Ұжымдық шарттар және келісімдер.
Жоспар
1 Ұжымдық шарттың түсінігі және қағидалары 3
2 Ұжымдық шарттың тараптары 6
3 Ұжымдық шартты бекітудің тәртібі 10
Әдебиеттер 17
1 Ұжымдық шарттың түсінігі және қағидалары
Ұжымдық шарттар және әлеуметтік-әріптестік келісімдер жұмыс берушілердің қанауына қарсы жұмысшылардың күресінің нәтижесінде ғана пайда болды. Алғаш рет ұжымдық шарттар Англияда ХІХ ғасырдың ортасында еңбек пен капитализмнің үйлесу негізі ретінде пайда болды. Алайда, оларды құқықтық реттеу, соның ішінде, Халықаралық еңбек ұйымының халықаралық-құқықтық актілерімен реттеу тек ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қана мүмкін болды.
2 Ұжымдық шарттың тараптары
Ұжымдық шарттың тараптары болып мыналар табылады:
1) қызметкерлер – өз өкілдері арқылы;
2) жұмыс беруші – ұйымның басшысы немесе ұйымның жарғысына (не өзге де локальдық актіге) сәйкес өкілеттіктерге ие өзге де тұлға арқылы.
Ұжымдық шарттың бір тарапы болып жұмыс беруші табылады.
Жұмыс берушінің өкілі оның атынан келіссөздер жүргізіп, ұжымдық шартты бекіту мәселелерін шеше алады. Заңнамаға сәйкес жұмыс берушінің өкілі ретінде құрылтай құжаттарының негізінде жұмыс берушінің (немесе жұмыс берушілер тобының) мүдделерін білдіруге уәкілетті жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік кәсіпорында жұмыс берушінің өкілі болып кәсіпорынның басшысы, ал мемлекеттік емес кәсіпорында – меншік иесі немесе меншік иесінің өкілі болуға уәкілетті кәсіпорын басшысы табылады.
3 Ұжымдық шартты бекітудің тәртібі
Ұжымдық шартты бекітуге кез келген тарап ниет білдіруі мүмкін. Шартты бекітудегі алғашқы кезең болып келіссөздер табылады. Бұл кезеңде жұмыс беруші мен қызметкердің өкілдері және олардың өкілеттіктері анықталады. Өкілеттіктер белгіленген соң ұжымдық келіссөздер тағайындалады. Тараптардың кез келгені екінші тарапты келіссөздердің басталғаны туралы жазбаша түрде хабарландыра алады. Бұл жағдайда екінші тарап келіссөздерден, ережелерді белгілеуден және шартқа қол қоюдан бас тарта алмайды. Жазбаша хабарлама алған соң сол хабарламада көзделген мерзімге дейін келіссөздер жүргізіледі.