Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 31 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының әскери саясаты


Жоспар
Кірiспе 3
1 Қазақстан Республикасының әскери саясаты 6
1.1 ҚР әскери саясатындағы басымдылықтар 6
1.2 Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың орны мен ролі 18
Пайдаланылған әдебиеттер 31

Кірiспе
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайтадан сайланған Н.Ә.Назарбаев 1999 жылғы 20 қаңтарда мәртебелі қызметіне кірісу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Даңқты өткенімізден күш ала отырып, жаңа ғасырға нық қадам басамыз» - деді.
Бұл сөздің астарында не бар? Даңқты өткеніміз қандай, ол қашаннан басталады?
Қазақ халқы - этногенез жағынан алғанда, үш мын жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Тарихқа біздің заманымызға дейінгі (б.з.д.) X ғасырда сақтар, б.з.д. IV ғасырда хұндар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады), б.з. V-VI ғасырларында «түріктер» деген атпен енген бүгінгі қазақтар - сақтардың, хұндардың, түріктердің даңқты әскери тарихының, төл мұрагері.

1 Қазақстан Республикасының әскери саясаты
1.1 ҚР әскери саясатындағы басымдылықтар
Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев әскерлердің алдында сөйлеген сөзінде «әскери училищелердің офицерлері мен курсанттарына, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне соғыс және армия туралы әскери тарихты оқыту» керектігіне баса назар аударды. Бұл біріншіден, әскери істе болып жатқан процестерді, қарулы күштерді құрудағы теориялық - практикалық өзгерістерді, соғыс жүргізудің тәсілдері мен эволюциялық формаларын терең тануға, қазіргі заманғы мәселелерді дұрыс шешуге, практикалық тәжірибе мен теориялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Екіншіден, әскери тарих курсанттар мен офицерлердің, әскери ойлауын, ғылыми ой - өрісін дамыту үшін де маңызды.

1.2 Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың орны мен ролі
Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918 – ші жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бомбылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады.
Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттігі туындады.
Сөйтіп әуе шабуылынан қорғану үшін 1920 жылдары жергілікті әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды.