Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 36 стр.

Полный просмотр работы

Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтық экономиканың негізі


Жоспар
Кіріспе 3
І бөлім. Меншік экономикалық категория ретінде 5
1.1 Меншік экономикалық категория ретінде 5
1.2 Меншіктің объектілері мен субъектілері 7
1.3 Меншік түрлері және олардың экономикалық қызметтері. 15
ІІ бөлім. Меншіктің формалары мен заңдылықтары 20
2.1. Меншіктің формалары, олардың даму диалектикасы 20
2.2 ҚР-да меншіктің әр-түрлі формаларының қалыптасуы 23
2.3. ҚР-ғы меншік туралы заң 25
ІІІ бөлім. ҚР-да меншік қатынастарын қайта құру 29
3.1. Жекешелендіру: мәні, кезеңдері 29
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер 36

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтық экономиканың негізі».
Курстық жұмысымның мақсаты: меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін, саяси-әлеуметтік дамуын Қазақстан Республикасының заңын қарастыру.
Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:
- меншік экономикалық категория ретінде.
- меншік түрлері, олардың қызметі.
- меншік формалары мен заңдылықтары.
Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.
Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек:
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.
Бүкіл қоғамдық құрылыстың өзегі болып табылатын меншікті 1.2-сызба сипаттайды.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері — Рональд Коуз (191 ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінін жалғасын тапты. Осы ғалымдарды тұжырымламасына сәйкес, ресурс әзінен өзі меншік бола алмайды тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық — міне осы меншіктің мазмұнын құрайды.
Меншік субъектілері: жеке түлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.
Меншік үлгілері сан-алуан түрлі болады: олар алғашқы қауымдастық, сенімділік, мемлекеттік ұжым, халықаралық. жеке меншік. Осындай иемденушілік: феодалдық. буржуазиялық, социалистік, мемлекеттік, акционерлік болады. Олардың қатарында: кооперативтік біріккен, жеке акционерлік, мемлекеттік, шаруашылық біріккен түрлері болады. Нарық экономика жүйесінде, жеке және басқа меншікте қоғамдық жиынтық өнім қалыптасады. Осы қосынды өнім ең басты, біртіндеп, белгілі бір мерзім кезеңінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы және жеке капиталдардың өзара уласқан және байланысты сомасы. Онымен қатар, қогамда белгілі бір уақыт мерзімде еңбек пен жасалган жана құн.

І бөлім. Меншік экономикалық категория ретінде
1.1 Меншік экономикалық категория ретінде
«Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенінің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жер мен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген діни, табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам — өндіруші және өндіріс құрал-жабдығын иеленуші ретінде көрінеді (жер — қоғамдык өндірістің басты құралы).

1.2 Меншіктің объектілері мен субъектілері
Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:

1.3 Меншік түрлері және олардың экономикалық қызметтері.
Меншік қатынастары мынадай қызметтерді қамтиды:
а) иелену (затты иеленуді жүзеге асыру қожалық ету);
ә) пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);
б) бөлу (заттың құқықтық тағдырын анықтау - сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.).
Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келуі арқылы жүзеге асады.
Меншіктің экономикалық түрлері:

ІІ бөлім. Меншіктің формалары мен заңдылықтары
2.1. Меншіктің формалары, олардың даму диалектикасы
Меншік — мемлекеттік биліктің негізгі саяси әлеуметтік даму сатысының экономикалык капиталы.
Демек билік — меншіксіз, ал меншік — биліксіз өмір сүре алмайды. Соңдықтан кандай да болмасын субъекті (мемлекет, жеке немесе заңды тұлға) үшін, әсіресе, мемлекеттік құрылым үшін билік пен меншік бір-бірінен ажыратылмайтын құндылык, болып табылады.

2.2 ҚР-да меншіктің әр-түрлі формаларының қалыптасуы
Әдетте, эканомикалық теория меншіктің екі базалық формасын бөліп көрсетеді: жеке меншік және мемлекеттік. Ал соңғы кезде (нарық жағдайында меншіктің жеке меншік формасының өзі жеке бастық мүддесін іске асыру бағытында екі, негізгі шаруашылық формада жүргізіледі.

2.3. ҚР-ғы меншік туралы заң
Меншік құқығын 1961 жылы ағылшын заңгері А. Оноре, оның 11 элементін ашып көрсетеді. «Оноре тізбегі»; иелік ету, пайдалану, басқару, иелену, есептер шығару, қауіпсіздік, ұрпаққа қалдыру, мерзімсіз (бүкіл ғұмыры бойынша) пайдалану, басқаларға қауіп төндірмей пайдалану, қарызына төлеу арқылы иеліктен шығару және меншік құқығын «қайтару» (біреуге берген құқығын мерзімі өткен соң өзіне қайтару).
Осы заңда меншік құқығының ережелері келтірілген:

ІІІ бөлім. ҚР-да меншік қатынастарын қайта құру
3.1. Жекешелендіру: мәні, кезеңдері
Әкімшіл-әміршілдіктен нарықтық жүйеге өту үшін игіліктерді мемлекет иелігінен алу және жекелендіруді жүзеге асыру талап етіледі.
Жекелендіру дегеніміз – азаматтардың немесе олардың бірлестіктерінің акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің, сондай-ақ кәсіпорындардың акцияларының барлығын немесе бір бөлігін жекеменшікке алуы болып табылады.
Кәсіпорындарға қатысты үкіметтік негізгі стратегиясы мемлекеттік кәсіпорындарды нарықтық бәсеке жағдайында жұмыс істей алатындай жекеменшік фирмаларға айналдыру. Мұны жаңа фирмаларды құру. Сондай-ақ бұрыннан барларын жекелендіру арқылы жүзеге асыру жобаланған еді.

Қорытынды
Сонымен, мен меншік категориясының экономикалық мазмұнын, оның эволюциялық өзгеруін, меншік қатынастары мен құқықтары, оның субъектілері мен объектілері арасындағы байланыстық қатынастарын, әр түрлі формаларын жинақтадым. Нарықтық экономика әрбір қарапайым азаматтардың нарық жағдайына бейім болуын, қазіргі қоғамның объективті заңдарын, рыноктың қыры мен сырын, ерекшеліктерін жалпылама орташа деңгейде болса да білгенін қолдайды. Олардың нарық жағдайындағы өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсініп, бүгінде аласапыран өзгеріп отырған өмірден өз еншілерін алып, өз тұрмыс қажеттілігіне пайдалана алатындай дәрежеде сауатты (нарыққа байланысты) өмір сүруіне өте қолайлы.