Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тракторды сынау техникасы мен технологиясы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тракторды құрылым айқындауыштарын анықтау үшін сынау


Жоспар

1 Тракторды құрылым айқындауыштарын анықтау үшін сынау 3
1.1 Трактордың тұлғалық көрсеткіштерін анықтау 3
1.2 Статикалық орнықтылықты анықтау 8
1.3 Трактордың басқаруға қолайлылығын анықтау 9
1.4 Трактордың жұмыс істеу қауіпсіздігін анықтау 20
Әдебиеттер 26

1 Тракторды құрылым айқындауыштарын анықтау үшін сынау

1.1 Трактордың тұлғалық көрсеткіштерін анықтау

Трактордың тұлғалық көрсеткіштері алғашқы және қабылдап сынау жүргізілгенде анықталады.
Сынақ кезінде келесі айқындауыштары анықтап өлшейді: тұрпаттық өлшемі (габараиттік); сорабы (колеясы); бойлық, көлденең негіздері (база); жолдық саңылауы; сауыттардың сыйымдылығы; трактордың массалары (тұлғалық, пайдаланылу); қозғалтқышқа статикалық жағдайда түсетін жүктеме; қосымша жабдықтардың, балласт жүктердің массасы; табанның жерге түсіретін қысымы; ауырлық центрдің координаттары; статикалық орнықтылығы.

1.3 Трактордың басқаруға қолайлылығын анықтау

Трактордың жүргізушінің басқарып жұмыс істеуіне қолайлылығын анықтау үшін трактор орнында тұрғанда және жұмыс атқарғанда әр түрлі өлшемдер, тексерулер жүргізіледі. Адамның жұмыс істеу қабілеттілігіне, қауіпсіздігіне әсер ететін трактордың негізгі эргономикалық қасиеттері: кабинадағы ауаның құрамы, ондағы шаң-тозаңның, газдың және басқа зиянды заттардың мөлшері, түрлері; жұмыс орнындағы метрологиялық жағдай, радиацияның мөлшері; жүргізушіге әсер ететін үдеудің, жүктеменің шамасы; діріл; жарықтану; басқаруға ыңғайлылығы; басқару органдарының үйлесімді орналасу деңгейі; кабинаның ішкі дизайны т.т.
Тракторды басқарып жұмыс істеу жүргізушінің жүйкесіне, көру, есту, иіс сезу қабілеттеріне әсері бар, сондықтан эргономикалық қасиеттерін жан-жақты тексеріп анықтап, сол арқылы адамның денсаулығына зиянды әсері бар жайыттарды анықтап олардың алдын алуға жағдай жасалуы қажет.

1.4 Трактордың жұмыс істеу қауіпсіздігін анықтау

Трактордың жұмыс істеу қауіпсіздігі оның тежегішінің жұмысының тұрақтылығына, кабинаның қорғауыш қасиетіне, тіркеуіш құралдың қауіпсіз жалғап айыру мүмкіншілігіне, техникалық қауіпсіздік талаптарына және өртке қарсы ережелерге сәйкестігіне байланысты. Соңғы үшеуін трактордың құрылысымен танысу кезінде анықтап байқауға болады, ал алғашқы екеуін арнайы сынақтар жүргізіп анықтайды.
Тракторда жұмыс істеу қауіпсіздігінің жалпы талаптары «Бірыңғай талаптарда» келтірілген.
Трактордың және тракторлық поездың тежегішінің жұмыс тұрақтылығын, қабілеттілігін анықтау. Қазіргі заманда тракторларды көліктік жұмысқа пайдалану кең өріс алып отыр. Тракторларды автомобильдермен қатар жүк тасымалдауға кеңінен пайдалану бүгінгі өмірдің бір ерекшелігі. Шағын шаруа қожалықтарында әр түрлі маркалы машиналарды пайдаланғаннан әмбебап бір түрлі техниканы пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімді. Сондықтан қажетті жағдайда көліктік жұмысты шапшаң атқаратын, кез келген ауыл шаруашылық жұмыстарын тиімді атқаруға қабілетті тракторларға қажеттілік күннен күнге арта түсуде.
Тракторлардың көліктік жұмысты кеңінен атқаруы олардың тежеуішіне қатаң талап қойып, жан-жақты сынау жұмыстарын жүргізу қажеттілігін туындатып отыр.