Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет:

Тип: Баяндама

Объем: 47 стр.

Полный просмотр работы

Ер Жәнібек

Шоқан Уалиханов: “Абылай хан заманы – қазақ батырларының дәуірі” деген ұлы сөзін тегін айпаса керек. Оның сыртында Абылай дәуірі жоңғарлар мен қазақтардың сұрапыл шайқастарына толы болды. Не бір батырлар шықты. Соның бірі – біз сөз өткелі отырған Ер Жәнібек батыр.
Осы Керей Жәнібек батырды ел аузында “Ақыр Жәнібек” деп те атайды. Себебі қазақтың тарихында көптеген Жәнібектер өткен. Соларды шатастырмау үшін, әрі Жәнібектердің ерлік дәуірінің ақыры ретінде есте тұтқан болуы мүмкін.
Осы Жәнібектерге келер болсақ, алғашқысы 1456 жылы хан болған Әз-Жәнібек. Екіншісі Шақшақ Жәнібек (Тархан Жәнібек деп те атайды). Оның сыртында Божбан Жәнібек дегендер болған. Божбан руынан шыққан Жәнібекті кезінде қазақтың тұтастығын бұзғаны үшін Абылай ат құйрығына байлап өлтірген. Ер Жәнібек турасында айтатын болсақ, бұл – үшінші Жәнібек. Оның шыққан тегі туралы, мынадай қысқаша шежірелік икем айтуға болады. Керейден – Құттыберді туған. Құттыбердінің шешесі – Абақ бәйбіше. Осы Құттыбердіден – Ителі, Қарақас, Молқы, Жастабан, Сарбас тарайды. Ителіден – Байлау мен Қойлау; Байлаудан – Жәдік, Жәнтекей, Шеруші туған; Жәнтекейден – Сүйіншал, Сүйіндік, Сүйінбай. Ал осы Сүйінбайдан – Жайлау, Сары, Самырат, Сәменбет, Төлеке тарайды да, осы Сары руынан – Бердәулетұлы Ер Жәнібек туған. Жәкеңнің туған жылы туралы әзірге тоқтамды мәміле жоқ. Әркім әртүрлі болжамдар айтады.

Бұл қазақтың қасиет қонған билерінің айтқаны келмей кеткен бе? Жоғарыдағы бір ауыз сөзбен бір рудың тарихи күрделі келешегі бастау алып жатыр. Шыңғыс ханнан кейін тоз-тозы шығып қаңғырып кеткен Абақ керейлер құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған. Аталас Уақ руларын пана тұтып, Бармақ батырдың отының басында, қосының арасында жүрген еді. “Еліңді ел етерсің” дегендей Абақ керейді ел етіп, жеке шаңырағын көтерген осы Жәнібек батыр. “Ежелгі жерге жетерсің” дегені ежелгі қонысы Алтай тауын айтқаны. Бұл жерге 550 жылдан кейін Абақ керейлер осы Жәкеңнің салмақты саясатының арқасында қайта қоныстанды. Алғаш бала Жәнібекті батасын беріп, жауға аттандырған да осы Қазыбек би екен. Тағы бір қалмақтармен болған қақтығыста елмен бірге жауға аттанбақ болған Жәнібекті нағашы атасы Қазыбек тоқтатып: “Қарағым, елің өрде жатыр, олар сені құттының басы, елдігінің оты деп ойлайды. Жассың жауға шаппа. Жазым боларсың. Қасымда бол” дейді. Сонда бала Жәнібек, “Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалатын, мені от айналған көбелектей көрдіңіз бе?” – деп шығып кетіпті.
Сонда Қазыбек би мынаның көк бөрісі ұстаған екен, батамды берейін деп шақырып алыпты:
Жол басқарсаң, жолың киелі болсын,
Ел басқарсаң, қолың киелі болсын.
Көк бөрің қолдасын, – деп бата беріпті.
Осылай Жәнібек батырдың алғашқы сайысы қалмақ батыры Сәдірмен болған жекпе-жегі. Бұл туралы “Ер Жәнібек” жырында:
Жәнекеңнің мінгені,
Бөктергелі көк дөнен.
Келе жатқан Сәдірге.
Қарсы бір тұрды көлденең, – деп жырланса, ендігі бір қиссада:
Жәнекең жаудың алды жекпе-жегін,
Кешпеді ата-баба қаны тегін.
Асқынған, Сәдір сұмды қанға бояп,
Дариғай-ай, қайтты алғаш кеткен кегім, – деп жырланады.
Жәнекең батырлығының сыртында ел басқарған би болып, не бір дауға түсіп, нашарға теңдік әперіп отырған. Атақты жазушы М.Әуезовтың қолжазба қорында сақталған, бертінде “Абай” журналына жарияланған мақалада: “Абайдың атасы Өскенбай керей Ер Жәнібек батырдың қызы Ермектен туады. Кішкентай кезінде Өскенбай қатты ауырып, оның амандығы үшін бір құрсақтан туған Мырзаханды Өскенбайдан айналдырып садақа етпек болады. Ермек бәйбіше: баладан баланың артықшылығы жоқ, қойыңдар дейді. Осы оқиғаға куә болған Жәнібек батыр: егер Мырзахан адам болса, осы Өскенбайдың арқасында адам болар. Өскенбайдың көзінде біздің тұқымға тартқан от тұрған жоқ па?” депті. Сол сияқты тарих ғылымдарының докторы А.Тоқтабаевтың мына бір естелігінде ескерген жөн сияқты: “Ұлы Абайды кемсітпек болған ауылдың қужақ шалдары: Абай сенің атаң шөккен түйеге міне алмайтын момын деседі. Осы даналық саған қайдан қонған – дейді. Сонда Абай қазақта әрі шешен, әрі би, әрі батыр екі адам болған. Бірі кіші жүздегі Сырым Датұлы, екіншісі менің үлкен нағашым керей Ер Жәнібек. Осы нағашымнан қонған қасиет болар, – деген екен”.

Жәнібек батырдың әкесі Бердәулет арғынның қара кесек руынан шыққан Қазыбек бидің қызымен үйленгеннен кейін, бірнеше жыл бала көрмей жүріп, соңында Жәнібекті көріпті. Перзентке зар ата-ана жас нәрестенің шілдехана тойын жасап, болашақ батырдың алғашқы таңын әнмен атырады. Әйелдерді шақырып, қалжасын беріп, ат шаптырып бесік тойын жасайды. Әкесі Бердәулет баласына ат қойғызарда арғынның шақшақ руынан шыққан қарт Жәнібекті жорықтан келе жатқан жолынан түсіп сәлем береді де, қуанышты көңіл күйін айтады. Балаға зар болып жүрген Бердәулеттің тілегіне бар ықыласын берген Шақшақ Жәнібек оның үйіне түседі. Қуанышты ата-ана ағынан ақтарылып, адал ниетімен «ақ сарбас» қойын айтып сойып, қарсы алады. Бұл 1714-жыл еді.
Ақ күндекті ана мен айыр бөрікті ата аяулы көретін аруақты батыр Шақшақ Жәнібектен:

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ЖӘНІБЕКТІ СЫНАУЫ
Жас батыр Жәнібектің жау алдындағы қайраты аңыз болып, ел ішіне тез жайылады да, Абылай хан оны жете сынамақ болады, сол ойдың орайы бораны күркіреп, жаңбыры сіркіреп бір күннің түніне тура келеді.
Жорыққа аттанған Абылайдың қалың қолы нөсерлі қою қараңғы түнді жамыла иендегі ағаш бейіттен бірер шақырым өтіп барып түседі. Күз аспаны сағымша құйылып, бір ашылып, бір түнеріп, нөсер бірде құйып, бірде толастайды. Қолын тоқтатып, шатырын тіккен Абылай Жәнібекті шақыртып алып:

ЖӘНІБЕКТІҢ ҚАРТАЙҒАН КЕЗІНДЕ КЕШІРМЕЛЕРІН ЕСКЕ АЛУЫ
Жәнібек батыр тар жол, тайғақ кешулерін былай еске алады екен:
- Майдандасып жау түсіруді ерлігім деп санамаймын, қаптаған жаумен шайқассаң өткір найзаның ұшымен, тұлпар аттың күшімен, қайратыңа әдіс-амалыңды қосып жеңесің. Сен оны алмасаң, ол сені алады. Талай-талай қан майданды бастан кешірдім, тар жол, тайғақ кезеңдерден өттім, майданда жау түсірмей қайтқан жерім жоқ, оның қайсысын ерлікке санарсың? Бірақ өмірімде қапияда кезігіп, қас-қағымның арасында өткен үш түрлі жағдайға тап болдым. Сонда менің жүрегім түршігіп көрмеді. Кейбіреулер қорқамыз дейді екен, мен қорқудың не екенін білген жан емеспін, Алла берген жанды Алла өзі алады. Басқа біреудің алуы мүмкін емес деп сенемін.
Соғыста жеңілгенің - ақыл-айлаң мен күшіңнің кемдігі, соғыста жеңгенің сол екеуінің артықтығы. Ал күтпеген жерден жаныңа қысым келгенде қабағыңды шытпай, қалт ойлап, қапысын тапсаң ерлік, жүректілік деген сол.

ЖӘНІБЕК БАСТАҒАН АБАҚ ЕЛІНІҢ ШЫҢҒЫС ТАУЫНАН КӨШУІ
Жәнібек батырдың Алтай, Тарбағатай, Еренқабырға, Құмыл қатарлы кіндік кесіп, кір жуған байырғы мекеніне елінің керегесін қайта жайып, күлін төгуі өз өміріндегі аса ұлы, ізгі арманы еді. Бұл тек Жәнібектің ғана емес, хан Абылайдың, Қабанбай, Бөгенбай бастаған қазақ қолбасыларының, бүкіл қазақ халқының ортақ тілегі болатын.
Ол түсте абақ елі Шыңғыс тауы, Көксала, Бақанас деген жерлерді мекендеп, арғын руларымен қанаттас отырады. Өсіп келе жатқан рулардың жерге, қонысқа таласуынан шыққан ішкі бақастық керей елінің шығысқа қарай көшуіне себеп болады.
Жәнібек батыр абақ елін бастап, қоныс аударып кетуге талпына бастаған кезінде қанаттас отырған рулармен сөз сайысына түседі.
Күлтелі күрең тұрғанда,
Тұлпарыңа жалынбаймын.
Ер азаматым тұрғанда,
Көптігіңе бағынбаймын.
Атағым сай, атым сай,
Балтам сай да, тесем сай.
Ұлы Ертістен көпір салсам да өтем.
Кеудемнен жаным шықпаса,
Ежелгі жерге жетем, - дейді. Батырдың бұл сөзінде өкпе-назы да, көкейтесті арманы да жатыр еді. Сол кезде қартайып нағашысы Қазыбек биге де Жәнібек өкпелі екен. Жәнібек батыр елін бастап көшетін болғанда жасынан қолында өскен жанындай жақсы көретін жиенін қимай:
«Жиен назары қиын деуші еді. Үйімнен дәм татырып, батамды беріп жіберейін» деп ойлаған Қазыбек би шақырушыларына:
- Жәнібектің мінезі қатты, мен шақырады демеңдер! Нағашыңның үйінде дәм-тұз шақырады деңдер, - деп ұқтырады, - бір оралса, сонда оралар, егер асты сыйламаса жолы да бола қоймас, - дейді. Жәнібекке барған шақырушылар бұл сөзді бұлжытпай жеткізеді.
Жәнібек батыр:

Тұрымтай Өскенбайұлы -батырдың ұрпағы 980 жылы Әзімбай деген кісі осы батырдың басына күмбез орнатады. бірақ ол тақтада Жәнібек Қошқарбайұлы деп жазылған сол жағы әлі түзетілген жоқ .
Ғылыми конференцияда кезек-кезек сөз алған тарихшылар батырдың ақ туы Қытайлардың қолында қалғаныны айтады. Осы күндері күн шығыс елін мекен еткен батыр ұрпағы, бабаларының 300 жылдығына орай Алматыда бір көше аталса дейді.Ал сүйгегі Семей өңірінде жатқан Ер Жәнібек батырдың өміріне қатысты деректердің жеткіліксіздігінен әлі толық зертеу жұмыстары аяқталған жоқ. Сондықтан бүгінгі отырыста батырдың 2014 жылы болатын 300 жылдығын дейін осы кемшін тұстар шешімін табса игі.