ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ұлттық банктің мақсаты, атқаратын қызметтері, құрылымы 5
1.1 Ұлттық банктің мақсаты 5
1.2 Ұлттық банктің атқаратын қызметтері 7
1.3 Ұлттық банктің басқару құрылымы 11
2 Ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші орган ретінде 14
2.1 Ақша нарығын реттеудегі ерекшелігі 14
2.2 Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі 19
2.3 Ұлттық банк Қаржы министрілігінің – қаржы агенті ретінде 21
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер 27
Кіріспе
Менің курс жұмысымның тақырыбы - «ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттейтін орган ретінде».
Бұл курс жұмысымда негізінен Ұлттық банктің қаржы нарығын реттеудегі рөлі қарастырылады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-соңды болған емес.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытшы бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. нарықтармен) етене байланысты.
1 Ұлттық банктің мақсаты, атқаратын қызметтері, құрылымы
1.1 Ұлттық банктің мақсаты
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады. Ол Республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банкі, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
1.2 Ұлттық банктің атқаратын қызметтері
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.
1.3 Ұлттық банктің басқару құрылымы
Қазақстанның Ұлттық банкі – тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар кеңесі (Директорат) жатады.
Оның жоғары органы – Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.
2 Ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
2.1 Ақша нарығын реттеудегі ерекшелігі
Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктерімен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асырылады.
2.2 Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі
Валюта рыногы Қазақстанның неғұрлым серпінді қаржы рыноктарының бірі. Биржалық және биржадан тыс нарықтардан тұратын валюта нарығының жалпы айналымы өсе түсуде. Түсімділік, өтімділік, іс жүзінде тәуекелдің болмауы сияқты көрсеткіштер бойынша елде валюта нарығына және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына әзірше балама жоқ.
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.
2.3 Ұлттық банк Қаржы министрілігінің – қаржы агенті ретінде
Қазақстан Республикасының банкі – Үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі және агенті. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңында былай жазылған: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі әрі агенті ретінде және басқа да мемлекет органдармен өзара мәмілеге келуі бойынша әрекет етеді.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – оның жоғарғы үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және жарғылық қор иесі. Сондықтан Ұлттық банктің қаржы нарығын реттеудегі орны ерекше.
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл-әміршіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес» қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.