Қоғамдағы саяси жүйе
Жоспар
1 Саяси жүйенің түсінігі мен теориясы (Д. Истон, Г. Алмонд, К. Дойч) 3
2 Саяси жүйенің құрылымы. Институциональді, нормативті, коммуникативті, мәдени, функциональді жүйелер 8
3 Саяси жүйенің типтері 9
Негізгі әдебиеттер 14
1 Саяси жүйенің түсінігі мен теориясы (Д. Истон, Г. Алмонд, К. Дойч)
«Саяси жүйе» ұғымының мәні, оның құрылымы мен міндеттері. Қоғамның саяси жүйесі ұғымы-саясаттану ғылымындағы өте күрделі мәселелердің бірі. Саяси жүйе-қоғамдық жүйенің құрамдас бөлігі, қоғамдық жүйе саяси жүйеден бұрын қалыптасқан. Қоғамның саяси жүйесі-саяси қатынастарды, саяси сананы, саяси нормалар мен принциптерді қоғамның саяси ұйымдарын қамтитын саяси қондырманың ең басты білегісі. Саяси жүйе ұғымы көптеген қоғамдық ғылымдардың назарында болып әр қырынан зерттеліп келеді.
Ал саясаттану ғылымы саяси жүйені, қоғамның негізгі салаларындағы маңызды саяси құбылыстарды әрекетке келтіріп, реттеп тұратын біртұтас әлеуметтік механизм деп қарайды. Саяси жүйе, қоғамның саяси әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ететін тұтас саяси организм. Саяси жүйе негізін саяси билікке, ең бастысы мемлекеттік билікке қатынасы бар таптар, ұлттар, ірі қоғамдық жіктер мен әлеуметтік топтар құрайды. Саяси жүйе қызметі, болып жатқан саяси қатынастардың даму деңгейіне тікелей тәуелді болады.
2 Саяси жүйенің құрылымы. Институциональді, нормативті, коммуникативті, мәдени, функциональді жүйелер
Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі 4 бөлігін айтады: 1) саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік.
Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл қайымдардың барлығы таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.
Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кірді. Олардың басқа (экономикалық, ұлттық, діни, жанұялық және т.с.с.) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.
3 Саяси жүйенің типтері
Саяси жүйені жіктеп-топтау жөнінде әлі де ортақ пікір қалыптаспаған маркстік көзқарасты жақтаушылар саяси жүйені жіктеуде, қай қоғамдық экономикалық формацияда екендігіне, әлеуметтік-экономикалық құрылымына қарап соны өлшем етіп алады. Бұл көзқарастан әлбетте құл иеленуші феодалдық, буржуазиялық, социалистік саяси жүйе келіп шығады.