Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 87 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Заң терминдері. Қазақ терминологиясы


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Терминология және оның зерттелуі мен дамуы 9
1.1 Қазақ терминологиясының қалыптасу және даму жолдары. Заң терминдерінің зерттелу жағы 9
2 Заң терминдерінің қалыптасу және даму жолдары 28
2.1 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тіліндегі заңдық, құқықтық ұғымдарды білдіретін атаулар 28
2.2 Заң терминдерінің Кеңес өкіметі кезіндегі жай-күйі 55
2.3 Заң терминдерінің жасалу (шығу) көздері немесе шығу тегі 59
3 Заң терминдерінің лексика - грамматикалық табиғаты 66
3.1 Лексикалық табиғаты 66
3.2 Грамматикалық табиғаты 79
3.3 Заң терминдеріндегі жаңа атаулар 81
Қорытынды 84
Пайдаланылған әдебиеттер 87

Кіріспе
Өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде өркениетке қадам басқан Қазақстан Республикасы бұл күндері ана тілімізге, оның тағдырына ерекше көңіл бөлуде. Әсіресе, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің қоғамдық қызметін жандандыру, қалыптастыру басты мәселеге айналды.
Осы орайда оның негізі туралы академик Әбдуәли Қайдаровтың «Ең алдымен оның тірек болар үш тағаны – жазу-сызуы (ұрпақ арасын жалғастырыр алтын көпірі), ономастика (жер бетіндегі ескерткіші), терминологиясы (оның баю, жаңару көзі) берік емес екендігін мойындау қажет.» /1.3/ деген пікірі орынды айтылған.
Еліміздегі қарқынды қоғамдық әлеуметтік өмір туғызып отырған күнделікті қызметтегі қолданыстың қажеттілігін мынадан көруге болады: Бұрын термин жасау жұмысымен тек лексикографтар мен лексикологтар, шет ел тілдерінің мамандары аудармашылар айналысса, қазіргі ғылым мен техника заманында - логигтар мен математиктер, физиктер, медицина қызметкерлері, ауылшаруашылығы ғылымының өкілдері және басқа сала ғылымдары да жүйелі түрде шұғылдана бастады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Қазақ тіліндегі терминдік ұғымдарды, оның ішінде заң терминдерінің ерекшеліктерін, олардың көпшілікке беймәлім жақтарын анықтап, топтастырып, ғылыми айналымға қосу мәселесіне назар аударды. Осыған сай төмендегі мәселелерге назар аудардық. Осыған сай төмендегі мынандай мәселелерді шешуге ұмытылысы жасалды:
- зерттеу жұмысының теориялық әрі практикалық негізін анықтау;
- заң терминдерінің қазақ тілінде бұрын қалыптасқан түрлеріне тарихи шолу жасау;
- заң терминдерінің лексикалық құрамын сипаттау;
- заң терминдерінің құрылымы мен лексика-грамматикалық ерекшелігіне сипаттама беру;
- заңда қолданылатын терминдерге семантикалық талдау;
- терминдердің арақатынасын, грамматикалық бағытын анықтау;
- құқықтық терминдерді дұрыс пайдалану, оны жетілдіру бағыттары мен жолдарын анықтау.
Зерттеудің әдістері мен материалдары. Зерттеу жұмысында баяндау, салыстыру, этимологиялық талдау, жүйелеу сияқты әдістер қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

1 Терминология және оның зерттелуі мен дамуы
1.1 Қазақ терминологиясының қалыптасу және даму жолдары. Заң терминдерінің зерттелу жағы
«Термин» - латын тілінен алынған сөз. Бастапқы мәні «шекаралық белгі», «шекара», «шек» ұғымдарын білдірген. Бұл күнде осы сөз арқылы ғылым мен техника, саясат, дипломатия салаларындағы ұғымдардың атауы болып табылатын сөздердің жиынтығы деген мағынаға ие болған. /2.85-96/
Белгілі тіл маманы А.А.Реформатский термин мен терминология ұғымының теориялық мәнін ашуға тырысады. Ол - термин, ұғым, сөз түсініктерінің өзара байланысы жөніндегі пікірлерді салыстыра келіп, екі бағытқа тоқталады: яғни – терминді белгілі бір затпен байланысты қарайтындар, екіншісі – терминді ұғыммен байланысты қарайтындар. А.А.Реформатскийдің байқауынша, терминді ұғыммен байланысты қарайтындардың бағытының кең етек алып, дамып келе жатқандығын, яғни оның ғылымда анығырақ байқалатындығын көруге болады. Осы кезге дейінгі термин мен терминологияға берілген анықтамалардың кемшілігін атап көрсетеді.
А.А.Реформатский терминнің басты белгілеріне тоқталады:

2 Заң терминдерінің қалыптасу және даму жолдары
2.1 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тіліндегі заңдық, құқықтық ұғымдарды білдіретін атаулар
Терминдік даралық сипат алған сөздер мен сөз тәіркестері бейнелей айтқанда тарихи кезеңдер мөріндей боп табылған тілдік фактілер» екені дау туғызбайтын шындық. Қазақ тіліндегі заң терминдерінің қалыптасуы мен даму тарихын айқындау мақсатымен жүргізілген жұмыс үстінде біздің де осы қағиданың дұрыстығына көзіміз жетті.
Осы кезде қолданылмай жүрген, бұрын қолданылған әртүрлі праволық ұғымдар атауынан тарихтың ізін, әрекездегі әлеуметтік жағдайды байқаймыз,и праволық ұғымдарды таңдаудағы адам ойының эволюциясын көреміз. Бірер ғана мысал: бір кезде жәбір-жапа шеккен, шағым айтушы адамды «даугер» десе, бұл күнде «жәбірленуші» дейді. Сондай-ақ, праволық істі жүргізушілерді «би», «қазы»,»сот»деп әр кезде әрқалай атағаны да белгілі тарихи-әлеуметтік кезеңінің ізі іспеттес.

2.2 Заң терминдерінің Кеңес өкіметі кезіндегі жай-күйі
Қазақ терминологиясының басқа саласы сияқты заң терминдерінің де ерекше қарқынмен қалыптасып дамуына Қазан революциясынан кейінгі кездерде болды. Оның себебі осы уақыттағы ел өмірінде болған әр түрлі саяси әлеуметтік оқиғалар мен ірі-ірі тарихи жағдайлардан енді. Бұл жылдары жаңа типтегі бастауыш, орта, жоғарғы оқу орындары ашылды, территориялық және әкімгершілік орталықтар, ғылыми мекемелер құрылып, мәдени ошақтар жұмыс істей бастады. Әртүрлі құқық қорғау орындары жаңа саясаттың негізінде іс жүзгізуге кірісті. Ол үшін жаңа заңдар қабылданды. Осы заңдар енді ғана құрылған үкіметтің экономикалық қоғамдық, мемлекеттік құрылымдары мен жеке қоғам мүшелерінің құқығы қорғалуға тиісті болғандықтан бұрынғы патшалық Ресей заңдарының көпшілігі іске аспай қалды. Жаңа заңдар жинағында жаңа ұғымдарды білдіретін атаулар қажет болды. Бұл жағдай жаңа терминдермен баюына тікелей ықпал етті.

2.3 Заң терминдерінің жасалу (шығу) көздері немесе шығу тегі
Ө.Айтбаев өзінің «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы» деген монографиясында ұлттық тіліміздің терминдік лексикасының кезеңдеріне тоқтап, былай дейді: «Қазақ терминологиясының жасалуына ең басты екі арна , екі көз себеп болды: оның бірі – ұлттық тіліміздің өз сөз байлығы (ішкі мүмкіншілігі) де, екіншісі – әрқилы тілдік амалдар қолдану нәтижесінде қабылданған кірме сөздер. Бұларды іштей жіктеп, бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады».

3 Заң терминдерінің лексика - грамматикалық табиғаты
3.1 Лексикалық табиғаты
Заң терминдерінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері туралы оған қатыстың бір қатар мәселелерді талдау жасау арқылы белгілі бір қорытынды жасауға болады. Олардың ең негізгілері мыналар: осы топқа кіретін атаулардың затқа , құбылысқа және солар туралы терминдік ұғымға қатысын ашып, осы негізде жіктеу (классификациялау); заң терминдерінің жалпыхалықтық лексикадан алатын орны, осы негізде мағыналық жағынан толығу не болмаса тарылу; заңдық ұғымды білдіретін ұғымды сөздердің басқа салалық терминдерге қатысты (ұқсастығы мен ерекшелігі); көп мағыналық омонимділік, синонимділік, антонимділік қасиеттер, олардың заң терминіне қатысы; образдылық ауыспалы мағыналылық сияқты лексикалық мағыналардың заңды ұғымды білдіруге қатысы т.б.

3.2 Грамматикалық табиғаты
Қазіргі заң терминдерінің негізгі үш түрлі жолмен жасалғандығын көруге болады. а) күнделікті қолданылып жүрген заң терминдерінің күрделенуі, яғни ұғымның сөз тіркестері мен күрделі сөз, үйірлі мүшелерімен берілуі; ә) бұрын қолданылған сөздердің мағыналық өзгерістері арқылы; б) басқа тілден енген термин сөздер арқылы. Екі немесе одан да көп сөздерден құралған терминдер бірнеше мағыналық байланыста болады:

3.3 Заң терминдеріндегі жаңа атаулар
Тіл – өмірмен өзектес жанды құбылыс. Сондықтан оның сөздік құрамы әрдайым өзгеріп, толығып дамып отырады. Әр дәуір, әр халық өзіне қажетті жаңалықтарды туғызса, сол жаңа зат, құбылыс, ұғым, іс-әрекеттердің өз атаулары пайда болады. Қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік, мәдени өміріміз бен ғылыми – техникалық дүниемізге қаншама жаңалықтар еніп отыр. Осыған орай қаншама осы атаулар – жеке сөздер мен сөз тіркестері пайда болып жатыр.
Әлеуметтік, шаруашылық, мәдени өмірімізге, халықаралық жағдайда пайда болып жатқан жаңа ұғымдар көптеген неологизм сөздерді дүниеге келтіріп отыр. Мысалы: парламент, палата, егемендік, әділет министрлігі, заңгер, бап, құқық, жоғарғы палата – сенат, төменгі палата – мәжіліс, жоғарғы сот, жергілікті сот, әскери алқа, алқаның төрағасы, құжат, үлестік, міндеткерлік, қарыздар жақ, лауазымды тұлға, лауазымдық қылмыстар, халықаралық құқық, құқықтық қағидалар, тәуелсіздік, өркениетті ел, халық жасақшылары, нарықтық кезең, жедел алдын-алу, операциясы, басқарудың президенттік нысаны, біртұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөліну қағидаттары, өмір сүру құқығы, мердігерлік шарт, өкілдердің өкілеттілігі, толық серіктестік, айғақ, тараптар, жалған көрсетім, көтерме ақы, мемлекеттік ақы, мемлекеттік тіл, меншік, құқық т.б
Міне, осындай жаңа қолданыстар тек жаңа ұғымдарды білдіру үшін ған емес, бұрыннан келе жатқан зат, бұйым, құбылыстарды дәлірер, дұрысырақ етіп қайта етіп қайта атау үшін де туып жатады.

Қорытынды
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге орай тіліміздегі терминдер - бүгінгі нарықтық өтпелі кезеңге орай едәуір өзгерістерге ұшырап, қайта зерттеліп жатқан маңызды мәселе. Тіл білімінің басқа даму салалары сияқты терминология саласы өзінің даму сатыларынан өтті.