Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 57 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Нарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару


Мазмұны
1 Нарық жағдайында еңбек ақыны төлеудің теориялық негіздері 3
1.1 Еңбек ақының мәні, мазмұны және қағидалары 3
1.2 Еңбек ақының нысандары мен жүйелері 14
1.3 Қазақстан Республикасында еңбек ақыны мемлекеттік реттеу жүйесі 20
2 ЖШС «ПолимерМеталл- Т» кәсіпорындағы еңбекті мөлшерлеу мен еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйесі 29
2.1 «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-ның сипаттамасы мен экономикалық қызметін бағалау 29
2.2 «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-ң еңбек ақы төлеу жүйесін мөлшерлеу және талдау 36
3 Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді жүйелеу мен жетілдіру жолдары 41
3.1 ЖШС «ПолимерМеталл-Т»-да еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар 41
3.2 Шет ел тәжірибелерінде еңбек ақыны ұйымдастыру 45
Қорытынды 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 57

1 Нарық жағдайында еңбек ақыны төлеудің теориялық негіздері

1.1 Еңбек ақының мәні, мазмұны және қағидалары

ҚР-ның еңбек туралы кодексі бойынша еңбек ақы – бұл жұмыскерлердің фактілі атқарған еңбегі үшін ақшалай және натуралды нысанда берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады. Қазіргі кезде еңбек ақы жұмыскер табысының көп бөлігін құрайды. Ал нарықтық экономиканың дамуы кезіндегі еңбек ақы – оның еңбегін пайдаланудың нәтижесі болып табылады, және жұмыскер жұмсаған еңбегінің құнымен анықталып, пайдаланылған жұмыс күшінің сұранысынан туындайды. Неғұрлым жұмыс күшіне сұраныс көп болса, оның ұсынысы кеміп, еңбек ақы мөлшері артады және керісінше. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың біртіндеп қалыптасып, баяу дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігі аумағында еңбек ақы жұмыс күшінің құны болып табылады, ал ол жұмыскердің тіршілігі үшін қажетті жағдай жасайды. Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді.
Әлеуметтік - экономикалық категория бойынша еңбек ақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкер үшін еңбек ақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбек ақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбек ақының ынталандырушы рөлі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.

1.2 Еңбек ақының нысандары мен жүйелері

Еңбек ақының жүйелері мен нысандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін, сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбек ақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.
Еңбек ақы нысандары – бұл еңбек ақы төлеу мақсатымен жұмыскердің орындаған еңбегі кезінде ақылы еңбек нәтижесі бойынша негізгі көрсеткіштердің еңбек ақы төлеу жүйесінде жинақталған белгілі бір тобы.
Кәсіпорында еңбек ақының 2 түрлі нысаны кең таралған: кесімді және мерзімдік.
Мақсаттың ішінен басты нәрсе болып еңбек өлшемі мен еңбек ақы өлшемі арасындағы дұрыс арақатынасты қамтамасыз ету, сонымен қатар тиімді еңбекте жұмысшылардың мүдделерін көтеру болып табылады.

1.3 Қазақстан Республикасында еңбек ақыны мемлекеттік реттеу жүйесі

Экономиканың реформасы жылдары Қазақстанда еңбек ақыны төлеу, реттеудің белгілі бір тетіктері қалыптасты. Бұл тетіктер мемлекеттік және ұжымдық-келісім ұйымдастыру функцияларына сүйене отырып халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған. Экономика реформасының алғашқы жылдары пайда болған кейбір негативті бағыттар осы күнге дейін бар. Олар:

2 ЖШС «ПолимерМеталл- Т» кәсіпорындағы еңбекті мөлшерлеу мен еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйесі

2.1 «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-ның сипаттамасы мен экономикалық қызметін бағалау

Алдымен серіктестіктің тарихына қысқаша шолу жасайық. Серіктестік Қазақстан Республикасының Министрлігімен 2003 жылдың №241 24 маусымдағы жарғысымен бекітілді. Зауыт ұйымдық-құқықтық меншік түрінде – жеке болып табылады. Серіктестіктің қатысушылары болып Қазақстан Республикасының азаматтары : Махамбетова Алтынай , Ронина Людмила , Лунев Сергей , Котоянц Ирина табылады. Кәсіпорындағы персоналдардың қысқаша сипаттамасына келетін болсақ, қызметкерлердің биылғы саны 118 адам қызмет ететін зауыт болып табылады. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері – серіктестік қызметін қамтамасыз ету үшін қатысушылардың салымын біріктіру жолымен 87200 теңге мөлшерін құрайды. Активтерінің құрылымы ағымды және ұзақ мерзімді активтер болып келеді.
Кәсіпорындар саны, өнім көлемі мен маңыздылығына және негізгі өндіріс процесінің механикаландыру деңгейіне байланысты құрылыс өндірісінде металл өнімдері аса маңызды рөл атқарады.

2.2 «ПолимерМеталл-Т» ЖШС-ң еңбек ақы төлеу жүйесін мөлшерлеу және талдау

Қазақстанның жекелеген облыс тұрғындарының күн көріс деңгейі әртүрлі. Сонымен қатар жалақы деңгейін көтеру мен оның даму жолын қарастыру мақсатында Қапшағай қаласында орналасқан серіктестіктің еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруы мен басқаруына назар аудару керек.
Осыған байланысты еңбек ақыға жұмсалған талдау негізіндегі қаражат үлкен мағынаға ие. Осының негізінде жалақыны (еңбек ақы) жұмсау қорына жүйелік тексерістерді іске асыру жөн, өнімнің еңбек сиымдылығын төмендету мен өнімділікті өсіру арқасында қаражаттарды үнемдеу мүмкіндіктерін туғызу. Жалақыны төлеу қоры қолданыстағы ҚР статистика агенттігінің нұсқауына кіретін кәсіпорынның ұсталымдарын, еңбек ақыны ғана талдамай, сонымен қатар әлеуметтік қорғау мен таза табысқа төленетін төлемдер және кәсіпорынның қолданысында қалатын.

3 Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді жүйелеу мен жетілдіру жолдары

3.1 ЖШС «ПолимерМеталл-Т»-да еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар

Ең алдымен бұл жерде белгілі бір жұмысшы категориясы үшін кәсіби - квалификациялық модель жасап шығару керек. Ол модельге өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір жұмысты орындауда жұмысшының бойында қасиеттері, білімі мен дағдылар тізімі кіру керек. Бұл талаптар әр лауазымға әр түрлі болу керек, яғни сол лауазымға сәйкес келу керек.
Осындай модельді шығару жұмысшылардың бойындағы қасиеттердің көбеюіне әкеледі және басшыларды, мамандарды және қызметкерлерді бағалау критерийлерін таңдауға көмектеседі.
Ол модельге мынадай критерийлер кіруі мүмкін:

Қорытынды

Жалақы деңгейін қалыптастыру процесінің бай тарихын түгелдей келтіру мүмкін емес, бұл өте күрделі мәселе. Сонда да бұл жерде тарифтік келіссөз анатомиясын қарастыру қажет. Ертеректе тарифтік анатомия тек екі жақ қатысуын белгілейді делік, бірақ шын өмірде жұмыс беруші мен кәсіподақпен қатар келіссөз жүргізу процесіне әртүрлі бірлестікке кірмеген кәсіпкерлер мен кәсіподақтар, үкімет және қоғам өз ықпалын жасайды.
Қазақстан Республикасының еңбек кодексі негізінде еңбек ақы істелген жұмыс мөлшеріне қарай ақшалай немесе басқа түрде беріледі.