Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Сұраныс мен ұсыныс теорияларының негіздері


Жоспар
1 Сұраныс мен ұсыныс теорияларының негіздері 3
1.1 Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұранысның бағадан тыс факторлардың ықпалымен өзгеруі 3
1.2 Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал жасайтын бағадан басқа факторлар 4
1.3 Сұраныс мен ұсыныстың өзара әрекеттесуі. Нарық тепе-теңдігі 6
1.4 Икемділік ұғымы. Сұраныс мен ұсыныс икемділігі 6
1.5 Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздері 11
Әдебиеттер 12

1 Сұраныс мен ұсыныс теорияларының негіздері
1.1 Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұранысның бағадан тыс факторлардың ықпалымен өзгеруі
Сұраныс мен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс - ақшалай қамтамасыз етілген, нарықтағы тұтыныстың өңі айналған түрі немесе сұраныс. Сұраныс дегеніміз - заттың бағасы мен оның көлемінің арасындағы қатынас. Заттың бағасы арзандаған сайын тұтынушылардың сатып алу платасы да арта түседі. Бұны "сұраныс заңы" деп атаймыз. Сұраныс жеке нарықтық болып бөлінеді:
Жеке сұраныс - жеке адамзаттың әрбір дербес бөлігі үшін төлей алатын бағасын айтамыз.
Нарықтық сұраныс - жалпы, барлық тұтынушының белгілі бір затқа деген ортақ қажеттілігін айтамыз.

1.2 Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал жасайтын бағадан басқа факторлар
Ұсыным дегеніміз - сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында ең көп сатқысы келетін тауарлардың көлемін айтамыз. Тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі, оны ұсыныс заңы деп атаймыз.Ұсыным - тауар өндірушілердің нарыққа сатуға ұйғарған бағасы белгіленген тауар жиынтығы. Ұсыным сұранымды өндірілген тауар ассортименті мен олардың бағасы арқылы қалыптастырады: ал, сұраным болса, тауар ұсынымының көлемі мен құрылымын анықтайды, себебі тұтынушы мойындаған нәрсе ғана ұдайы өндіріледі.

1.3 Сұраныс мен ұсыныстың өзара әрекеттесуі. Нарық тепе-теңдігі
Сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тауардың нарықтағы бағасына тәуелділігі нақты қарауды етеді. Әр түрлі тауарлар бір-біріне сұраныс пен ұсыныстың бағаларының өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді. Назар аударатын мәселе - базар нарқына қатысты фирмалар ұсыныстың икемділігін үш кезеңге бөліп қарастырады: қысқа, орта, ұзақ мерзімді етіп.

1.4 Икемділік ұғымы. Сұраныс мен ұсыныс икемділігі
Сұраныс пен ұыныс көлемдерінің тауардың рыноктағы бағасына тәуелділігі нақты қарауды керек етеді. Әртүрлі тауарлар бір – бірінен сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшелінеді. Сұраныс қисығының үш нұсқасын қарайық. Бұл жерде көңіл аударатын негізгі мәселе, сатып алушылардың сатушыларға төлейтін ақшысының жалпы сомасы болып табылады. Сатушының жалпы саудадан түсіргені барлық уақытта бағаны сатылған тауарлардың санына көбейткенге немесе Рх0 көбейтіндісіне тең. 1 а-суретте бағаның екі саудадан түсімінің өзгермегендігін сипаттайды. 1 б-суретінде бағаның үш рет төмендеуі сатып алудың екі рет ғана өсуімен қосарланды және жалпы саудадан түсіргені кеміді. Басқа жағдай 1 в-суретінде көрсетілген. Саудадан түсім өседі, өйткені баға кемігендіктен сұраныс көп өсті.

1.5 Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздері
Тұтыну теориясын негізін қалаған Д.Кейнс. Статистикалық бақылау жүргізілгеннен кейін Кейнстің тұтыну теориясы болжауға негізделген.
Кейнстің тұтыну теориясының негізгі жағдайлары:
• тұтынудың табысқа қатнасы (АРС) табыстың өсуіне байланысты кемиді
• тұтынуға шекті иілудің мәні нолден жоғары және бірліктен кіші
• тұтынуды анықтайтын негізгі фактор - табыс
Кейнс өзінің теориялық жағдайына сәйкес келетін тұтыну функциясын жасады. Кейнспен жасалынған тұтыну теориясынан кейін жүргізілген статистикалық бақылау оны растады.

Әдебиеттер
1. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. Астана. 2002 - 462 бет.
2. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет.
3. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999 - 280 бет.
4. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжұмаев Е., Досқалиев С., Жәйшібеков Ж.. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы. 2004 - 480 бет.
5. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория (Оқу әдістемелік кешен) Астана, 2004 - 248 бет.