Валюта жүйесі және валюталық қатынастар түсінігі
Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелеріне өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, ел арасындағы күштердің ара қатынасына тәуелді. Халықаралық шаруашылық байланыстардың даму шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы, ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда белгілі бір қоғамдық экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Тарихта мынандай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан:
Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы ерекше категория.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғы шарттар:
Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады.