Сұраныс және сұранысқа әсер ететін факторлар
Жоспар
Кіріспе 3
1 Сұраныс және сұранысқа әсер ететін факторлар 6
1.1 Сұраныс және сұранысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы 6
1.2 Ұсыныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс заңы. 9
Қорытынды 14
Әдебиеттер тізімі 16
Кіріспе
Рынок механизмінің қызмет етуінің негізі «сұраныс» пен «ұсыныс» болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар іс-әрекеті болып табылады. Рыноктық экономиканың ерекшелігі де сол, онда сұраныс бірінші орында тұрады, ал ұсыныстың қызметі сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұтымдылығымен артық көруіне сүйену және өзінің табысы мен бағаға сүйенуі арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды іске асырса ол тұтынушы өзінің қажетін ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелінеді.
1 Сұраныс және сұранысқа әсер ететін факторлар
1.1 Сұраныс және сұранысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс заңы
Сұраныс - бұл нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін қажеттіліктердің көріну формасы. Ал, басқаша айтқанда, сұраным төлем қабілеті бар қажеттілік. Құн тұрғысында сұраным қажетті тауардың бағасының соммасы.
Тауардың нарықтық бағасы мен сұраным мөлшерінің арасында барлық уақытта да белгілі бір арақатынас болады. Оны график түрінде - сұраным қисығының сызығы деп атайды.
1.2 Ұсыныс және ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс заңы.
Ұсыным - бұл нарықта тұрған немесе соған жетуге болатын, белгілі бір бағасы бар тауарлар жиынтығы.
Ұсыным, өндірілген тауарлардың ассортименті ( әр алуан жиынтығы) және олардың бағалары арқылы сұранымды құрайды; өз кезегінде сұраным, тауар ұсынымының көлемі мен құрылымы мен белгілейді, себебі тек қана тұтыну мен танылатын тауар ғана қайта өндіріле алады.
Қорытынды
Жоғарыда айтқандарға қорытынды жасасақ, тауар шаруашылығы жағдайында рынок қоғамдық өндірістің реттеушісі болады. Рынок арқылы тауарлар өндірісінің құрылымының қоғамдық қажеттіліктер құрылымы мен көлеміне өз бетінше бейімделуі, өндіріс факторларын әр түрлі салалардың арасында бөлу жүзеге асады, яғни қанша өндіру керек екені шешіледі.
Әдебиеттер тізімі
1. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
2. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. ІІ. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
3. Гальперин В.М., Игнатев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика. Т.2. – СПб. – 1998 г.
4. Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург – 2001г.
5. Әубәкіров Я. Ә. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университеті.