Қазақстан және тұрақты даму проблемалары
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық проблемалар 4
2. Тұрақты даму концепциясы 8
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11
Кіріспе
«Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр», дейді заманымыздың заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды. Экологиялық дағдарыс жағдайы шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Экология – жер бетіндегі тіршілік атаулының қоршаған ортамен органикалық қарым-қатынасын жан-жақты зерттейтін биология,. Физиология, генетика, медицина, тіпті социология тәрізді көптеген ғылым салаларын біріктіретін, философиялық мәні терең, адамзат болашағы үшін маңызды зор ілім.
1. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық проблемалар
Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар, көбінесе адам іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты проблемалардың бірі — Жер шарындағы халық санының артуы. Нәтижесінде, Жер шарының тұрғындарын азық-түлік, шикізат, жылу энергиясы, киім-кешек және т.б. материалдық игіліктермен қамтамасыз ету үшін қаншама қыруар табиғат ресурстары қажет болып отыр.
2. Тұрақты даму концепциясы
Адамзат өркениеті дамуының материалдық негізі болып табылатын дүниежүзілік шаруашылық коршаған ортаға барған сайын күшті әсер етуде. Жекелеген елдердің коршаған ортаға зиянды ықпалының аукымы, ең алдымен, экономикасының даму деңгейімен анықталады. Соңғы онжылдыктарда дамушы елдердің басым көпшілігі қарқынды даму үстінде, бұл өз кезегінде адамзаттың табиғи ортаға әсерін күшейте түсуде. Қазіргі танда дүние жүзі кауымдастығы коршаған ортаны корғау мөселелерін бірлесе шешу қажеттілігін түсінді деуге болады.
Қорытынды
Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, айналадағы орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Айналдыра ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытпаған жөн.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Жалпы биология, Сартаев А., Гильманов М. Алматы «Мектеп» 2006ж
2. Биология, р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлов, Ж.Шілдебаев Алматы, «Мектеп 2007 жыл
2. Жалпы биология Т.Қасымбаева, К. Мұхаметжанов., Алматы «Мектеп» 2006ж
3. Сүлейменов С.Қ-Қалдықсыз технология экология қызметіне /С.Қ Сүлейменов//-А; 1991.-128б
4. Жорабекова А.С. Экологиялық тәрбие-тұған өлкені сүюге баулу /А.С Жорабекова// Білім-2002.-№3-165 б
5. Таңатарова Қ.С. Экологиялық білім беру негізі /Қ.С Таңатарова// Қазақстан мектебі-2002.-№1-2.-42-44б
6. Қосанов О.С. Экология және адам экологиясы /О.С Қосанов// Қазақстан