Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 34 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорын айналым қоры және айналым құралдары


ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
I-ТАРАУ. Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі 5
1.1 Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы 5
1.2 Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері 13
II-ТАРАУ.ААҚ «ТҰК Казхром» экономикалық қызметін талдау 18
2.1 ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы 18
2.2 Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау 22
III-ТАРАУ. Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары 28
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34

КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.
Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым капиталының болуы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін анықтау болып табылады.
Түрлі салаларда айналым капиталының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорында айналым капиталын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым капиталының қажеттілігін анықтау, олардың құрамы, құрылымын қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым капиталын басқару және т.б.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын құралдар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым капиталын орынды пайдалану есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру, және оларды жетілдіру жолдарын анықтау. Себебі бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып табылады.Кәсіпорынның өмірі оның негізгі және айналым капиталдары айналысынан жалғасып отырады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігіне олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Өйткені өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығындармен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады.
Курстық жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы және пайдалану тиімділігі көрсеткіштері теориялық тұрғыда қамтылған.
Екінші тарауда теориялық тұрғыны практика жүзінде, кәсіпорын мысалында талдау жұмыстары жүргізілді. Яғни ААҚ «ТҰК Қазхромның» қызметі, мақсаты және оның айналым капиталының тиімділігін көрсететін көрсеткіштері талданады.
Үшінші тарауда кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары көрсетіледі.

I-ТАРАУ. Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі
1.1 Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы
Кәсіпорынның іс- әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт- қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы- бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым капиталы- бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

1.2 Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері
Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы, айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:
Н= Р*Д
Р- материалдардың орта күндік шығыны;
Д- айналым құралының берілген элементі үшін орташа запас мөлшері.
Айналым капиталының орташа запас мөлшері (Д) біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М), технологиялық (Ф) запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П):
Д= Т+С+М+Ф+П.
Ағымдағы запас - запастың негізгі түрі. Оның көлеміне келісімдер бойынша жөнелту, өндірісте пайдалану көлемі әсер етеді.

II-ТАРАУ.ААҚ «ТҰК Казхром» экономикалық қызметін талдау
2.1 ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы
ААҚ «ТҰК Казхром» 1995 жылы құрылды. ААҚ «ТҰК Казхром» құрамына: 1968 жылдың 18 қаңтарынан жұмыс жасайтын (феррохром, ферроселиция, ферросиликохром, ферроселикомарганец, ферромарганец өнеркәсібі), «Ақсу ферробалқыту заводы», АҚ «Феррохром» (ферросилихром, жоғары-,орта-,төмен- көміртекті феррохром өндірісі) және ААҚ «Донской ГОК» (алдыңғы екі өнеркәсіп үшін хром рудаларын игереді және өңдейді) өнеркәсіптері кіреді.
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша Комиссиясының шешімі бойынша, 2005 жылдың 20 шілдесінен бастап, ААҚ «ТҰК Казхром» халықтық ашық акционерлік қоғам статусына ие болды.
Қазқстан Республикасы Үкіметінің 26.07.01 жылғы шешімі бойынша «АҚ «ТҰК Казхром» туралы сұрақтары және 27.07.01 жылы өткен «ТҰК Казхром» акционерлері қатысуымен болған жиналысы бойынша, «ТҰК Казхромды», АҚ «Феррохром» (Ақтөбе; электроферробалқытулар өндірісі), ААҚ «Донской ГОК» (Хромтау, Ақтөбе облысы; қара металл руда өндірісі) компанияларын біріктіру арқылы қайта құру туралы» шешім қабылданды. Біріктірілген акционерлік қоғамдарының мүліктері базасында ААҚ «ТҰК Казхромды» құру көзделді.

2.2 Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қоғамның мүлкі және капиталы.
Қоғамның мүлкін негізгі және айналым қорлары, және құны өзіндік баланста көрсетілетін басқада мүліктер құрайды. Мүлік Қоғамның жеке құқығында болады.
Қоғам мүлкінің құрылу көздері:
• Акционерлердің жарғылық капиталға салымдары;
• Қоғам қызметінен түскен түсім,
• Қоғамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген өнім;
• Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынбаған басқада көздер.

III-ТАРАУ. Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеттілігі өндіріске салынған активтердің айналымдылық деңгейінен тәуелді болады. Айналымдылық көрсеткіштері қаншалықты жоғары болса, соншалықты өндіріске салынған активтер нақты ақша қаражаттарына жылдам айналады, яғни кәсіпорын өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытылы орындай алады.
Кәсіпорынның айналым капиталының айналымдылық деңгейі әр түрлі болады. Активтердің айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорын мүлкінің құрылымын анықтайды және кәсіпорын активтерінің жекелеген түрлерінің (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың) айналым жылдамдығынан тікелей тәуелді болады.
Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келсек, айналым капиталы – бұл кәсіпорынның өндірістік циклының әрбір кезеңіндегі ағымды операцияларына салынған қаражаттарының жиынтығы. Олар өздерінің жоғары өтімділіктерімен сипатталады. Айналым капиталының өтімділік деңгейі олардың өндірістік айналым барысында ақша қаражаттарына айналу қабілетімен анықталады.
Өндірістік немесе басқа коммерциялық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорын нақты қаражаттармен, өндірістік негізгі және айналым капиталдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Айналым капиталы кәсіпорынның қызмет етуіне қажетті мүліктің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады.
Айналым капиталы тек өзінің өтімділігімен сипатталып қоймай, құрамы мен құрылымы тұрғысынан да сипатталады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның айналым капиталын басқарумен тығыз байланысты болып келеді. Әр түрлі шаруашылықта айналым капиталының құрамы мен құрылымы алуан түрлі. Ол кәсіпорынның меншіктік, өндірістік, сатушылар мен сатып алушылардың өзара қатынасы ерекшеліктеріне, өндірістік шығындар құрылымына, қаржылық жағдайына байланысты.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Арыстанов А., «Корпоративные облигации как инструмент долгосрочного финансирования», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2001, №12
2. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2001
3. Жуйриков К.К., «Роль и значение финансового капитала в рыночной экономике», Банки Казахстана, 2004, №9
4. Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 1998
5. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002
6. Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003
7. Үмбетәлиев А., «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», Алматы – 2002