Қазақстан және Халықаралық қауіпсіздік
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І. Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері 9
1.1 Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасы және оның жүзеге асырылуының негізгі бағыттары 9
1.2 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарының басты бағыттары 43
ІІ. Қазақстан және Халықаралық қауіпсіздік 64
2.1 Қазақстанның Халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нығайтудағы ұстанымдары, олардың маңыздылығы 64
2.2 Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның орны мен ролі 79
ҚОРЫТЫНДЫ 91
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 93
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Тәуелсіз еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары қалыптасуда. Планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына ғаламдану (жаһандану) процесін және жаңа технологиялардың дамуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуінің сан алуандығына байланысты дүние жүзінде болып жатқан түбірлі де дүбірлі өзгерістер – мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді. Өзекті халықаралық проблемаларды шешуге қатысты жедел әрі әрі икемді үн қатысуға осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Дегенмен сыртқы саясаттың негізге алынатын қағидаттары өзгеріссіз қала береді.
І. Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері
1.1 Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасы және оның жүзеге асырылуының негізгі бағыттары
Егемендік алып, Біріккен Ұлттар Ұйымына және көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болған Қазақстан өзі үшін жаңа проблемалармен өзінің сыртқы саясатының, қорғанысы мен қауіпсіздігінің проблемаларымен, дүниежүзілік экономика мен дүниежүзілік қауымдастыққа дербес ену проблемаларымен бетпе-бет келіп отыр.
Халықаралық сахнаға шыққан Қазақстан сапалық тұрғыдан өзге ортаға сіңіп кетті, ал онда оның сыртқы саяси бағыты, кез-келген басқа мемлекеттікі сияқты ұлттық мемлекеттік мүдделер талап ететін өз қисыны бойынша дамуда. Бірақ осының барлығына қарамастан Қазақстанның сыртқы саясаты өзімен жалпы адамзаттық зарядты да алып жүруге міндетті. Мұның өзі болашақта оның халқына дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орынды қамтамасыз етеді.
1.2 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарының басты бағыттары
Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізгі макроэкономикалық тұрақтылық - инфляцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сондай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық - экспортты ынталандыу, импортты барынша аз шектеу, біртұтас импорт тарифы, ұлттық валютаның оңтайлы құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы жағдай болып табылады.
Сыртқы экономикалық қажетті күшейту шеңберінде республикаға:
ІІ. Қазақстан және Халықаралық қауіпсіздік
2.1 Қазақстанның Халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нығайтудағы ұстанымдары, олардың маңыздылығы
Қазіргі кезде халықаралық қатынастардағы басты проблема халықаралық қауіпсіздікті сақтау болып табылады. 2002 жылы маусым айында Азияда өткен өзара ықпалдастық және сенімділік шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммитінде қабылданған Алматы актісінде былай делінген: «ядролық қару жарақтың, нақ сондай химиялық және биологиялық қару-жарақтың сақталып отырған көлемі және оның барлық жағынан таралуы күллі адамзатқа елеулі қатер төндіреді. Мүше мемлекеттер жаппай қырып жоятын қару-жарақты толығымен жоюға бағытталған күш жігерді қолдануға уағда берді»[44].
2.2 Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның орны мен ролі
Ғасыр бойы Азияда аймақтық проблемаларды тиімді шешу үшін ортақ тұғырнаманың қалыптастырудың көптеген әрекеттері қолға алынды. Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы КСРО-ның ұсынысын еске алсақ та жеткілікті. 1970 жылдардың басында Л. Брежнев осындай бастама көтерді, мұны және Үндістан белсенді түрде қолдаймыз деді. Бірақ Үндістанда басқа Азиялық мемлекеттерде ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы кеңестік ұсынысты қолдаған жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан өзінің тәуелсіздік алған күннен бастап өзара ықпалдасу мен сан қырлы ынтымақтастықтың авторы ретінде прогресті жолдардан өтті. Соның арқасында Қазақстан, АҚШ-пен, Қытаймен, Ресеймен тұрақты және достық өзара қатынастарды одан әрі кеңейте отырып, олармен үнемі мүддесі ортақ үндесу жүргізіп отыр. Орталық Азия елдерімен интеграциялық ықпалдастық бағыты да жоспарлы түрде дамуда. Еліміз күллі мұсылман елдері мен мұсылман әлемімен жан-жақты қатынас орнықтырып келеді. Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңсе мақсатын іске асыру жұмысындағы қол жеткізілген табыстарды одан әрі орнықтыра отырып, Қазақстан өңіріндегі қауіпсіздіктің сенімді факторына айналды.