Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның негізгі бағыты болып өзінің жеке өнімін өндіру және оны өзінің сатып алушыларына және ұйымдарына өткізу табылады.
Жеке өнім деп қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның асханасында немесе өндірістік цехында шикізаттарды жылытып немесе салқындатып қайта өндеу жолымен өндірілген дайын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар түсініледі. Жеке өндірістегі өніммен қатар қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындағы кейбір сатып алынған тауарларды да өткізеді. Ережелерге сәйкес қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындағы тұтынушыға көрнекті және қолайлы нысанда көрсетілетін қызметтері туралы қажетті және дұрыс ақпарат беріп отыруға міндетті. Бүл ақпарат мыналардан тұруы тиіс:
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп қызметі екі бағыт бойынша бейнелеуге арналған, бір жағынан бұл өндіріс процесстері, ал екінші жағынан, сауда процесстері. Қоғамдық тамақтандыру ерекшеліктері болып өндірістік процеспен өнімді өткізу процесінің тығыз байланыстылығы табылады.
Өндірістік процесс маңызды этаптарының бірі болып табылады, ол процесте өнім дайындалады (тағамдар, бұйымдар және жартылай фабрикаттар, мұның бәрі өндірістік - қызмет нәтижелерінде шығарылады), ол ереже бойынша арнайы жабдықталған және дайындалған жерлерде жүзеге асырылады ( өндіріс немесе асхана).
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындағы бағаның қалыптасуы.
Баға — бүл кәсіпорын табыстылығын қамтамасыз ететін рентабельділіктің белгілі пайызынан және шығарылатын өнімнің өзіндік құнынан тұратын тауардың, жұмыстың немесе қызмет құнының ақшалай бейнеленуі.
Баға бірнеше түрлерге бөлінеді: