Қоғамдық ұйымдар және қоғамдық қозғалыстар
Жоспар
1 Қоғамдық ұйымдар және қоғамдық қозғалыстар 3
1.1 Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі 3
1.2 Қоғамдық қозғалыстар туралы түсінік, белгілері, қызметі, түрлері 5
Әдебиеттер 8
1 Қоғамдық ұйымдар және қоғамдық қозғалыстар
1.1 Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі
Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым -қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.
1.2 Қоғамдық қозғалыстар туралы түсінік, белгілері, қызметі, түрлері
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады:
1) Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады;
2) Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзеңдегі (1989 ж.) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда "Бірлік" деген ұйым қүрылды, ал Шевченко қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді;
3) Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда «Азат», «Желтоқсан» партиялары солай туған болатын.
Әдебиеттер
1 Балгимбаев А. С. Проблемы формирования партийной системы в РК / Демократическая модернизация Казахстана: стратегия развития в 21 веке. – Алматы, 1999. – С. 37–39.
2 Бабакумаров Е. Ж. Казахстан: политическое измерение социальной стратификации общества. – Алматы, 1999. – С. 97–99.
3 Антонова И. М. Общественные движения и проблемы власти // Социально политические науки. – М., 1999. – № 4. – С. 7–19.