Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасында меншікке салынатын салықтардың алыну механизмі және олардың аумақтық бюджеттерді құрудағы ролі


Жоспар
Кіріспе 3
І Салықтардың экономикалық мазмұны және мәні 4
1.1 Салықтар ұғымы, мазмұны және экономикалық мәні 4
1.2 Меншікке салынатын салықтардың мәні және пайда болу алғышарттары 9
ІІ Қазақстан Республикасында меншікке салынатын салықтардың алыну механизмі және олардың аумақтық бюджеттерді құрудағы ролі 12
2.1 Меншікке салынатын салықтарды есептеу механизмі 12
2.1.1 Жер салығы 12
2.1.2 Көлік құралдарына салынатын салық 18
2.1.3 Мүлік салығы 19
2.2 Меншікке салынатын салықтардың аумақтық бюджеттердің кірісіндегі орны 23
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер 28

Кіріспе

Салықтар дүниежүзіндегі барлық адамзаттық өмірінде күнделікті кездесіп отыратын құрал болып келеді, себебі әрбір тұлғаның сатып алатын, тұтынатын заттарының барлығының құрамында салықтың белгілі бір мөлшері тұрады. Мемлекет қоғамның қызығушылықтарын әр-түрлі салада қолдай отырып, сәйкесінше белгілі бір саясатты ұстанады. Мұнда әлеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеуінің объектісі мен субъектісінің ара-қатынасының құралы ретінде қаржы-несиелік және баға механизмі қызмет атқарады.
Қаржылық-бюджеттік жүйе мемлекеттің қаржылық ресурстарын, яғни бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру мен қолдану жөніндегі қатынастарды қамтиды. Бұл қорлар мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, діни және қорғаныс сияқты басқа да қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ал осы қорлардың ҚР-да бүгінгі таңда көп үлесі салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерден құрылатындықтан қаржылық-бюджеттік жүйенің негізгі қорлану көзі салықтар болып келеді.
Барлық салықтық және салықтық емес түсімдер, басқа да капиталмен жасалатын операциялардан түскен түсімдердің барлығы мемлекеттік бюджетте шоғырланады, ал мемлекеттік бюджет өз кезегінде республикалық және аумақтық бюджеттерге бөлінеді. Біз алдымыздағы жұмысымызда аймақтық бюжеттердің кірісінің негізін құрайтын жер, көлік, мүлік салықтары туралы бар мәліметті беруге тырысамыз. Бірінші бөлімде біз салықтарға жалпы сипаттама беріп өтеміз: салықтар ұғымы, мазмұны, экономикалық мәні, жүйесі, механизмі және меншікке салынатын салықтардың мәні туралы.

І Салықтардың экономикалық мазмұны және мәні

1.1 Салықтар ұғымы, мазмұны және экономикалық мәні

Мемлекет бюджеті әртүрлі көздерден қалыптасады:
біріншісі, ішкі және сыртқы көздер – қаражат иесінің қарыз алушыға қаржыны ерікті түрде беруі; екіншісі, салықтар – бұнда қаражат керісінше мәжбүрлеп алынады.
Салықтар әскери табыстар мен баждармен қатар пайда болған мемлекеттің қорлану көзінің бірі болып келеді, яғни заңды түрде белгіленген қойылым арқылы халық пен шаруашылық субъектілердің табысынан алынатын міндетті алымдар.
Салықтардың ұғымы бір, егер ғалымдардың анықтамаларында айырмашылық болса, алшақтық алысқа кеткен емес.

1.2 Меншікке салынатын салықтардың мәні және пайда болу алғышарттары

Барлық салықтар экономикалық механизм қызметіне байланысты байланысқан және байланыспаған болып бөлінеді. Байланысқан салықтарға қосылған құн салығы жатады. Экономикалық механизм негізінде салық төлеушілерден байланысқан салықтарды алу барысында бұл салықтардың байланыстылығын байқаймыз. Бұл байланыстың болмауы ҚР салық жүйесінде күрделі қиындықтарға әкелер еді. Әсіресе салық төлеушілер тарабынан заң немесе салық төлеу тәртібінің бұзылғандығы байқалар еді. Сонымен байланысқан салықтар горизонтальді механизммен алынады, белгіленген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша салық салуды білдіреді.

ІІ Қазақстан Республикасында меншікке салынатын салықтардың алыну механизмі және олардың аумақтық бюджеттерді құрудағы ролі

2.1 Меншікке салынатын салықтарды есептеу механизмі

2.1.1 Жер салығы

Жер салығы жерді иелену мен пайдалану құқығы үшін төленетін салық болып табылады. Жер салығын төлеу мақсаты:
- жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
- жерді сақтау;
- жердің құнарлылығын арттыру;
- жергілікті аумақтардың әлеуметтік және мәдени дамуын қамтамасыз ету, олардың қаржылық көздерін құру;
Барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесулігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді, және бұл санаттар ҚР-ң жер туралы заң актілерінде белгіленген:

2.2 Меншікке салынатын салықтардың аумақтық бюджеттердің кірісіндегі орны

Бюджет заңнамасына сәйкес ҚР жиынтығы мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді. Мемлекеттік бюджет олардың өздерінің арасындағы өзара өтеу операцияларын есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Республикалық және жергілікті бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бекітетін бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің 1 деңгейінен 2-деңгейіне берілетін мемлекеттік қаржылық статистикасы нысанасының бірлігімен, бюджеттік рәсімдердің, ақша жүйесінің бірлігі принциптерімен қамтамасыз етіледі. Бюджеттің құрылымы келесідей:

Қорытынды

Салықтардың Қазақстан Республикасында 9 түрі бар, сонымен қатар 13 алым, 9 төлем, 4 кедендік алым және 1 мемлекеттік баж қызмет жасайды. Өздерінің жер және басқа да байлықтарымен өмір сүретін оффшорлы аймақтардан басқа мемлекеттердің барлығы қызмет бабында пайда болатын шығындардың орнын жабу мақсатында меншік қаржылық базаға ие болу керек, осы база болған жағдайда ғана мемлекет өмір сүре алады. Бұл қаржылық қорлар мемлекеттік бюджет түрінде мобилизацияланады, ал мемлекеттік бюджет аумақтық бюджеттерден тұрады.
Қазақстанның Жер Кодексінде жер республиканың айрықша меншігі ретінде белгіленген, бірақ жерді жалға алу мен жекешелендіру саясаттары іске асу барысында болғандықтан оны көлік және мүлікпен бірге жеке және заңды тұлғалардың меншігі деп санаймыз. Тұлғалар осы меншік формаларын пайдаланғаны үшін жылына бір рет салық төлеуге міндеті. Бұл салықтардың басты мақсаты – меншікті ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және оны сақтау, жердің құнарлылығын арттыру, жергілікті аймақтардың әлеуметік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру үшін бюджеттің түсімдерін құру болып табылады.