Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқы және оның алдын алудың проблемалары
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс жастар арасындағы құқық бұзуға бейім мінез құлықтарға байланысты жасалған қылмыстардың криминологиялық сипаттамасына жан-жақты талдау жасауға арналған. Зерттеу жұмысында құқық бұзуға бейім жас адамдардың қылмысты жасау себептері мен жағдайлары, олардың жеке бас ерекшеліктері және қылмыстардың алдын-алу мәселелерін одан ары жетілдіру жолдары қарастырылған.
Сондықтан да қылмыспен күресу үшін және оның алдын алу үшін, бүгінгі таңда жас адамдардың қылмысқа барудағы негізгі себептерін анықтай отырып, оған қатысты ұсыныстар жасалынуы аса қажет. Өйткені қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағында осы бағытта жұмыстардың жеткіліксіз тұстары кездесуде. Мысал ретінде тоқталатын болсақ, соңғы жылдары криминологиялық зерттеулерде жастардың қарама-қарсы екі санатын – студенттер мен ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімшелерінде есепте тұрған жастарды біріктіріп, зерделеу мақсаты алға қойылған жоқ. Жасөспірімдердің құқық
Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты – жастар ортасындағы рухани және өнегелік қасиеттің деңгейін зерделеу. Жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқының алдын алудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін қарастыру.
Осы қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешілуі тиіс:
1 Жұмыстың негізгі мазмұны
Кіріспеде диссертацияның өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің нысаны, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар, зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, оның теориялық және тәжірибелік құндылығы, зерттеу жұмысының сыннан өтуі, диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы туралы деректер көрсетілген.
Осыған байланысты, бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік жағдайды арттыру басты мақсат екендігі, қоғам өміріндегі келеңсіз әлеуметтік мән-жайлар мен адамның жеке басының әлеуметтік жағдайы (жұмыссыздық, кедейшілік және т.б.) психикаға тікелей әсер етеді (ашу, ыза, кек пайда болады). Бұл нақты мән-жайлар адамға теріс ықпал еткенмен, қылмысқа себеп болмайтындығы, сондықтан, кез-келген іс-әрекет адамның жеке басымен тығыз байланыстылығы дәлелденген.
Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі
1 Ной И.С. Методологические проблемы криминологии. – М., 1999. – 106 с.
2 Советский энциклопедический словарь. – М.: Сов. энц., 1981. – 1029 с.
3 Психология. Педагогика. Этика: учебник для вузов. – М., 1999. – 257 с.