Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 47 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қаржы лизингінің түсінігі және оның түрлері


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ. ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 5
1.1 Қаржы лизингінің түсінігі және оның түрлері 5
1.2 Лизинг түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары және ерекшеліктері 11
1.3 Лизинг - шағын кәсіпкерлікті қаржыландырудың негізгі құралы 19
2-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ШАРТТАРЫ, ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 22
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялар дамуының қазіргі жағдайы 22
3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ 33
ҚОРЫТЫНДЫ 45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР 47

КІРІСПЕ

Қазіргі жағдайда Қазақстан экономикасының дамуы оның барлық салаларындағы терең нарықтық өзгертулер бойынша шаралар жүргізуге және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасы 2030 жылға дейін халық шаруашылығын басқарудағы елеулі оңды өзгертулерді қарастырады. Экономиканы басқару стратегиясында лизинг механизміне елеулі мән беріледі, себебі, онда отандық кәсіпкерлік нарықтың дамуына үлкен потенциал салынған.
Өз қаржы ресурстарының, бюджеттік қаражаттың және шетелдік инвестиция шектеулілігі жағдайында Қазақстан кәсіпорындары жаңа техниканы лезде сатып алуға мүмкіндігі, құрал-жабдықтарды өндірушілердің өздері елеулі қаржы ресурстарын қажет етеді, банктер шаруашылық субъектілерді несиелендіру үшін лезде кепіл сұрайды.

1 ТАРАУ. ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.1 Қаржы лизингінің түсінігі және оның түрлері

Инновациялық процестердегі лизингтің рөлін терең анықтау үшін лизингтің экономикалық мәнін және оның қаржы ресурстарының жетіспеушілігі жағдайында негізгі қорларды қайта құру процесіне ықпалын анықтау керек.
«Лизинг» термині ағылшынның «lease» етістігінен шықты және «жал» деп аударылады, лизинг келісімінің негізінде тараптардың мүлікті уақытша пайдалануға қатысты қатынастары жатқанûмен, келісімнің сипаттамасы осымен шектелмейді. Неміс тілінде «leasіngvertrage» термині «тұрғын үйді бұзу және жөндеу үшін жауапкершілік жалға алушыда болатын жалдау келісімінің түрін» білдіреді.
Тек француз тілі «credіt-baіl» түсінігінің мазмұнын кішкене ашуға мүмкіндік береді: «жалгер-кәсіпорын үшін арнайы алынған құрал-жабдықтарды жалдау».
Қазақстан Республикасының Қаржы лизингі туралы Заңына сәйкес «лизинг»- лизинг беруші сатушыдан өз меншігіне сатып алған және лизинг шартымен келісілген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгілі бір төлемақысына және белгілі бір талпптармен уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін кемінде үш жыл мерзімге пайдалануға беруге міндеттенетін инвестициялық қызметтің бір түрі. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына талаптардың біріне немесе бірнешеуіне сай келуі тиіс:

1.3 Лизинг - шағын кәсіпкерлікті қаржыландырудың негізгі құралы

Қазіргі кезде Қазақстанда шағын кәсіпорындар үшін берілетін қаржы мен несие қорының жеткіліксіздігі, қысқа мерзімдік несиенің 20-25 пайыз құрайтын қайтарым өтемінің жоғары деңгейі мен шағын кәсіпкерлер тобының банкіден алған қарыздарын өтеуге қоятын кепілдіктерінің жоқтығы қинап отыр. Қазақстандағы шағын кәсіпкерлер тобын несиемен қамту механизмін жетілдіру және шағын кәсіпорындарды қолдау үшін қаржыландырудың балама түрлерін дамыту керек. Шағын бизнесті қолдау бағытының бірі - қаржыландыруды жетілдіруге лизингтік несие мүмкіндік береді.
«Лизинг» ағылшын етістігінен шыққан сөз. Ол «мүлікті қарызға беру және алу» мағынасын береді. Дамыған елдерде лизинг - инвестициялық қаржыландырудың бірден-бір өзекті механизмі, әрі банк бизнесінің баптарында айналымы жүздеген миллиард долларды құрайтын жоғары табыс көзі болып есептелінеді.
Лизингінің мынадай түрлері бар: жедел және қаржылық. Жедел лизинг - транспорт құралдарын, құрылыс техникаларын, өлшеу құрал-жабдықтарын, саймандарын және басқа да техникалық құралдарды қысқа мерзімдік жалға береді. Лизингтің бұл түрінің ерекшелігі аталған құралдарды пайдаланғаннан кейін ол иесіне қайтарылады. Қаржылық лизинг әдеттегі лизинг үлгісін неғұрлым кеңірек қолдану арқылы келісімдегі жалға берген мүліктің тұтыну құнын толық, немесе үлкен бөлігін өтеудің орта және ұзақ мерзімді айырмасы айқындайды. Қаржылық лизингінің басты шарты – лизингтік жалгерлік шығынды қайтару үшін қажеттілікті қажет ететін негізгі мерзімді бұзуға мүмкіндік бермейтіндігі.

2-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ШАРТТАРЫ, ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялар дамуының қазіргі жағдайы

Қазақстандық лизингтік компанияларды үш негізгі категорияларға бөлуге болады:
- банкімен құрылған компаниялар;
- коммерциялық құрылымдармен құрылған және жергілікті әкімшілікпен қолданатын компаниялар;
- мемлекетпен құрылған және қаржыландырылатын компаниялар.
Төртінші категорияға шетел компаниясымен қаржыландырылатын және қазақстанның заңнамасына сәйкес заңды тұлға мәртебесі бар лизингтік компаниялар жатады. Бірге алынған осы төрт топ лизингтік компания-резиденттерін құрады.

3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ


Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің дамуы инновациялық процесстің белсендіруінің перспективті бағыттарының бірі, сондай-ақ өндірістің техникалық қайта құрылуының және экономикадағы құрылымды қайта құрылудың қуатты импульсі бола алады.
Лизингтік операцияларды жылдамдатуын мемлекеттік ынталандыру мақсатында «Қаржылық лизинг туралы» Заң жарыққа шығар алдында келесі нормативті-құқықтық актілер қабылданды:

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан әлі де шикізат ресурстарының әлемдік бағаларынан тәуелді, және бұл тәуелділік көмірсутектік шикізат экспорты көлемінің артуына байланысты қысқа мерзімді перспективада өсіп отыр. Қазақстан экономикасын, шикізат ресурстары бағаларының тұрақсыздығынан қорғау механизмі қызметін өз өндірісін дамыту атқарады. Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық құрал-жабдықтардың 80% ескіріп, алдағы бірнеше жылда ауыстыруды қажет етеді. Мұнда негізгі құралдарға инвестициялауды қаржыландырудың инструменті ретінде лизинг дамуы үлкен рөл атқарады.
Дамушы елдерде де, дамыған елдерде де, лизинг кәсіпорындарды орта мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландырудың маңызды көзі болып табылады. Ерекше рөлді ол, лизинг алушылардың, әсіресе, шағын, орта кәсіпорындардың, және де осы елдерде жұмыспен қамту, инновациялар енгізу, және бәсекелестікті дамыту мәселелерінде негізгі рөл атқаратын жаңадан құрылған кәсіпорындардың активтерін өсірудің тиімді құралы ретінде атқарады.
Жалпы, лизингтік саланың дамуы экономикалық өсуге бірнеше бағытта оңды әсерін тигізеді.
Лизинг шағын және орта бизнесті әрі қарай дамытуға әрекеттеседі, себебі, бірқатар себептермен қаржыландырудың басқа көздеріне қол жеткізе алмайтын шағын және орта кәсіпорындарға өзінің өндірісін құру және модернизациялау мүмкіндігін береді.