Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Психология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Нейропсихологиялық тұрғыдан коррекциялық оқытудың принциптері мен әдістері


Мазмұны
Кіріспе 3
1 бөлім. Нейропсихологиялық тұрғыдан коррекциялық оқытудың принциптері мен әдістері 5
1.1. Коррекциялық оқытудың принциптері мен әдістерінің нейропсихологиялық тұрғыдан қазіргі кездегі қарастырылу жайы 5
1.2 Алалиядағы коррекциялық жұмыстар 8
1.3 Психикалық дамуы шектелгендер (ПДШ) мен тіл дамуы шектелгендердің (ТДШ) коррекциялық жұмыстары 10
2 бөлім. Тілдік бұзылуларды нейропсихологиялық тұрғыдан коррекциалау жұмыстары 14
2.1 Дислексия мен дисграфиядағы коррекциялық оқыту жұмыстары 14
2.2 Тілдік дизатрияны коррекциялау жұмыстары 18
Қорытынды. 23
Пайдаланылған әдебиеттер 24

Кіріспе
Білім беру жүйесінің өзіне тән ұйымдасу ерекшелігіне қарай өзіндік оқыту принциптері мен әдістері болады. Оны айтпас бұрын оқыту әдісі мен принциптеріне біршама тоқталып өтейік.
Оқыту әдісі деген сөздің өзін талдап көрейік. Әдіс - гректің «методос» зерттеу немесе таным жолы, тәсілдер деген сөзінен шыққан. Әдіс - жалпы алғанда мақсатқа жету тәсілі, анықтап айтқанда әрекеттік білдіретін ұғым - бұл оған берілген философиялық анықтама.
Сонда әдіс оқыту барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасу нәтижесінде оқу - тәрбие жұмысының бір мақсатқа жетуін реттеуші тәсілі ретінде көрінеді.
Оқыту әдісі арқылы оқушының оқып білу әрекетін ұйымдастырылады, ол оқытушылардың қолындағы тәсіл ретінде, оқушылардың танымдық қабілетін дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, оқушының ойын дамытып, өз бетінше ізденуіне, жаңа білімді меңгеруіне ықпал жасайды.

1 бөлім. Нейропсихологиялық тұрғыдан коррекциялық оқытудың принциптері мен әдістері
1.1. Коррекциялық оқытудың принциптері мен әдістерінің нейропсихологиялық тұрғыдан қазіргі кездегі қарастырылу жайы
ЖПФ бұзылулары балалармен жүргізілетін жұмысты - коррекциялық (түзету) деп атайды.
Бұл терминде - дефектілік функцияларды қалыптастырып қоюдан басқа, оны (коррекциялау) түзету - арнайы оқыту әдістерін пайдалана отыруға бағыттау да енеді.
Балалар дамуы бұзылғандардағы түзету оқытуының ұзақ тарихы бар. бұл педагогика мен психологияның ерекше саласы ретінде туындады. Оның негізгі міндеттеріне психикалық және психотілдік дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетуде қажетті әдістерді табумен айқындалды.
Бұл неврология, психиатрия, психология, іргелі ғылыми пәндерінде жинақталған білімдер негізінде шешімін тапты. Түзету оқытуының бастауында психология мен дефектология саласының көрнекті ғалымдары тұрды:

1.2 Алалиядағы коррекциялық жұмыстар
Үнемі ата-анасымен қатынаста болған екі жасқа қараған бала тілінің шықпауы қорқынышты сигнал болып есептеледі. Бала дүниеге алғаш келген күннен бастап адам дауысын есітуі тиіс, айтылған сөздерден дауыс ырғағын ажыртып, эмоциясын байқайды. Осындай «алғашқы сабақтан» үміттенген нәтижені көре алмасақ онда балаға арнайы көмек қажет.

2.2 Тілдік дизатрияны коррекциялау жұмыстары
Ең алдымен дизатрия - ол сөйлеу мүшелерінің инервациясының жеткіліксіздігінен болатын сөйлеу тілдегі дыбыстарды айту кемістігін айтамыз. Дизартрия - гректің «артрон» - мүшелеу және бөлшектену дегенді «дис» - бұзылу мағынасын білдіреді.
Сонымен:

Қорытынды.
Коррекциялық оқыту - ЖПО бұзылуы бар балалармен жүргізілетін оқыту түрі. Дефектілік функцияны қалыптастырып қана қоймай оны арнайы оқыту әдістерін пайдалана отырып бағыттап, түзетіп отыру керек. Осы орайда коррекциялық оқыту тарихына, ондағы жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталып өттік.