Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Несие ақшалары, олардың маңызы, негізгі түрлері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І НЕСИЕЛІК АҚШАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 4
1.1 Несие ақша – толық құнсыз ақшалар ретінде маңызы мен мәні 4
2.2 Несиелік ақшалардың негізгі түрлері мен олардың жіктелуі 6
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 10
2.1 Қазақстан Республикасы ақша айналысындағы несиелік ақшалар және оларды жетілдіру шаралары 10
2.2 Қазақстан Республикасында несиелік ақшаның түрі ретінде вексельдің даму барысы 14
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21

КІРІСПЕ

Ақшаның өмір сүруіндегі объективтік қажеттілік ол тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір – бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды. Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын еді. Ақша түрінде көрінетін тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Шаруашылықтағы тауарларды өткізуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемі шаруашылық қызмет етуіне қажетті ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегінде экономикалық активтілікті төмендетіп, экономиканы дағдарысқа алып келеді.

І НЕСИЕЛІК АҚШАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.1 Несие ақша – толық құнсыз ақшалар ретінде маңызы мен мәні

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді .
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға білдіретін ссудалық капиталға айналады.

2.2 Несиелік ақшалардың негізгі түрлері мен олардың жіктелуі

Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші - жабдықтаушы көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі – вексель пайда болады.

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

2.1 Қазақстан Республикасы ақша айналысындағы несиелік ақшалар және оларды жетілдіру шаралары

Қазақстанда есеп айырысу және төлем қатынастары дамыған, бірақ жетілген, жете дамыған деп айтуға болмайды. Дамыған елдердің төлем механизмінің артықшылықтарын негізге алған есеп айырысу төлем қатынасында елімізге өсу потенциялы байқалады. Қазақстанда несиелік ақшалардың дамуы енді ғана көрініс тауып отыр.
Қаржы жүйесінің және Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің бірі болып еліміздегі айналыста жүрген және айналысқа енді ғана ене бастаған несиелік ақшаларды дамыту және оның айналыс ауқымын кеңейту болып табылады. Өйткені бүгінгі таңда несиелік ақшалардың маңызы еліміз үшін зор.

2.2 Қазақстан Республикасында несиелік ақшаның түрі ретінде вексельдің даму барысы

Қазақстан Республикасындағы қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде, төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің өңдеу салаларының құлдырауы, шаруашылық байланыстарының нашар дамуы және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген сұраныс арта түсуде. Сондықтан вексель шаруашылық өмірге кең көлемде енуде. Қазірдің өзінде вексель айналымын реттейтін көптеген ереже құжаттар пайда болды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, экономикадағы ақша айналысының тиімділігін қамтамасыз ету, оны реттеп отыру және экономикадағы қызметтердің үздіксіздігін қамтамасыз етудегі бірден бір қолданылатын ақша түрі – несиелік ақшалар болып табылады. Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге берілуімен байланысты пайда болған ақшалар. Оның қызмет етуі несиелердің қызмет етуімен ұқсас келеді. Яғни, несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру қызметінің көрінісі. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысында жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асады.