Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары
Жоспар
1 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қағидаларының түсінігі және олардың түрлері 3
2 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қағидаларының мазмұны 5
Әдебиеттер 12
1 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қағидаларының түсінігі және олардың түрлері
Бүкіл құқық жүйесінің, соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру құқығының тірегі болып құқықтың аса мәнді белгілерін көрсететін құқық қағидалары табылады.
2 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қағидаларының мазмұны
Біздің өмірімізде туындаған жаңа экономикалық жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының келесі қағидаларын атауға болады:
- әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға ортақтығы және қол жететіндігі;
- әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің жан-жақтылығы және көптүрлілігі;
Әлеуметтік қамсыздандыруда бұл қағида тек еңбекпен немесе қоғамдық жұмыспен айналысқан ғана емес, сонымен қатар жұмыс істемеген азаматтардың да (мысалы, жетім балалар, мүгедектер, жұмыс істемеген қартаң адамдар әлеуметтік зейнетақы алуға құқылы) зейнетақы алу құқығына ие болатынынан көрініс табады.
Сонымен қатар, жалпыға ортақтық қағидасы әлеуметтік қамсыздандыру құқығын тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, соған қоса, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар да иеленетіндігінен көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың қол жететіндік қағидасы әлеуметтік қамсыздандырудың жекелеген түрлерін тағайындау, беру және төлеу тәртібін бекітетін нормалардан өз көрінісін табады. Әлеуметтік қамсыздандырудың бүкіл жүйесі адамға – әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да бір түрін алушыға мейлінше жақындау үшін құрылған. Әдетте, қамсыздандыру тұлғаның жұмыс, оқу, қызмет орны немесе тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады. Әлеуметтік қамсыздандырудың жекелеген түрлері тікелей үйде де жүзеге асырылуы мүмкін.