Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2005

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерлік нысандары


Мазмұны
Кіріспе 3
1-тарау. Жеке кәсіпкерлік - кәсіпкерліктің нысаны ретінде 7
1.1 Жеке кәсіпкерліктің түсінігі мен мәні 7
1.2 Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерліктің нысандары 9
2-тарау. Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерлік нысанындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың мәселелері 31
2.1 Жеке кәсіпкердің құқық қабілеттілігің жүзеге асырудың және оны заңнамалық реттеудің өзекті мәселелері 31
2.2 Жеке кәсіпкерлік қызметті тоқтатудың нысандары. Жеке кәсіпкердің банкроттығы 46
Қорытынды 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі 62

Кіріспе
Еліміздің экономикалық жүйесінде мемлекеттік тәуелсіздігімізді алған сәттен басталған түбегейлі өзгерістер әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы құрудың қажеттігін туғызып, мүлдем жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыруды талап етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі - экономикалық тұрғыда дамудағы уақыт талабы еді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» деп аталатын Қазақстанның келешекте гүлденіп дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын анықтаған халыққа арнаған жолдауында біздің еліміздің алдына қоятын басты мақсаты: ұлттық бірлік, әлеуметтік әділдік, барша қазақстандықтардың экономикалық жоғары деңгейдегі ахуалы тән тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құру болып табылатындығын атап өтеді. Қоғамның бірлігі мен ішкі тұрақтылығының маңызды құрамдас бөлігі ретінде болу қажеттігін де баса көрсетеді.

1-тарау. Жеке кәсіпкерлік - кәсіпкерліктің нысаны ретінде
1.1 Жеке кәсіпкерліктің түсінігі мен мәні
«Кәсіпкерлік нысаны (ұйымдық құқықтық нысан)» терминның өзі заң шығарушылық және іскерлік айналымда жақында пайда болды. Өзінің пайда болуымен бүл жаңа экономикалық қатынастарды қалыптастырды. Кеңес дәуіріндегі советтік экономикада мемлекеттік сектордың үстемдік еткені белгілі. Мемлекеттік емес сектордың рөлі тым аз мөлшерде еді. Тіпті, «қайта құру» деп аталған уақытта да жаңа экономикалық қатынастырдың пайда болуы мен дамуы ешқандай нәтиже бермеді.

1.2 Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерліктің нысандары
Жеке кәсіпкерлік немесе заңды тұлға құрмай азаматтардың (жеке тұлға) кәсіпкерлік қызметі кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық құқықтық нысанының бір түрі болып табылады. Жеке кәсіпкерлік нысандарының ерекшелігі: азаматтардың бастамашылық қызметі олардың жеке меншігіне негізделеді және мазмұны жағынан коммерциялық болып табылады. Олар әр қашанда тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) деген сұранысты қанағаттандыру жолымен пайда табуға бағытталады және нақты жеке тұлғаның атынан оның тәуекелдігі мен мүліктік жауапкершілігіне негізделіп жүзеге асырылады. Жеке кәсіпкерліктің субъектілері тек Қазақстан Республикасынаң азаматтары ғана емес, егер халықаралық шарттар мен заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, сонымен бірге шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар да бола алады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерлік нысанындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың мәселелері
2.1 Жеке кәсіпкердің құқық қабілеттілігің жүзеге асырудың және оны заңнамалық реттеудің өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүргізіліп жатқан нарықтық реформалар тауарлар мен қызмет көрсетулердің еркін нарығын құруды кәсіпкерлік қызмет саласын кеңейту мен нығайтуды көздейді. Осы мақсатта тек қана экономикалық тұтқаларды ғана емес, белсенді әрі тиімді нарықтық экономикаға қажетті жағдайларды қалыптастырудың қажетті шарты болып табылатын құқықтық тұтқалар да кең қолданылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағында «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар» екендігі тура атап көрсетілген, яғни Ата Заңымызбен көзделген бүл норма мемлекетіміз кәсіпкерлердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға кепілдік беретінін және олардың қызметін қолдауды қамтамасыз ететінін баян етеді.\1\

2.2 Жеке кәсіпкерлік қызметті тоқтатудың нысандары. Жеке кәсіпкердің банкроттығы
Қазақстан Республикасы заң актілерінде жеке кәсіпкер қызметінің негіздері, тоқтатылу және тоқтата тұру тәртібі көрсетілген. Қазақстан Республикасының 1997-жылғы 19-маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 33-бабына сәйкес жеке кәсіпкердің қызметі ерікті тәртіппен кез-келген уақытта өзіндік кәсіпкерлік жағдайында жеке кәсіпкердің өздігінен қабылдаған шешімінің, бірлескен кәсіпкерлік жағдайында - барлық қатысушылардың бірлесіп қабылдаған шешімінің негізінде тоқтатылады. Бірлескен кәсіпкерлікті тоқтату туралы шешім оның қатысушыларының жартысы жақтап дауыс берсе, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қабылданған болып есептеледі.\9\

Қорытынды
Сонымен, дипломдық жұмысты қорытындылай келе, нарықтық экономикаға көшу процесі біздің қоғамдық өміріміздің барлық салаларын қамтып, оны жаңашыл тұрғыдан зерттеудің қажеттілігін де туындатты деуге болады. Бұл - жеке кәсіпкер мәртебесі, кәсіпкерлік құқық субъектілігі, жеке кәсіпкер банкроттығы, шаруа қожалығы мүшелерінің мәртебесі және кәсіпкерлік қызмет нысандары сияқты азаматтық құқықтың маңызды институттарын толық қозғайды.