Статистикалық бақылау
Жоспар
1 Статистикалық бақылау 3
1.1 Статистикалық бақылаудың сипаты мен мәні 3
1.2 Статистикалық бақылаудың бағдарламалық - әдістемелік және ұйымдық мәселелері 4
1.3 Статистикалық бақылау түрлері 8
1.4 Статистикалық бақылаудың қателіктері 10
Әдебиеттер 11
1 Статистикалық бақылау
1.1 Статистикалық бақылаудың сипаты мен мәні
Бұқаралық процестерді статистикалық тұрғыдан зерттеу, яғни белгілі бір құбылыстар мен олардың белгілері арасындағы байланыстарды мөлшерлік тұрғыдан бейнелеп, олардың шоғырларында көрініс табатын статистикалық заңдылықтарды анықтау үшін алдымен олар жөнінде, қарастырылып отырған объектілер жөнінде бастауыш мәліметтер, басқаша айтқанда, әлі шикі статистикалық материалдар жинау қажет. Міне, осы процесс статистикалық бақылау деп аталады.
Бақылау сөзінің мынадай мағыналары бар: 1) бірер затты (объектіні) білу, анықтау мақсатында оны мұқият көзден өткізу; 2) бірер затты немесе адамды зер сала қарап, зерттеу; 3) оқиғаларды зерттеу, тексеру, бірер мақсатты көздеу.
1.2 Статистикалық бақылаудың бағдарламалық - әдістемелік және ұйымдық мәселелері
Тұрмыс-тіршілікте, күнделікті өмірде кез келген мәселені шешу жолындағы іс-әрекеттеріміз барысында неліктен?, не?, кім?, қалайша?, қашан?, қай жерде? деген сұрақтарға жиі кездесеміз, соларға жауап іздейміз. Бұндай сұрақтар статистикалық бақылауды ұйымдастыру барысында да көп туылып, өзінің шешімін күтеді.
Бақылау объектісі дегеніміз — қарастырылып отырған құбылыстар мен процестер, яғни кәсіпорындар мен ұйымдар, шаруашылықтар, адамдар, жанұялар, үй шаруашылықтары және басқа сол сияқтылардың қызметі тұрғысынан жинағы. Олардың маңызды белгілері туралы мәліметтер жиналады және солар негізінде жинақты сипаттап беретін қорытынды көрсеткіштер есептеледі. Бақылау объектісінің анық өлшемін, көлемін белгілеу кезінде оның уақыт, кеңістік, материялық түзілісі және өлшеу бірлігі тұрғысынан өлшемдерін де анықтап алуға тиіспіз.
1.3 Статистикалық бақылау түрлері
Құбылыстарды тіркеу уақыты, бастауыш мәліметтерді жинау әдісі, бақылау бірліктерін қамтуы және ұйымдастыру тұрғысынан статистикалық бақылау бірнеше түрлерге бөлінеді.
Ұйымдастыру және қаржыландыру тұрғысынан статистикалық бақылауларды төрт түрге бөлуге болады: 1) статистикалық есеп; 2) арнайы тұрақты зерттеулер; 3) тіркеулер; 4) бизнес тексерулер.
Оқиғалардың жүзеге асуын тіркеу уақытына қарай статистикалық бақылау үш түрге бөлінеді: 1) үздіксіз (ағымдық) бақылау; 2) мерзімдік бақылау; 3) біржолата бақылау.
Үздіксіз бақылауда оқиға немесе құбылыс болған уақытта, яғни сол мезеттің өзінде-ақ тіркеледі. Мәселен, туылу, өлу, некеге тұру және ажырасу сияқтыларды азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында тіркеу, жиналған өнімдерді бастапқы құжаттар бойынша тіркеу, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа шығуын табель парағына тіркеу және т. с. с.
1.4 Статистикалық бақылаудың қателіктері
Қаншалықты жақсы ұйымдастырылып, жүзеге асырылғанымен, кез - келген бақылаудың өзіндік қателіктері болады. Мәліметтерді жинау процесінде жол берілген қателіктер бақылау қателіктері деп аталады. Дәлдігі үлкен өлшеу құралдары көмегімен жүзеге асырылатын бір предметті бақылауда да қателіктер кездеседі. Бақылау қателіктері екіге бөлінеді: а) тұрақты қателіктер; б) кездейсоқ қателіктер.
Тұрақты қателіктердің өзі екі түрге бөлінеді: а) өлшеу қателіктері; б) жеке қателіктер, яғни бақылаушы тұлғаның қателіктері.
Әдебиеттер
1. ҚР Статистика жөніндегі Заңы, Астана, 2001 жыл.
2. Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер. Алматы: ҚР Статистика агенттігі, 2005 жыл.
3. Методологические положения по статистике, Алматы: Агентство РК по статистике, 2006.
4. Абдурахманов, Құсайынов Т.А., Байдақов А.Қ. Статистика және ҰШЖ. Астана, 2010 жыл.
5. Әміреұлы Ы. Статистиканың жалпы теориясы. Алматы. Экономика, 1998
6. Шайкенова Н.Т. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2005
7. Абдурахманов М.А. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2006
8. Елемесова А.М., Киіков Е.М. Ұлттық есеп жүйесі. Алматы, Экономика. 2000