Тұран Әлем Банкі ААҚ-ның қаржылық сенімділігін бағалаудың ақпараттық жүйесін жобалау
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 5
1. КОММЕРЦИАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН НЕГІЗДЕУ 7
1.1. Қаржылық тұрақтылықты талдаудың мәні мен мәселелері 7
1.2. «Тұран әлем банкі» ашық акционерлік қоғамы қызметіне сипаттама 9
1.2.1. Ұйымның есептік саясаты 9
1.3. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау 13
1.3.1. Ұйымның мүлкін талдау 13
1.3.2. Ұйымның қаржылық ресурстарын талдау 17
1.3.3. Ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын бағалау 20
1.4. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін талдау 23
1.4.1. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін талдаудың әдістемесі 23
1.4.2. Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторларды талдау 28
1.5. Қаржылық тұрақтылық ұйымның қаржылық күйінің бейнесі 32
1.5.1. Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы 32
1.6. Концептуалды сызба 40
2. «ТҰРАН ӘЛЕМ БАНКІ» ААҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ 42
2.1. Ақпараттық база 42
2.2. Есептерді орнату 45
2.2.1. Кіріс ақпарат 46
2.2.2. Шығыс ақпараттар 47
2.3. Бағдарламалық жабдықтау 50
2.3.1. Бағдарламалық жабдықтау құрылымы 53
3. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНАТЫН АУДАНДАР 56
3.1. Ақпараттық жүйені жасауға кеткен шығындарды бағалау 56
3.2. ÀҚПАРАТТЫҚ ӨНІМНІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН САРАПТАУ ЖӘНЕ СИПАТТАУ 62
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстанның банктік жүйесі ТМД елдерінің арасындағы ең күшті жүйеге ие. Көптеген талдампаздардың айтуынша даму бойынша Ресей банк саласынан алдыңғы орында.
Қазақстанның банктік секторы өзінің тұрақтылығымен, екінші деңгейдегі банктердің сенімділігімен ерекше көзге түседі.
Банк жұмысында ең үлкен рольді ақпарат құрайды. Дұрыс және толық ақпараттың мәні ішкі пайдаланушыларға және сыртқы, яғни тапсыпырыс берушілер үшін маңыздылығы өте жоғары. Дұрыс ақпарат көмегімен банк проблемасын көруге және оның пайда болуына баламалы әсер етуіне септігін тигізеді. Сондықтан талданатын ақпарат дұрыс және толық болуы қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикалық ақпараттық негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысуы болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттық қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «ҚР-ның ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
1. КОММЕРЦИАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН НЕГІЗДЕУ
1.1. Қаржылық тұрақтылықты талдаудың мәні мен мәселелері
Қазіргі заман жағдайларында ұйымның нақты қаржылық жағдайын дұрыс анықтау шаруашылық субъектілерінің өздеріне ғана емес, сондай-ақ көптеген акционерлер, әсіресе – болашақ потенциалдық инвесторлар үшін орасан зор мәнге ие. Әсіресе бүгін мемлекеттік емес көздерден ірі инвестициялар қажет. Алайда, іскерліктің дамуына еркін қаражат қосқысы келетін және қоса алатындар, ұйымдардың сенімділігі, қаржылық тұрақтылығына сенімді болуы керек, шынымен де олардың дамуы нақты табыс әкелетініне көзі жетуі қажет. Сондықтан да бүгінгі таңда ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдай білу мен инфляция жағдайларын ескере отырып, олардың қаржылық жағдайларының өзгеруіне негізді болжамдар жасай білу аса маңызды.
Ұйымның қаржылық жағдайы – бұл капиталдық айналым процесінде оның жағдайын және шаруашылық субъектісінің белгілі уақыт кезінде өздігінен дамуға қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория.
Жабдықтаушы, өндірістік, өтімдік және қаржылық қызметінің барысында капитал айналымының үздіксіз процесі жүреді, қаражат құрылымы мен оларды қалыптастыру көздері, қаржылық ресурстардың қолда бары мен қажеттілігі және соның салдарынан ұйымның қаржылық жағдайы, оның сыртқы көрінісі ретінде төлем қабілеттігі өзгереді.
1.2. «Тұран әлем банкі» ашық акционерлік қоғамы қызметіне сипаттама
1.2.1. Ұйымның есептік саясаты
Бухгалтерлік есептіліктің стандартында есептік саясат - бухгалтерлік есептілікті және қаржылық есепті, олардың принциптері мен негіздеріне сәйкес жүргізу мен ашу үшін субъект басшысы қабылдайтын әдістердің бірлігі ретінде түсіндіріледі. Есептік саясаттың мәселелері - ұйымның бухгалтерлік есебін шынайы жүргізілуін қамтамасыз ететін әдістерді әзірлеу; банктің шаруашылық-қаржылық іс-әрекеті туралы толық және шынайы ақпараттың берілуін қамтамасыз ету; мүдделі пайдаланушылардың осы ақпаратпен қамтамасыз ету; ішкі бақылау жүйесін әзірлеу болып табылады.
«Тұран Әлем Банкі» ААҚ-ның есептік саясаты Директорлар кеңесімен бекітіледі. Есептік саясатты қалыптастыру банк іс-әрекетінің ерекшеліктері есебімен әлемдік шеңберде Қазақстандық есеп стандарттары негізінде құрылады. «Тұран Әлем Банкі»ААҚ-ның есептік саясаты есептіліктің мынадай негізгі принциптері мен есептеудің сапалы сипаттары қаржылық есептілікті түсінікті, маңызды, шынайы, бейтарап, байқағыш, салыстырмалы, шынайы берілуі арқылы көрінеді.
Қаржылық есептер қаржылық мәліметтерді олардың экономикалық сипаттарына сәйкес көлемді кластарға топтастыра отырып банк операцияларының қаржы нәтижелерін көрсетеді. Бұл көлемді кластар қаржылық есептіліктің элементтері деп аталады. Қаржы жағдайын бағалаумен тікелей байланысты элементтер – ол активтер, міндеттемелер және жеке капитал болып табылады. Кіріс пен шығыс туралы есептегі көрсеткіштерді өлшеумен байланысты элементтер - кіріс пен шығыс болып табылады.
1.3. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
1.3.1. Ұйымның мүлкін талдау
Ұйымның экономикалық потенциалын бағалауға кәсіпорын қызметінің ауқымдылығы мен сенімділік деңгейін сипаттайтын активтер құны кіреді, кәсіпорынның қаржылық жағдайының индикаторларын есептеу үшін база қызметін атқарады.
Баланс активтерінің құрам динамикасы мен құрылымын талдау кәсіпорын мүлкінің барлығының және оның жекелеген түрлерінің абсолюттік және салыстырмалы өсуінің немесе азаюының мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Активтің өсуі (азаюы) кәсіпорын қызметінің кеңею (қысылуы) туралы куәландырады. Қаржылық есептіліктің ең маңызды элементі болып табылатын активтерді талдау кезінде, олардың бары, құрамы, құрылымы және онда болған өзгертулер зерттеледі. Жалпы алғанда активтер құрылымының және оның жекелеген топтарының талдануы олардың тиімді орналасуы туралы ой қалыптастыруға мүмкіндік береді. Активтердің ұлғаюы кәсіпорын жұмысын жақсы сипаттайды, себебі оның әрі қарайғы дамуын растайды.
1.3.3. Ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын бағалау
Кәсіпорындардың қаржылық жағдайы қысқа мерзімді перспектива позициясынан алғанда контрагенттер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша уақытылы және нақты көлемде есептеулер жүргізе алатындығын жалпы түрде сипаттайтын өтімділік пен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерімен бағаланады. Өтімділік пен төлем қабілеттілігінің мәнін ашайық. Өтімділік - ұйымдастырушы активтердің міндеттемелерін өтеу деңгейі ретінде айқындалады, олардың ақшаға айналу мерзімі міндеттемелерді өтеу мерзіміне сәйкеседі. Мұндай айналыс қаншалықты тез жүргізілсе, соншалықты ұйымның төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігі соған тәуелді болады. Өтімділік көрсеткіштері ұйымда өтімділік немесе аса өтімділік мәселелерінің бар-жоқтығын көрсетеді және басшылар, акционерлер мен кредиторлар үшін маңызды, себебі өтімділік коэффициенттері ұйымдардың өздерінің міндеттемелерін өтеу мүмкіндігін көрсетеді.
1.4. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін талдау
1.4.1. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін талдаудың әдістемесі
Экономикалық талдау әдісі – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, статистикалық, есептік және басқа әдістерін қолдана отырып ұйым қызметін кешенді, өзара байланысты зерттеу болып табылады. Мұндай талдау әдістерінің айрықша ерекшеліктері:
а) ұйымның қызметін жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін пайдалану;
б) бұл көрсеткіштердің факторлары мен себептерінің өзгеруі;
в) олардың арасындағы өзара байланысты анықтау мен өлшеу.
Талдауда жедел бухгалтерлік есеп пен бақылау барысында қалыптасатын көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Жетіспейтін көрсеткіштердің бөлігі зерттеу барысында есептеледі. Экономикалық құбылыстар мен процестердің себепті байланыспен шектелуі, талдаудан көрсеткіштердің өзгеруін тудыратын факторлардың зерттелуін талап етеді. Талдау арқылы ұйым қызметінің нәтижелеріне әсер ететін ең маңызды факторлық көрсеткіштер белгіленеді. Ұйым қызметінің ақпаратын экономикалық талдау жүйесіне жүйелік банк және математикалық моделдер жүйесі кіреді.
1.4.2. Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторларды талдау
Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторларды талдау кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайы туралы айтуға болатын көрсеткіштер тізбегінің құрылуын талап етеді. Бұл көрсеткіштер олардың саны көп емес және әрқашанда түснікті болатындай етіп таңдалады.
Ұйымның қаржылық жағдайын, оның тұрақтылығын бағалау үшін:
1.5. Қаржылық тұрақтылық ұйымның қаржылық күйінің бейнесі
1.5.1. Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы
«Тұран Әлем Банкі» нарықта банктік қызметтердің іс-қимылын реттеуші ретінде, 1994 жылы қарашада ашық акционерлік қоғам түрінде құрылған. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің №75 берілген лицензиясына сәйкес банктік операциялар теңге мен шетел валюталар арқылы жүзеге асырылады.
31.08.95 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының банктері мен банктік іс-әрекеттері» туралы Қазақстан Республикасының күшіне енген заңына сәйкес №2444 Ашық акционерлік қоғам «Тұран Әлем Банкі», шетелдік қатынаста болатын банктер қатарына жатады.
2. «ТҰРАН ӘЛЕМ БАНКІ» ААҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ
2.1. Ақпараттық база
Ақпарат базасы – бұл АЖ-ні жұмыс істетуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі. Ақпарат базасы машинадан тыс ақпарат базасы және машинада ішіндегі ақпарат базасы бөлімдерінен тұрады.
Машинадан тыс ақпарат базасы – АЖ-ні жұмыс істетуде қолданылатын құжаттар мен белгілердің (сигналдардың), мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпарат базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, мөлшерлік – анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бір мәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал мөлшерлік – анықтама құжаттар (МАҚ) – шартты - тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әр түрлі тәртіптегіш мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.
Жедел ақпарат дегеніміз – ол объектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
2.2.1. Кіріс ақпарат
Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.
2.2.2. Шығыс ақпараттар
Шығыс ақпараты – бұл берілетін басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне құжаттар, бейнелеулер, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.
19-кесте
Шығыс құжаттарының тізімі
2.3. Бағдарламалық жабдықтау
Бағдарламалық жабдықтау дегеніміз - бағдарламалардың жиынтығы. ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету программалар кешенін ұсынады, яғни мәліметтерді өңдеу процедурасын қамтамасыз ету – бағдарламалау, салық есебін басқару, есептерді шығару және мәліметтерді өңдеу жүйесін жобалау болып табылады. Бағдарламалық қамтамасыз ету арнайы және жалпы жүйелік болып бөлінеді.
Бағдарламалық қамтамасыз ету құрамына әмбебап құралдар, пакеттер және бағдарламалар кіреді, бұлар бөлек проблемалар облысына бейімделген. Бұл жерде 3 негізгі программалық құралдар класын ерекшелеуге болады:
ҚОРЫТЫНДЫ
Банктің қаржылық сенімділігін анықтаудың анықтаудың экономикалық ақпарат жүйесінің бұрынғы функционалдық мүмкіндіктері талданған және жаңа ЭАЖ-н құру керек екендігіне көз жетті.
ААҚ «Тұран Әлем Банкі» өтімділік бөлімінің қызметіне талдау жасалған. ЭАЖ әзірлегенде OЖ Windows XP және Delphi программалық саланы пайдалануға негізделген. Программалық, математикалық, ақпараттық, лингвистикалық, ұйымдық жабдықтауға негізгі талаптар бірітірілген.
ЭАЖ алдына қойылған талаптарға негізделіп, мәліметтер базасын қоса функционалдық программалық жабдықтау дайындалды.
Бірітірілген программа Delphi-ді пайдалану стандартты объектілерін қолданып, программаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пайда болған нәтиже тез арада монитор терезесіне шығады. Осы арқылы уақытты үнемдеуге қол жеткіздік.
Дипломдық жұмыс өңделген, автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ұсынады, бұл банктық қызметтердің нарығында бәсеке қабілеттілігінің жоғарлауы негізгі қызмет болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана. - Казахстанская Правда, 11 октября 1997 года.
2. Конституция Республики Казахстан.- Алматы.-1995.
3. Мақышев С.Б. ''Комерциялық банктер операциялары'', Алматы: ФиС, 1996. – 5,3 б.б.
4. Лаврушина О.И. ''Банковские операции'', М.: Инфор М, Банковское дело, часть I, 1995.
5. Ширинская Е.Б. ''Операции комерческих банков'', М.: Финансы и Статистика, 1995.
6. Усоскин В.М. ''Современный коммерческий банк'', М.: Возраждение, 1994.
7. Қадырбаев А.Г. ''Финансовые услуги коммерческих банков РК(Регион. аспекты)'', Алматы: Банковская деятельность, 2003.
8. Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С. Гагарина Н.Л. ''Бизнестегі ақпарат жүйелері'', Алматы: Ротапринт КазГАУ, 1994. – 6,6 б.б.
9. Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С. Гагарина Н.Л. ''Экономикадағы ақпарат жүйелері'', Алматы: НҰР, 2001. – 6. б.б.
10. Бралиева Н.Б., Байбөлекова Л.А., Балашов Қ.Т. ''Ақпараттық менеджмент негізі''.- Алматы: Экономика, 2001.- 5,8 б.б.