Меншікті капитал есебі
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған ккезде оның капиталы ҚР заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
5010-5030 шоты бойынша сальдосы кәсіпорынның құрылтайшылық құжаттарында тіркелген жарғы капиталының мөлшеріне сәйкес келуі қажет. 5000 бөлімше шотындағы өзгерістер жарғы капиталы мөлшерінің қайта тіркеу және нақты тәртіпте жүзеге асатын жарғы капиталының азаюы немесе өсу жағдайлары кезінде өндіріледі. Құрылтайшы құжаттарында қарастырылған қатысушылар салым сомасында кәсіпорынмен оның жарғы капиталын тіркеуден кейін «Төленбеген капитал» Дт 5110 өткізбесінде көрсетілген, Кт 5010-5030.