Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 50 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Несиелік процесс коммерциялық банктердегі


Мазмұны
Кіріспе 3
1-тарау. Коммерциялық банктердегі несиелік процессі және оның негізгі кезеңдері 5
1.1 Несиелік процесс және оның мазмұны 5
1.2 Несиелік құжаттамалар және олардың түрлері 15
2-тарау. Коммерциялық банктердегі несиелік процесті ұйымдастыру тәжірибесіне талдау 23
2.1 Коммерциялық банктердің несиелік нарығына талдау 23
Қорытынды 47
Қолданылған әдебиеттер 50

Кіріспе
1990 жылда Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.
Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты - ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру, несиелік жүйені жақсарту және экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі банктердің жүйесін нығайту.
Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Қазақстанның Ұлттық банкі ақша-несие саясатының біршама тиімді классикалық құралдарын пайдаланды. Оларға қайта қаржыландыру несиелерін беру көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерін анықтау, міндетті резерв нормасын белгілеу, валюталық нарықта интервенция жүргізу және мемлекеттің бағалы қағаздарымен, сондай-ақ Ұлттық банктің бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыру жатады.

Диплом жұмысымның зерттеу объектісі – коммерциялық банктегі несиелік процесті ұйымдастыру.
Зерттеу пәні – несиелік процесс және оның қатынастарын ұйымдастыру.
Бұл жұмыс тек қана несие қатынастарының теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады. Жұмыс үш тақырыпқа бөлінеді. Бірінші тақырыпта несие теориясы, екінші тақырыпта несие практикасы берілген. Мұнда несиенің экономикадағы мәні атқаратын қызметтері ғана қамтылып қоймай, сонымен қатар несие берушілер мен қарыз алушылардың өзара қатынасында пайдаланылатын, оның формалары мен түрлері нақты отандық банктер тәжірибесінде толық қамтылады.

1-тарау. Коммерциялық банктердегі несиелік процессі және оның негізгі кезеңдері
1.1 Несиелік процесс және оның мазмұны
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен катар мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиелік саясат банктің несиелік қызметін, міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын анықтайды.
Кең мағынада, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.

1.2 Несиелік құжаттамалар және олардың түрлері
Несие берушінің борышқорға (заемшыға) ақшаны, не тауарды қайтарып беру шартымен немесе белгілі бір ақы төлегенде жеделдетіп қарыз (несиені қолданғаны үшін төлейтін үстемесі) беру барысында туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі.
Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының. олардың негізгі кызметтерінің яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.

Қорытынды
Қазіргі коммерциялық банктер бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.