Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері
Жоспар
1 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі 3
2 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің түрлері 4
3 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің жүйесі 7
4 Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы, кеңістіктегі және қызметкерлер санаты бойынша күші 12
Әдебиеттер 18
1 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі
Бұл қай орган және қандай мәселелер бойынша оларды қабылдағанына қарай ажыратылатын нормативтік құқықтық актілер. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі тура мағынада әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларына бастау беретін, әлеуметтік қамсыздандыру туралы құқықтық нормалардың мазмұнын анықтайтын қасиетті білдіреді, сол себепті әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерін әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларынан тұратын, құзыретті органдардың жазбаша актілері ретінде сипаттауға болады.
2 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің түрлері
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды болып бөлінеді.
Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары, министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.
3 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздері өз жүйесіне ие, ол әлеуметтік қамсыздандыру құқығының барлық заңдарының біртұтас кешенде орналасу құрамын, өзара байланысын және кезектілігін білдіреді.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерін былайша түрлерге бөлуге болады:
4 Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы, кеңістіктегі және қызметкерлер санаты бойынша күші
Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы күші. Еңбек құқығының қайнар көздері болып табылатын нормативтік құқықтық актілер үшін олардың әрекет ету күшінің басталу және аяқталу уақытын, яғни, олардың уақыттағы шектерін белгілеудің тәжірибелік маңызы зор.