Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 4 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Бастауыш сыныпта патриоттық тәрбие берудің ұйымдастыру формалары

Кешенді патриоттық тәрбиенің ұйымдастыру принциптері - тәрбиені басқаруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Кез - келген өзге де әлеуметтік жүйе секілді патриоттық тәрбие жүйесі де басқаруды қажет етеді.
Басқару ұйымдарының құрылымы. олардың қызметі, құқықтары мен міндеттері патриоттық тәрбие жүйесі басқару бөлімінің құрылымы мен атқаратын қызметтерімен және оның негізгі бағыттарымен айқындалады.
Патриоттық тәрбиенің жүйелілігі, оның құрылымдығы мен біртұтастығы барлық деңгейде және барлық буындарда тиімді басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бүкіл тәрбиелеуші факторларды ескеруге мүмкіндік береді. Басқарудың қажеттілігі объект мен субъектінің, макро - және микро ортаның оңтайлы өзара қатынастарын сақтау қажеттігімен айқындалады.
Патриоттық тәрбие жүйесін басқару ұйымдары қызметінің мынадай түрлерін өзіне қамтиды:

Патриоттық тәрбиенің басты бағыттарын анықтаумен қатар жоспарда негізгі шаралар бөліп көрсетіліп, олар да бөлімдер бойынша топтастырылады. Мысалы, идеялық - саяси тәрбиенің кіші жүйесіндегі негізгі шаралар мынадай тарауларды қамтиды:

Мысал ретінде оқушылардың патриоттық тәрбиелеу жөніндегі кеңестің болашақтық жоспарын қарап көрелік.
Жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

Демек, патриоттық тәрбиені нысаналы жоспарлау тәрбиенің барлық бағыттарында оларды іске асыру үшін мақсаттарды, міндеттер мен негізгі тарауларды айқындауды, тәрбиенің болжанып отырған нәтижелері мен оларды бағалау өлшемдерін айқындай отырып тәрбиеленушілердің өмір мен қызметінің барлық салаларында барлық тәрбиешілермен тәрбиелік ықпалдың тиімді құралдары мен әдістерін таңдауды көздейді.