Зерттеу нәтижелері
Жоспар
1 Зерттеу нәтижелері 3
1.1 Көгершіндердің таспа құрттары және олардың таралуы 3
1.2 Көгершін аскаридиозы 5
Әдебиеттер 14
1 Зерттеу нәтижелері
1.1 Көгершіндердің таспа құрттары және олардың таралуы
Зерттеуде таспа құртар тек жабайы көк көгершіндерден анықталды және сирек кездесетіні белгілі болды. Анықталған бірінші таспа құрт Aporina delofondi - Cestoda класының Cuclophyllidea отрядына, Anoplocephalidae тұқымдасына, Aporina туыстасына жатады. Европа, Азия, Африка және Америка құрлықтарында мекендейтін көгершінтектес құстар арасында таралғаны белгілі. Оның ішінде жабайы көк көгершіндер мен үй көгершіндерінен де анықталған. Қазақстанның оңтүстік өңірінде мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен К.И. Скрябин [1905-1911] анықтаған. Бұл құрт биогельминт, аралық иесі құрлықта тіршілік ететін бақша ұлуы Linax cinereus-деп жазды.
1.2 Көгершін аскаридиозы
Аскаридиоз - Қазақстанның шығысында көгершіндер арасында ең кең таралған гельминтоз екені анықталды. Инвазия қоздырушысы - Ascaridia columbae жұмыр құрты. Ол көгершінтектес құстардың көптеген түрлерінен, оның ішінде жабайы көк көгершін мен үй көгершіндерінен анықталған. Европада (Франция, Германия, Италия, Испания, Россия), Солтүстік Америкада (Америка Құрама Штаттары), Оңтүстік Америкада (Бразилия), Азияда (Индия), Африкада (Дагомея) мекендейтін көгершінтектес құстар арасында таралған.
К.И. Скрябин 1905 - 1911 жылдары Қазақстанның оңтүстік өңірінде мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен анықтаған.