңде жуашықты қоңырбас қарқынды гүлдейді. Мысалы, шілде айында фитомасса мөлшері-20,6 ц/га. Фитомасса қорының көп болуына себепші жағдайлар: температура және жауын-шашын қолайлы деңгейде болуы, эфемерлердің әсіресе микрокөтерілімге тән қоюгүлді қызғалдағының, сиренка қызғалдағының басым болуымен түсіндіре аламыз.
IV тарау. Сайқын ауылы маңының өсімдік қауымдастықтарындағы биологиялық өнімділіктің деструкциялық үрдісі.
Егер фитомассаның түзілуі және ыдырау процесінің қарқындылығын анықтау жүргізілмесе, бірақ жер үсті (жасыл өнім, сабан, төсеніш) және жер асты (өлі және тірі жер асты мүшелері) жасыл өнімнің динамикасы толықтай зерттелсе, процестер қарқындылығын минимальды бағалау әдісін қолдануға болады. Ол бойынша процестердің қарқындылығының шын мәні қор динамикасының берілгендері бойынша есептеуден төмен емес.
Қорытынды.
Зерттеліп отырған ауданның қалыпты антропогендік күш түскен өсімдік қауымдастықтарын салыстыра отырып, көптеген мәліметтер жинақталды.
Жаз-күз аралығында өткізілген үш айлық (шілде, тамыз, қыркүйек) зерттеулер нәтижесінде Сайқын стационарының территориясы турасында жан-жақты, алға қойылған міндеттерге сай келетін мәліметтер алынды.
1. Зерттеліп отырған аудан шөлейт зонасына. Ал микрорельф ерекшелігіне сай оған дала, шөлейт, шөл зонасына жататын үш мүшелі сортанды кешен тән. Солтүстік Каспий маңы облыс астына, Солтүстік Еділ-Жайық тегіс жазықты провинциясына, Батыс Еділ-Жайық округінің Сайқын тегіс жазықты ауданына жатады.
2. Өсімдіктердің түрлік құрамы зерттеле отырып 22 тұқымдасқа, 66 туысқа жататын 79 өсімдік түрі анықталды. Олардың экологиялық топтары айқын көрсетілді: мезофит-8; ксерофит-20; мезоксерофит-19; ксеромезофит-19. Негізгі басым болып келетін тұқымдастар: күрделігүлділер, астық тұқымдастар, алабота тұқымдастары, шатыршагүлділер тұқымдастары. Тіршілік формалары бойынша көпжылдықтар-51; біржылдықтар-17; екіжылдықтар-4. Азықтық, дәрілік, эфир майлы түрлер белгіленген.
3. Нақты зерттеліп отырған қалыпты жайлымдық күш түскен өсімдік қауымдастықтары: әр шөптесін-селеулі-бетегелі, ақ жусанды-бетегелі, қоңырбасты-қара жусанды-бетегелі.
4. Жалпы фитомасса қоры бойынша жоғары көрсеткіш қоңырбасты-қара жусанды-изенді қауымдастықта , ал төменгі биологиялық өнімділік қоры ақ-жусанды бетегелі қауымдастық.
5. Жайылымдық дигрессияға ұшыраған ауданда биолгиялық өнімділік деңгейіне тікелей әсер ететін антропогендік факторларға, соның ішінде мал жайылысына байланысты деп қорытындылауға болады.
Қолданған әдебиеттер.
1. Абатуров Б.Д. Экологические последствия пастьбы копытных млекопитяющих для экосистем полупустыни. Москва 2001ж 57-59 бет.
2. Арыстанғалиев С. Қазақстан өсімдіктерінің қазақша-орысша-латынша атаулар сөздігі. Алматы 2002ж
3. Гордеева Т.К. Динамика естесвенной растительности в полупустыне ботанический журнал 1959.
4. Докач А.Г. Природное районирование Прикаспийской полупустыни- Москва, Наука 1979.
5. Ивнов В.В. Степи Западного Казахстана в связи с динамикой их покрова, АН СССР М.-Л., 1958-292 С.
6. Линдеман Г.В. Оловянникова И.Н. Сапанова М.К. Экологическая оценка лесоразведения в полупустыне-Москва, Наука,84-113 стр.
7. Роде А.А., Биогеоценотические основы освоения Северного Прикаспия-Москва, Наука, 1974. 6-27 стр.
8. Роде А.А Оловянникова И.Н. Тезисы докладов – Москва. 1985.
9. Сукачев В.Н., Роде А.А Труды Института леса, том 25. Москва, Академия Наук СССр 1958.
10. Шилов И.А. Алякринская И.О. Экологические процессы в аридных аридных биогеоцензах-Моква. 2001. 58-69, 77, 113-118, 134 стр.
11. Сенкеевич И.Г. Интродуция древесных растений полупустыни Северного Прикаспия, Москва, Нука 1999. 4-20 стр.
12. Рекомендации по мелиорации и богарному освоению почв полупустынного комплекса Северной части Прикаспийкой низменности, Москва. Академия наук СССР. 1977.
13. Орысша – қазақша терминология сөздігі. Алматы. КазССР Ғылым Академиясының баспасы.1962.
14. Петренко А.З, Джубанов А.А, Фартушина М.М, Иркалиева Р.М, Рамазанов С.К, Сдыков М.Н, Дарбаева Т.Е, Кольченко О.Т, Чернышов Д.М.
Природно-ресурсный потенциал и проектируемого обьекты запаведного фонда Западно-Казакстанской области. г. Уральск-1998год.
15.Батыс қазақстан облысының энциклопедиясы. Алматы «Арыс» 2002жыл.
16. А.А.Иващенко «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» Алматы 2006жыл.
17. Дарбаева Т.Е, Цыганкова Т.А, Отаубаева А.У, «Батыс Қазақстан облысының өсімдік жабыны»
18. Титлянова А. «Минимальная оценка интенсивности процессов образования и розложения растительной органической массы».
19. Дебело П.В, Фомин В.П, Мазяркина Т.Н. «Ақжайықтың қорықшалары» Орал қаласы 2000жыл.
20. А.А.Иващенко «Қазақстан өсімдіктер әлемі» Алматы «Кітап» 2004жыл. 176 бет.