Қаржылық жоспарлау мен болжау
Жоспар
1 Қаржылық жоспарлау мен болжау 3
1.1 Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері 3
1.2 Қаржы жоспарларының жүйесі 10
1.3 Қаржылық көрсеткіштер 15
1.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары 19
1 Қаржылық жоспарлау мен болжау
1.1 Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары және әдістері
Қаржылық жоспарлау бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса манызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс есуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға батытталған, Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық - заттай элементтеріне ақшамен қауыштырған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылады.
1.2 Қаржы жоспарларының жүйесі
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, өңірлердің және мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құру және пайдалану көрсеткіштерінің өзара байланысты жүйесі болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Ну:і белгілер бойынша олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.
Бастапқы қаржы жоспарларының саны жиынтық қаржы жоспарларына қарағанда едәуір коп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан, өзінің қызметі, ұйымдастыру тұрпаты, басқару әдістері мен қаржыландырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары: материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржы жоспарлары; материалдық емес сфераның коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарының жоспарлары, бюджеттік қаражаттар есебінен шығыстары түгелдей немесе негізгі бөлігінде қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды қаржыландырудың дара жоспарлары.
1.3 Қаржылық көрсеткіштер
Басқаруда және шаруашылық - қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржылық-экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржылық қатынастардың элементін бейнелейді.
1.4 Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
Ұлттық шаруашылықтағы рыноктық қатынастар қаржылық жоспарлауды дамытуды, экономиканы рыноктық реттеудің әдістері мен оның өзара іс-әрекетін күшейтуді қажет етеді. Рыноктық қатынастар стихиялықтарымен катар өзіне реттеуші бастауды да ала жүреді: салықтар, аударымдар, банк кредиті мен пайызы, келісім-шарттық міндеттемелер, мемлекеттік тапсырыс, акциялардың бақылау пакеті. Бұл жағдайда, сөз жоқ, қаржылық жоспарлау айтарлықтай элементі болып саналатың экономиканы жоспарлы реттеу де қажетті болып табылады. Рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеу бірінші кезекте монополияға қарсы саясатты, салықтық, бюджеттік, банктік, кедендік саясатта жүргізумен қамтамасыз етіледі.