Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 51 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы 6
1.1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде 6
1.2. Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы 8
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары 14
II. Коммерциялық банктердің оның ішіндегі «ТұранӘлемБанк» АҚ – ның қызметтері мен операциялары 23
2.1. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау 23
2.2. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның активті және пассивті операцияларын
талдау 26
2.3. «БанкТуранӘлем» банкінің банктік қызметтердің әлсіз және күшті жақтарын бағалау 35
III. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 40
3.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары 40
3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру 44
ҚОРЫТЫНДЫ 49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп,барлық тақырыпшаларға жеке – жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары – біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:
- Коммерциялық банктің мәнін ашу;
- Коммерциялық банктердің фукнцияларын талдау;
- Банктің активті және пассивті операцияларын қарастыру;
- Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;
- Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
1.1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған сондықтан «коммерциялық банк» деген атауға ие болды. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономикалық өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсету олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.

1.2. Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.

Штабтық бөлімдер – желілік бөлімдерге қызмет көрсетумен айналысады. Яғни, инфрақұрылымдық оның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Бұл жоспарлау, кадрлар, заң, статистикалық бөлімдер.Банктің ұйымдастырушылық құрылымын, банк басқармасы және басқару бөлімдері құрайды, олар банк операцияларының жіктелуін есепке алады, сәйкестендіре отыра олардың функционалдық белгісі бойынша қалыптастырады. Коммерциялық банктер шаруашылық есепті ұйымдастыру, пайдалылық, өтімділік қызметтердің сан алуан түрлерін орындауына үлкен көңіл бөледі. Бұл үшін тиісті құрылымдық бөлімшелер құрылады.

1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздарға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

II. Коммерциялық банктердің оның ішіндегі «ТұранӘлемБанк» АҚ – ның қызметтері мен операциялары
2.1. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау
“ТұранӘлем” банкінің тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары – бұл сіздің проблемаларыңызды шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын несиеге алу, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және – өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім қабылданады. “ТұранӘлем” банкінің тұтынушылық несиелері – бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы ұсыныс.
Қызмет көрсетудің артықшылықтары:

Осы стратегияны жүзеге асыру үшін банк мыналарға жұмылдырылмақ:
• Банктік қызметтерді кеңейту.
Сондай-ақ, банк өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуге көңіл бөледі. Банк өзінің корпоративтік клиенттік базасын кеңейте және несие (ссуда) қоржынының сапасын жақсарта бермек.
• Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту.
Банк операциялық тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен жақсартуға жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді жалғастыра бермек.
Талдау банк қызметін толық бағалау үшін жасалынады. Талдаудың материалдары банктің дамуында артықшылықтар мен кемшіліктерді, жоғалтуларды, пайдаланбаған резервтерді, жоспарлауда кемшіліктерді табуға көмектеседі. Банктің жарғылық қызметі ортақ ақша өлшеуіште көрсетіледі және негізгі және айналымдағы құралдар, тартылған құралдар, банктің жарғылық қызметті орындағанда пайда болатын процестер және қаржылық нәтижелер болып табылады.

2.3. «БанкТуранӘлем» банкінің банктік қызметтердің әлсіз және күшті жақтарын бағалау
Қазақстан экономикасының нақты секторының дамуымен және тұрақтылығымен байланысты банк тауарлар мен қызметтерді несиелеу сферасын айтарлықтай кеңейтті. Банктің тұтынушылық несиелеу процесі жылжымайтын мүлікті, автокөлікті, оқуды, емдеуді, салтанатты өткізуді, күрделі жұмысты, демалысты несиелеу бағдарламасымен көрсетілген.
Жеке тұлғаларды несиелеудің жалпы жағдайлары. Несие Қазақстан Республикасының резиденттері мен бей резиденттеріне беріледі:

III. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары
3.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары
Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік рыногын жандандыру үшін “Самұрық – Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есбінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады.

3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру
Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның банктік нарығы жетілмеген бәсеке нарығы болып табылады. Бұнда тауардың дифференциациясы маңызды орын алады, яғни сапаны жақсарту, атақты ұлғайту арқылы банктің банктік өнімінің бөлінуі.
Бұндай жағдайларда банктер жарнаманың әр түрлі әдістері арқылы өзінің атағын күшейтуге және қоғаммен байланыс бойынша қандай да бір шаралар арқылы өзінің репутациясын жақсартуға ұмтылады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы: ИздатМаркет, 2004ж.
4. Банковское дело Под ред. О.И. Лаврушина. Москва "Финансы и статистика " 1998.
5. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары», Алматы,2000
6. Н. Назарбаев Қазақстан-2030: Ел Президенттінің Қазақстан халқына Жолдауы, Алматы – 1998 ж..
7. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.
8. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория», Алматы -2002 ж.
9. Кушербаев Б.П. «Банктер және несие алушылар қарым – қатынастарын реттеу», Қарағанды, 2002 ж.
10. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметі туралы// Банки Казахстана-2006, №3
11. Банки Казахстана. №12, 1. -2003Банки Казахстана №1 «Отекущей ситуации на финансовом рынке» 2005ж. стр.2
12. Банки Казахстан №8,2005ж. « Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жай-күйі туралы» бет.2.
13. Банки Казахстана. №1, 11. -2004
14. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы- 2006
Газеттер:
1. Егемен Қазақстан. Астана: 16.05.2004.-8 бет.
2. Егемен Қазақстан. Астана: 4.03.2006.-3 бет
3. Егемен Қазақстан. Астана: 29.11.2008 ж.
4. Егемен Қазақстан. Астана: 19. 11. 2008 ж.